2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары
50
діреді. «Советский энциклопедический словарь» оны былай
көрсетеді:
1. ой
толғау,
өзіндік бақылау,
өзін-өзі тану;
2. философияда – адамның өзінің жеке әрекеттері мен
олардың заңдылығын ұғынуға бағытталған теоретика-
лық қызметінің түрі. Ал Ожегов және Шведовтың «Толко-
вый словарьі» аталған ұғымды өзін-өзі талдау, өзінің ішкі
жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Рефлексиялық қыз-
мет – тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ойланудың ішкі
үдерісі.
Рефлексия арқылы шығармашылық мысалдарды шешуге
болады. Ол өзіне міндетті түрде елестету, оның ішінде
қиялдауды да көздейді. Рефлексия логикалық ойлауды,
салыстыру, тұтас пен бөліктерді бөлу, нақтыны ажырата
білуін талап етеді. Рефлексияның құрылымдық бөлігі
дерексіздендіру болып табылады. Сондай-ақ, әрине,
рефлексияның негізінде ішкі түйсік, білім және тұлғаның
тәжірибесі жатады. Білім мен тәжірибесіз рефлексия
толық емес, ол болса ешқашан төменгі деңгейден жоғары
деңгейге дейін көтерілмейді. Мұғалімнің есінде болу керек:
егер білім деңгейі және витагенді тәжірибесі аз болса,
рефлексия да қарапайым болады. Ол «рефлексия заңы»
деп аталды: рефлексиялық дамудың негізінде адамның
білімі мен өмірлік тәжірибесі жатады. Сонымен, рефлексия
үшін ішкі (генетикалық тапсырысы) және сыртқы (өмірлік
білімі мен тәжірибесі) басталуы маңызды. Педагогикалық
рефлексия – тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту қызметіне
қойылған рефлексия; ол мұғалімнің рефлексиялық