2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 54
Білу 1. Соңғы жазғы демалыс немесе мектептегі бір күн туралы
ең қызықты естелікті сипаттау.
2. Үздік ____ жетуге көмектесе алатын басты 5 қасиетті
тізімдеп жазып, оны сыныптастарымен талқылау.
3. Evernote немесе Pinterest сияқты құралдарды пайдала-
нып, _____ табуға болатын үздік 5 сайтты белгілеу.
4. Мектеп жобасында пайдалануға болатын «көпшілікке
арналған» немесе «тегін» 10 онлайн ресурс табу.
5. Әлеуметтік желіде топ мүшелеріне арнап парақша ашып,
оған барлығын қосу.
6. Мәтіннен түйінді сөздер мен сөз тіркестерін анықтап
белгілеу және олардың мәтін үшін маңызын талқылау.
7. Сабақта қарапайым сөздер мен суреттерді қайталау жат-
тығуларын енгізу үшін флешкарталарды пайдалану.
8. Күнде қолданатын сайт немесе әлеуметтік желіден 5 ви-
део, пост не сурет іріктеп алып, әрқайсысы туралы қысқаша
айтып беру.
9. Қызықтыратын және көбірек білгісі келетін тақырып-
тардың 10 тармақтан тұратын тізімін жасау.
Түсіну 1.Бір шараны немесе пәнге қатысты тұжырымды ең көп
дегенде 140 таңбамен қорыту үшін Твиттерді пайдалану.
2. YouTube арнасынан ұнататын 5 видео тауып, оның авто-
рына сындарлы пікір қалдыру.
3. Қағаз нұсқада немесе онлайн күнделік ашып, күн