2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 55
сайынғы маңызды мәселелер туралы жазып отыру.
4. Соңғы жаңа мақаланың не блогтың үзіндісін не басты
ойын қысқа сөйлемдермен қайта тұжырымдау.
5. Өзі таңдаған тақырып бойынша мақаланың нобайын жазу.
6. Біреуге ол адам бұған дейін көрмеген және естімеген бір
нәрсе туралы түсіндіру.
7. 3 елдің оқушыларының күнделікті істерін салыстырып,
нәтижесін қағазға түсіру.
8. _____ қаласы 5 не 10 жылдан кейін қандай болатынын
болжау.
9. Хоббиі туралы таныстырылым көрсету.
Қолдану 1. Тарихи оқиғаны не әңгіменің желісін елестетіп, кейін
бұны сыныппен талқылау.
2. _____ қадамдарының барлығын қамти отырып, эскиз не
диаграмма жасау.
3. Google Maps не Google Earth пайдаланып өте танымал не-
месе қызықты жерлердің орналасқан жерін тексеру.
4. Google Doc сияқты онлайн бағдарламаны пайдаланып,
топ құжатын бірлесіп редакциялау.
5. Жобаға көмектесу үшін тартылған жергілікті кәсіби ше-
бер маманмен Skype арқылы сұхбат алып, оны видеоға жа-
зып алу.
6. YouTube-та сыныптың арнасын жасап, оған оқушылар
әзірлеген видеоларды жүктеу.
7. Адамдарға қызықты болатын заттар мен жобаға негіз бо-
латын идеялармен бөлісу үшін Pinterest парақшасын жасау.