1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны 6
Оқушыларға тәрбие беруде
тәрбие заңдылықтарын және
ұстанымдарын нақты айқын-
дау педагогикалық үдерісті
сапалы ұйымдастыруға негіз
болып табылады. Мектеп, от-
басы және әлеуметтік орта-
ның бірлігі ұстанымы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін
бірден-бір күш деуге болады. Мектеп, отбасы және әлеумет-
тік орта жүйелі түрде бір мақсатқа негізделген тәрбие беру
үдерісі негізінде жүзеге асырылса біз қоғам талабына сай
тұлғаны қалыптастыруға қол жеткіземіз. Оқушыларға тәр-
бие беруде тәрбие заңдылықтарына сәйкес негізгі ұста-
нымдар басшылыққа алынады. Олар, тәрбиенің мақсат-
тылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және
дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүй-
елілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы
тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.