2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 60
ТҮСIНУ МАЗМҰНЫ Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге
ауыстыру, оларды түрлендiру; есте
сақталған мағлұматты басқаларға жет-
кiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтар-
ды анықтау, айырмашылық жасау мен
салыстыру, нәтиженi суреттеу.
«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге бо-
лады:
1. Түсiндiрме (интерпретация) - не-
гiзгi идеяларды және олардың өза-
ра байланыстарын анықтау: ”Қалай?
Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену,
”Салыстырыңыздар”, ”Айырмашылығын
көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау.
2. Аударма (трансформация) - мағына-
сын сақтай отырып, идеяларды таныс
жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы
сөзбен айтып беру, графиктi оқып беру,
суреттi түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен
мазмұндау.
3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс
түсiнгендiктi көрсетедi.
4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiк-
тiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс
және түсiнiктi сөздермен анықтамалар-
ды тұжырымдау (анықтамалар жаттан-
ды немесе оқулықта келтірілгендерді
қайталамауы керек).