Педагогика


Джон Локктың педагогикалық көзқарастары



бет10/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Джон Локктың педагогикалық көзқарастары

(1632-1704)

XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капитализмнің мүдделерімен ұштастырды.

XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл револю-цияның ерекшелігі сол-ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді. сондықтан ол іри бастаған феодалдык қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVII ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды.

Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.

178

Джон Локк буржуазиялық семьяда өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Ұстаздық етті.



Джон Локк ағылшын философы және педагог. Ол өзінің "Тәрбие туралы ойлар" атты еңбегінде тәрбиеге көзқарасын айқындайды. Іскерлік сапасы кең, ауқымды білімімен үштастыра білген, өзіне-өзі сенген адамының бейнесін жасаған. Манері сыпайы, адамгершілік жағынан сенімді көрегендер, оның педагогикасының кейіпкерлері осылар. Ол тәрбиенің психологиялық негізіне және адамгершілік қалыптасуына ерекше назар аударды. Ол баланың туа пайда болатын сапасын жоққа шығарды, ол баланы "Таза тақтаға" (tabula rasa) теңеді, оған жазуға да сызуға да болады. Алайда оған тәрбиенің күшін пайдалану тиімді.

Д. Локк болашақ "көрегендерге" қандай да қол өнермен айналысуды, парфюмер бұйымдарымен,лактаумен, гравирлеумен айналысуды ұсынды. Алайда, ол ғылыми практикалық білімдер жүйесіне ерекше көңіл аударды. Оның педагогикалық теориясының негізгі бөлігі өтілетін пәннің мазмұнын талдаумен байланысады. Сондай-ақ, оның практикалық қолданылмалы мәнін аша түскен жөн. Атап айтқанда, оқудың орталығы көрегендер мен білімділер даярлайды.


Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы (1712-1778)
"Болжамалы, болжам! Мен қайталап айта бергім келеді, ешқашан тоқталмаспын, біз сөздің маңызына ерекше, артық тоқтальш жүрміз. Біздің бос сөзділігіміз, құрғақ жаттауымыз, мылжың сөздігіміз, тәрбиеміз - тек мылжыңдар тәрбиелеуге жарап жүр". (Ж. Ж. Руссо).

Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен - XVII ғасырда француз материалистері және ағартушылар Д.Дидро (1713-84), К. Гелвеций (1715-1771), Л.Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж.Ж. Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргізді.

Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, "Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет" деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі

179


жоғары идеаддықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оку тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортага, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру процесінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогрессивтік бағыт ұстады.

Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобинцілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне "Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр" деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен ишейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшылға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, Швейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді.Өзі төменгі сословиеде шыққан Руссо қарапаиым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған "Адамдар арасындагы теңсіздіктің пайда болуы туралы" атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді "Қоғамдық шарт" деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніңдегі бұрыннан ұсыныльш келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - "Адамдардың табиғи жағдайда болуы" дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің "табиғи праволарын", еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған,

180

халыққа қызмет етеді деп сенген үкіметі, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдык, шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.



Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольді тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі құран еді.

Руссо адамда-адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті.

Тәрбиенің мақсаты мен сипаты.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы "Эмиль" атты романында баяндалады, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, заманының арасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.

Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шығатын қорытынды - өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкіге тәуелсіз, бостандықты кадірлей де қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.

Демек, Руссоның педагогикалық концепсиясының негізіне феодалдық әдет-ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кендігі терең адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында болды.

Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, сондықтан дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықтап жүргізілуге тиіс. "Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше болуын талап етеді", - дейді Руссо.

181


Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары- баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатына айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге оның еркінің дамуына тез зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.

Баланың өсу кезендері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:

1- кезең - баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;

2- кезең - 2 ден 12 жасқа дейінгі;

3- кезең - 12 ден 15 жасқа дейінгі;

4- кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері.

Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді үсынды.

Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық пікірлерімен тығыз байланысты қарастырды.

Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына,табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: "Қаршадайынан-ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа кедергі жасамаңдар",- деген талап ұсынады.Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойьшша, бала өзінің керегінше, өз бетінше әр нерсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып, нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дөлелінше, бұл кезенде баланы оқуға баулудың, жаттаудың, ойлантып, оған талқылаудың керегі жоқ. Бұл кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны - жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.

Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін-өзі билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды окиғаларды байқай алады, сыртқы сезімдері арқылы өзін қоршап

182

түрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12-15 жастар аралығында) ақыл-ой және еңбек тәрбиесі басталады.



Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шіркеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының түпкілікті жанаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп тандауда негіз болатын нәрсе - баланың қызығушылығы, талабының болуы. Бала "Бұл не үшін қажет?" деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психо-логиясына жетік Руссоның көрсетуінше, баланың ынгасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы пәндер география, астрономия, табиғаттану болуы керек. Мүнан кейш Руссо осы пәндерді оқытудың ерекше бір әдістемесін бағдарлап, түсіне білуіне негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен компасты ойлап шығарушы т. б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің методикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз.Оның ойынша оқу ештеңені де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды.

Руссо дидактикасының негізі баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде "көрнекілік" деген тек әдеттегі: суреттер, картиналар, приборлар т.б. ғана емес, ол - табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. Сондықтан романның кейіпкері Эмильдің сабақтары сыныпта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген білімдерін өмімен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа, соны бағыт еді.

Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларында дене еңбегі адамнан ажыралмайтын, оның негізгі борышы делінді. Сондықтан, оның пікірінше, бостандықтағы адам қолөнершілік және ауыл шаруашылық еңбегінің салаларын, әр түрлі еңбек мамандықтарын меңгере білуі тиіс, сонда ғана ол өзіне тамақ та табады, өзінің бостандығын да қорғай алады. Осыған байланысты Эмиль әр түрлі қолөнеріне үйретіледі,өздігінше тұрмыс құруға үйренеді, еңбек адамын сыйлауға, еңбекті, еңбекке негізделген

183


демалысты бағалауға дағдыланады. Руссоның суреттеуінше және педагогикалық жағынан қорытуынша Эмиль енбек үстінде шыныққан, енді оған азғындаған феодалдық цивилизацияның ықпалы қауіпсіз.

Жас өспірімнің жетілуінің төртінші дәуірінде (15 жастан бастап) адамгершілік тәрбиесі басталады. Руссоның сенуінше "сословиенің" алдыңғы қатарлылары жалпы адамгершілік идеалы (мақсаты) ұстаушылар. Сондықтан Эмильді, демек, жаңа қоғам жастарын ел-жұртты сүюге үйрету, оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болды. Руссо осыған байланысты адамгершілік тәрбиесінің міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынды. Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары және мазмұндары арқылы Руссоның қиялыңдағы жаңа адамның идеалды образы құрылды. Оның сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын қолөнерші - ойшыл адам.

Шығарманы Руссо Эмильдің болашақ зайыбын - серігін тәрбиелеу, әйел тәрбиесі мәселелерімен аяқтады. Бірақ Руссо қарастырған әйел тәрбиесі ерлер ерлер тәрбиесіне мүлдем қарама-қарсы қойылды. Әйелдердің "табиғи жағдайы" - тәуелді болу, сондықтан оларға ерекше білім беру қажетсіз деген теріс қорытындыға келеді ол.
Руссоның педагогикалық көзқарасының маңызы.

Руссо бірқатар педагогикалық мәселелерде қателік пен қайшылыққа ұшырай тұрса да, оның педагогикалық теориясы өз дәуірінде жалпы бағыты ілгеріге ұмтылған прогрессивтік роль атқарды.

Себебі оның педагогикасының бүкіл жаңашыл мазмұны феодалдық педагогикаға тікелей қарсы еді. Руссо өзіне тән жігерлілікпен аристократияға және шіркеуге схоластикалық қараңғылыққа, арам тамақтыққа қарсы батыл күресті.

Руссо өз шығармаларымен адам баласының ең қымбат болашағы-балаға деген тым ыстық сүйіспеншілігін көрсетті: ол жаңа адам жолында алдыңғы қатарлы күресші болды; оның түсінігіндегі жаңа адам - Францияны феодалдық езгіден босататын табанды қажырлы күресші.

Педагогикалық теорияны Руссо оқудың қызықты да белсенді әдістерін іздестіру, еңбек тәрбиесін, оқу мен тәрбиені табиғатпен ұштастыру мәселелерін қоюмен байланыстырды. Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларын сол дәуірдегі орыстың алдыңғы қатарлы адамдары жоғары бағалады.

184


"Эмильдің" санаулы алғашқы даналары Петербургте 1763 жылы февральда алынды, бірақ осы жылдың ноябрінде бұл кітаптың тарауына тыйым салынды, соған қарамастан, кітап жасырын түрде таратыла берді.

ХУІП ғасырдағы Россияның жалынды революцияшыл ағартушы А. Н. Радищев ұлы ойшыны өте жоғары бағалады. 1791 жылғы бір хатында Радищев тәрбие мәселелеріндегі жүргізген өзгерістері үшін Руссоға "Европа көп міндетті" деп жазды. Декабристер Руссоның "Қоғамдық шарты" мен "Эмилін" зор ынтамен оқыды.

Кейінгі революцияшыл демократтар да Руссо мұрасын жоғары бағалады. 1856 ж. Н . Г. Чернышевский "Современникте" Руссоның ұрпаққа қалдырған еңбегін, халыққа деген сүйіспеншілігін баса атап өтті.

Қазіргі қоғамның прогрессившіл педагогтары Жан-Жак Руссоны атақты ағартушы - педагог ретінде бағалайды.


И. Г. Песталоццидің педагогикалық

қызметі мен теориясы (1746-1827)
XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан дворян-помещиктер қанаса, екінші жағынан тоқыма өндірісінің иелері қанады.

Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғарғы оқу орны-колеггиумге түседі. Бұл оқу орнындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.

Жан-Жак руссоның "Эмиль" және "Қоғамдық шарт" атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті.

Оның халықка қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті. Песталоцци 1774 жылы "кедейлер үйін" ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады.Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауға үйретті. Сөйтіп Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.

185

Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жақтары да болды. Біріншіден тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді. Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыру ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шарушылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды.Бұдан кейінгі жылдары Песталоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбегінде Швейцария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол "Лингард және Гертруда" деген әлеуметтік-педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде; шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып шыққаннан кейін Песталоццидің есімі көпке әйгілі болды.



Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепке мүғалім болып орналасады.Бұл мектептегі тәжірибе жұмыстарының нәтижесіңде оқыту және санауға үйренудің тиімді әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңірек тарату үшін Бургдорф та интернаты бар орта мектепті басқару және оның жанына ашылған мүғалімдер даярлайтын бөлімге басшылық ету Песталоцциге жүктелді. XIX- ғасырдың бас кезінде жарияланған "Гертруда балаларын қалай оқытады", "Аналар кітабы", "Бақылау азбукасы", "Сан жөнінде көрнекі ілім" атты еңбектерінде Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды.
Тәрбие туралы
Песталоцциидің дүниеге көзқарасы демократиялық сипатты болды. Бірақ ол еңбекшілердің тұрмысын оларға білім берумен, тәрбие берумен жақсы жолға қоюға болады деп қате түсінді. Адамдардың әлеуметтік және праволық теңсіздігінің себебі сол қоғамдағы қоғамдық қатынастың нәтижесі екенін ол түсінбеді. Халықтың кедейлігінің себебін экономикалық жағдай-дан емес, оның қарақғылығынан көрді. Барлық адамдардың, соның ішінде кедейлердің де қажетті тәрбие алуын жақтай отырып, ол үшін сословиелік-таптық қоғамдық қатынасты жою керек екенін түсінбеді.Бірақ ол білім берудің сословиелік жүйесін батыл сынады.

Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып, Песталоцций қоғамды қайта құрудың негізгі құрал-

186

дарының бірі - мектеп деп есептеді. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп санады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды, оның ойын дамытып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек еткен адам еңбектің қоғам өміріндегі зор мәнін түсінеді.



Дін және оның қызметкерлеріне Песталоцции қарсы болды. Әрекет етуге ұмтылу адамға тән қасиет, тәрбиенің мақсаты, оның дамуына көмектесу деп есептеді. Оның көзқарасындағы құнды жақтар - гуманизм, демократиялық талаптар.

Тәрбиенің міндеті - адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан-жақты дамуына негіз болады деп көрсетті. Баланың тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының, әсіресе ананың рөлін өте зор бағалады. Баланы тәрбиелеу алғашқы күннен басталу керек. Сондықтан, педагогика тәрбиелеудің әдістерімен әр ананы қаруландыруы қажет деп санады. Семьядағы тәрбие мектепте ары қарай жалғастырылуы қажет. Қоғамдық тәрбиеде семьядағы тәрбиенің жақсы жақтары әрі қарай дамытылады. Олар: балаға деген сүйіспеншілік, балаға сенім білдіру, тәртіп, шыдамдылық, борыштық сезім. Мұның бәрі ананың балаға деген қатынасынан туады.

Песталоццийдің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі-балаларға элементарлық білім беру теориясы. Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделене түсуі керек. Элементарлық білім беру теориясына Песталоцции дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесін беруді жатқызады. Тәрбиенін бұл салалары өзара байланысты түрде берілуге тиіс, сонда ғана олар адамды жан- жақты тәрбиелейді деп есептеді.

Дене тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Осыдан келіп оның, тағы басқа әрекеттер туады деп, Песталоцции дене тәрбиесінде ойын мен қатар, әскери жаттықтыруларға үлкен мән берді. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланы болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептеді.

Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Оның пікірінше, мектепте балалар оқумен бірге жүн иіру, мата тоқу станоктарымен жұмыс істейді, мектеп жаныңдағы учаскеде

187

ауыл шаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады, мал өсіреді, шаруашылықтың басқа салаларымен танысады. Жұмыс кезінде бос уақыттарда мұғалім балаларды оқытады, хат танытады, санауға үйретеді және омірге керекті білімдер береді. Бірақ мұнда оқуды еңбекпен қатар жүргізу ғана болды, шын мәнінде оқу мен еңбекті ұштастыру болмады. Еңбектің тәрбиелік мәніне Песталоццидің зор баға беруі өте құнды айтылған пікір еді. Песталоцции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады ден санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, моральдық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбиенің негізгі мақсаты - қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру. Адамға пайдалы істерге баланы араластырьш жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Моральдық тәрбиенің негізі семьяда қалыптасады, - деді Песталоцци. Баланың анаға деген сүйіспеншілігі бірте-бірте семьядағы басқа адамдарға да ауысады. Баланың моральдық дамуы әрі қарай мектепте жалғастырылады, онда мұғалімнің балаға қатынасы әкелік қамқорлық негізінде құралады. Мектепке келуге байланысты баланың қарым-қатынасы кеңейеді. Мұғалімнің міндеті- баланың айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілікпен қарайтын етіп тәрбиелеу.



Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққа үйренеді.

Песталоцции моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырады. Ол дінді сынағанмен, егер адам құдайды қадірлесе бір-біріне туыс болып табылатын барлық адамдарды да қадірлейді, - деп есептеді. Оның діни көзқараста болуы - дүниеге идеалистік көзқараста болуының айғағы.

Адамды жан-жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцции білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті.
Оқыту туралы
Песталоцции оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қорытынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілуі керек деді. Бақылау арқылы балада көру, есту және т. б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқьггу балаларға біріншіден, білім беретін болса,

188


екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды піқір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі де жойған жоқ. Бірақ, Песталоцции өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцции дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналасындағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды. Оқыту процесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын санау арқылы саиын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.

Песталоцции оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналасындағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланың кабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, және ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Песталоцции мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен бірге өз білімін балаларға беруге тиісті дайындығы бар адам болуы керек. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мүғалім балаға оның ата-анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцции бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцции әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды

189


ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізінде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ, Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттықтыруға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Жазуға үйретуде Песталоцци алдын-ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсыңды. Әсіресе, алғашқы жылдары орфографиялық дұрыс жазуға ал одан кейінгі кезендерде де үлкен мән берді. Жазуға үйретуді сурет сатумен байланыстырьш, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцции арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоццидін осы идеясының негізінде оның ісін алға апарушы шәкірттері арифметиканы оқыту методикасында арифметикалық жәшікті пайдалануды ұсынды.

Песталоцции географияны оқыту жөнінде бірнеше бағалы пікірлер айтты. Баланы жақындағыдан алыстағыға қарай, тұрған жерін бақылаудан, одан күрделі білімдерге қарай жетектеуді ұсыңды. Бала алдымен мектеп жанындағы учаскеден, өз ауылы орналасқан жермен танысып, алғашқы географиялық білімдер алуы керек. Содан барьш жалпы жер шары туралы білімдерге көшу керек деп есептеді.

Песталоцции сонымен буржуазиялық-демократиялық педагогиканың ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселесіне өз өмірін арнады.Оның қоғамдык көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.

Песталоцци баланың дамуының тәрбиенің рөлін өте жоғары бағалады, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастырудың қажеттігін атап көрсетті. Тәрбиенің мақсаты адамның барлық табиғи күшін, қабілетін жан-жақты дамытудеп есептеді.

Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, моральдық тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек

190


болды, оны халықка жақын етуге тырысты. Н. Крупская: "Песталоцции халық қажетін өтей алатын, халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп ашуды арман етті", - деп жазды. Кейбір кемшіліктеріне және қате пікірлеріне қарамастан, Песталоццидің педагогикалық жүйесі прогрессивті идеяның дамуына қосылған зор үлес болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет