Педагогикалық институтының директоры


Тең фигуралардың аудандары тең болады. 2



бет26/36
Дата05.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12897
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
1. Тең фигуралардың аудандары тең болады.
2. Егер фигура саны шектеулі фигуралардан құралатын болса, онда оның ауданы олардың аудандарының қосындысына тең болады.
Жазықтықта тұйық контурмен берілген Ғ фигурасының ауданын шаршылы тордың көмегімен өлшейді. Ғ фигурасының ауданын өлшеу берілген фигураның ауданынбірлік шаршымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Ғ фигурасы толығымен қиылысатынбүтін емес шаршыларды санайды. Сонан кейін барлық бүтін шаршылар санының қосындысы мен барлық бүтін емес шаршылардың жарым қосындысын қосып, нәтижені дөңгелектесе, онда Ғ фигурасы ауданының сандық мәні деп атауға болатын қандай да бір бүтін Р саны шығады, яғни S (Ғ) = Pe2, me(Ғ) = P. Аудан бұл жағдайда, жуық түрде табылады, алайда, оны шаршылы торды онан әрі «ұсату» арқылы қажетті дәлдікке дейін алуға болады. Осы үрдісті онан әрі жалғастыру барысында ауданның ақиқат мәніне біртіндеп жақындайтын мәндерін аламыз. Шын мәнінде, ауданның дәл мәні шектеусіз ондық бөлшекпен өрнектеледі.
Егер Ғ фигурасы шаршылардан алынған сатылы фигуралармен толығымен жабылатын болса және егер ең болмағанда бір кішкене шаршы толығымен Ғ фигурасының ішкі нүктелерінен құралатын болса, Ғ фигурасын шаршыланатын (квадратталатын) фигура деп атайды.
2 – сұрақ: Фигуралар аудандарының негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:
1) Егер фигуралар тең болса, онда олардың аудандарының сандық мәндері тең болады.
2) Егер Ғ фигурасы Ғ1, Ғ2, ... ,Ғn фигураларынан құралған болса, онда Ғ фигурасы ауданының сандық мәні Ғ12,..., Ғn аудандарының сандық мәндерінің қосындысына тең болады.
3) Ауданның өлшем бірлігін ауыстырғанда фигура ауданының сандық мәні, жаңа бірлік бұрынғыдан қанша есе кем (артық) болса, сонша есе артады (кемиді).
3 – сұрақ: Ауданның негізгі стандарт бірлігі м2.
Тұрмыста жие қолданылатын ауданның стандарт бірліктері: мм2, см2, дм2, км, сондай – ақ а (ар), га (гектар).
Аудан бірліктері арасындағы қатынас мына кестемен сипатталады:
1 см2 = 100 мм2
1дм2 =100см2 =10 000 мм2
1 м2 = 100 дм2 = 10 000 см2 =1 000 000 мм2
1 км2 = 1000 000 м2 = ....... =........... =............
1 а = 100 м2
1га = 10000 м2. 1км2 =100 га = 1000 000 м2
1 га = 100а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет