Тексеруге арналған сұрақтар:
Уақыт аралықтары ұғымын анықтаңыз.
Уақыттың екі тұрғыдағы түсіндірмесін келтіріңіз.
Уақыт бірліктерін ататңыз.
Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Дәріс- 15
Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділік.
Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс.
Тауардың құны және заттар массасы.
Тік төртбұрыш ауданы және еңбектің өнімділігі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді бастауыш математикасындағы оқып-үйретілетін шамалар арасындағы тәуелділіктермен таныстырып, алған білімдерін практикалық мәселелерді шешуде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Тірек сөздер: Жылдамдық, жол, уақыт, масса, баға, құн, тауар, еңбек өнімділігі, тік төртбұрыштың ені, ұзындығы, ауданы, заттардың саны, тауарлар саны, жалпы масса, жұмыс уақыты, көлемі.
Әдебиеттер.
1. 283-286 бет.
3. 5 тарау §16 п 112
1-сұрақ. Математиканың бастауыш курсы негізінен шамалар арасындағы тәуелділіктің төрт тобын: тауардың құнын, оның саны мен бағасын; бір заттың массасын, заттардың санын және жалпы массаны; тік төртбұрыштың енін, ұзындығын, ауданын; түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс уақытын, жылдамдығын және жолын қарастырады.
Сондай-ақ жұмыстың көлемі, жұмыс уақыты және еңбек өніділігі сияқты шамалар арасындағы тәуелділік те қарастырылады.
Түзу сызықты бірқалыпты қозғалысқа байланысты шамалар: уақыт, жылдамдық және жол. Бұл шамалар арасындағы тәуелділік S=V· t формуласымен өрнектеледі. Егер қозғалыс жылдамдығы бір ғана тұрақты мәнді қабылдайтындай болса, онда жүріп өтілген жол уақытқа тура пропорционал тәуелділікте болады. Егер жол тұрақты болса, онда қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс уақыты кері пропорционал тәуелділікте болады, яғни
V= S немесе t = S.
t V
Жылдамдықтың бірліктері жол (ұзындық) мен уақыт бірліктерінен жасалады. м/с, км/сағ және т.с.с.
2-сұрақ. Тауардың құны, оның саны және бағасына байланысты. Егер заттың бағасы тұрақты болса, онда оның құны, санына тура пропорционал.
Есеп. Екі дәптер 30 теңге тұрса, онда 6 дәптер қанша тұрады?
Шешуі: Есепте дәптердің бағасы белгісіз, алайда ол тұрақты. Дәптердің бағасын табу үшін 30-ды екіге бөлеміз. 30: 2 = 15 (т)
Заттың құны мен саны тура пропорционал болғандықтан К = 15·6 = 90 (т).
Егер бір заттың массасы тұрақты болса, онда бірдей заттардың жалпы массасы мен саны тура пропорционал болады. Ал жалпы массасы тұрақты болса, онда бір заттың массасы мен заттардың саны кері пропорционал болады.
Есеп: Дүкенге 10 т ұн әкелінді. Егер әрбір қапқа 50 кг ұннан салынған болса, онда дүкенге неше қап ұн әкелінген?
3-сұрақ. Тік төртбұрыштың ауданы оның ені мен ұзындығының көбейтіндісіне тең екендігін білеміз.
Тік төртбұрыштың ауданы оның ені мен ұзындығына, олардың біреуі тұрақты болғанда тура пропорционал, ал аудан тұрақты болса, онда оның ені мен ұзындығы өзара кері пропорционал.
Жұмыстың көлемі, жұмыс уақыты мен еңбек өнімділігі өзара кері пропорционал болады.
Достарыңызбен бөлісу: |