Тексеруге арналған сұрақтар: Цилиндр, конус және шарды анықтаңыз.
Жазықтықта цилиндрді, конусты және шарды кескіндеңіз.
Цилиндрдің, конустың және шардың негізгі элементтерін атаңыз, көрсетіңіз.
Цилиндр, конус және шардың беттерінің формулаларын жазыңыз.
6 дәріс Тақырыбы: Қарапайым геометриялық салулар. Циркуль және сызғыш көмегімен геометриялық фигураларды салу.
Берілген кесінді мен бұрышты салу. Параллель және перпендикуляр түзулер алу.
Кесіндіні қақ бөлу. Шеңбер салу.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді жазықтықта салу есептерін сызғыш және циркуль көмегімен салуға үйрету.
Әдебиеттер:
/1/ 262-264 б.
/4/ §5 п 38-49
Қосымша /3/ 2 тарау §4
/4/ 6 тарау §31
Тірек сөздер: Циркуль, сызғыш, «бір жақты сызғыш », салу есептері, берілген кесінді, бұрыш, шеңбер, кесіндіні қақ бөлу, радиус, центр, параллель, перпендикуляр түзулер.
1- сұрақ. Геометриялық фигураларға салу «бір жақты» сызғыш және циркульдің көмегімен орындалады. «Бір жақты» сызғыш дегеніміз бір ғана істі орындау үшін, яғни берілген ені нүкте арқылы түзу жүргізу үшін қолданылатын құрал. Циркуль дегеніміз шеңбер салу үшін және берілген кесіндіні түзу бойында геометриялық жолмен салу үшін қолданылатын құрал.
Салу есептері негізінен төрт кезеңнен, анализ, синтез, зерттеу және дәлелдеуден тұрады.
Көбіне қарапайым салуларда алғашқы екеуімен шектеледі.
2 сұрақ: Кесіндіні салу.
Кез келген жарты түзудің бойына оның бас нүктесінен бастап ұзындығы берілген кесіндіні -------- салуға болады.
Есеп: Берілген жарты түзуден бастап берілген жарты жазықтыққа берілген бұрышқа тең бұрыш салу керек.
Шешуі: Берілген бұрышта А төбесін центр етіп алып, кез келген шеңбер сызамыз. Сонда ол шеңбер, бұл бұрыштың қабырғаларын В мен С нүктелерінде қияды. Енді жарты түзудің бас нүктесі О – ны центр етін, радиусы АВ – ға тең шеңбер сызамыз. Ол шеңбер жарты түзуді В1- нүктесінде қияды. Енді В1нүктесін центр етіп алып, радиусы ВС – ға тең шеңбер сызамыз. Сызылған шеңберлердің көрсетілген жарты жазықтықтағы қиылысу нүктесі С1 ізделінді бұрыштың қабырғасында жатады.
Есеп: Берілген О нүктесі арқылы берілген а түзуіне перпендикуляр түзу жүргізу керек.
Шешуі: Екі жағдай болуы мүмкін.
а) О нүктесі а түзуіне жатады.
ә) О нүктесі а түзуіне жатпайды.
а) О нүктесінен кез келген радиуспен шеңбер жүргіземіз. Ол а түзуін екі нүктеде А және В қияды. А және В нүктелерінен радиустары АВ – ға тең шеңберлер жүргіземіз. С нүктесі бұлардың қиылысу нүктесі болсын. Ізделінді түзу О және С нүктелері арқылы өтеді.
ә) өз бетімен.
3 сұрақ. Есеп: Кесіндіні қақ бөлу керек.
Шешуі: Айталық, АВ – берілген кесінді болсн. А мен В нүктелерін центрлер етіп алып, радиусы АВ – ге тең шеңберлер сызамыз. С мен С1 осы шеңберлердің қиылысу нүктелері болсын. Бұлар АВ түзуіне қарағанда әр түрлі жарты жазықтықтарда жатады. СС1 кесіндісі АВ түзуін ------------ бір О нүкте АВ кесіндісінің ортасы болады.
Шеңберді салу үшін оның радиусы белгілі болса болғаны.