Тәрбиесағатының тақырыбы: Әдептілікәліппесі
Тәрбиесағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Бүгінгі тәрбиесағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.