«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері



бет5/11
Дата31.12.2019
өлшемі0,79 Mb.
#54929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

12-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының білім беру саласында дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену жэне әлемдік білім беру стандарттарына отандық білім беруді сәйкестендіру мақсатында барлық (мектепке дейінгі, мектептік, жоғары мектептік) деңгейлерде өзгерістер енгізіліп отыр. Солардың бірі - жалпы білім беретін 12-жылдық орта білім беруге ауысуы.

Дүниежүзілік тәжірибеде 12-жылдық орта білім беру Европа кеңесінің (1992 ж) Декларациясына сәйкес 136 елде жүзеге асыырылуда. Олардың қатарында Жапония, АҚШ, Франция және ТМД елдерінен Украина, Беларусь, Өзбекстан, Балтық елдері осы білім беру жүйесін тиіиді деп тандаған.

Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер көбінесе мемлекет тарапынан жүргізілетін тұжырымдамалар арқылы іске асырылатыны анық. Қазакстан Республикасының 12-жылдык жалпы орта білім беру тұжырымдамасында орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, негізгі сатылары қарастырылған.Аталған тұжырымдамада12-жылдық орта білім беруге көшудің себептері ретінде:

Орта білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелергс бағдарлануы;

Орта білім бсру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы;

Оку жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы;

Жасөспірімдердің тұлғалык, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы. мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі аталып көрсетілген.

Әрине, осылайша орта білім беру ұзақтығының өзгеруі кездейсоқ үрдіс емес екені белгілі. Бүның өзі педагогикалыкқ теория мен практиканың орынды да шынайы талабы деп түсінуге болады.

Педагогика ғылымының тарихында орта білім берудің ұзақтығына байланысты мұндай мәселелер көп кездеседі. Мысалы Қазақстандағы ең алғашқы мектептер екі жылдық қана болған болса, кейіннен бұл мерзімдер білім беру мазмұнының толықтырылуына, күрделенуіне және басқа да заман талаптарына сай 3 жылдық, 4-жылдық, 7 жылдық, 8 жылдық, 10 жылдық, 11 жылдық болып ауысып отырған.

Қоғамның дамуында мектептің маңыздылығын жоғары бағалай отырып қазақ даласында ең алғашқы мектептер ашққызған педагог Ы.Алтынсарин айтып кеткендей «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты тұтқасы..Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты». Сондыктан қазіргі таңда орта білім беру ұзақтығын өзгерту мэселесі оның аддына койылган мақсаттар мен одан күтілетін нәтижелер арасындағы сэйкессіздіктен туындап отыр деуге болады. Осы орайда білім берудің түлғалык-бағдарлык, гуманистік, аксиологиялык багыттарының барлык бағдарламалары мен оқу пэндерінің мазмүндары, оқыту-тэрбислсу эдіс-тэсілдері, технологиялық жобалар арқылы іске асырылуы өте өзекті. Сонымен қатар мектеп негізгі элеуметтік институт ретііще өзінің әлеуметтендірушілік міндетін дұрыс атқара алуы талап етіледі.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білм беру арқылы жас буын тәрбиесі қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бүл күндері тәрбие барған сайын коғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа иеленіп, тұт-астай қалыптасып жатқан үздіксіз білім бсру жүйесінің бір маңызды бөлігі ретінде карастырылады. Бүл салада мектеп пен жоғарғы оқу орындарындағы сабактастык, мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын бейіндік оқыту арқылы дұрыс тандай алулары, сол таңдаған кәсіптері аркылы әр тұлғаның толык өздерін іске асыра алулары көзделген.

Бейіндік оқытудың бір артықшылығы оқушылар тек білім алумен ғана шектелмей, өздерінің қызығушылықтарына, бейімдеріне, қабілеттеріне, икемділіктеріне, таңдайтын мамандықтарына қарай алғашқы кәэсіби бағдар алып шығуы қамтамасыз етілмек. Бұл әрине ұтымды қадам, себебі неғұрлым адам өзінеь кажетті кәсіпті саналы түрде дұрыс таңдай білсе сол кәсіптің қыр-сырын дұрыс түсініп, тез меңгеріп, қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық

әлеуметтік мәселелер қазіргі мұғалімдердің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді айқын түсінуімен, педагогтардың белсенділігімен, шығармашылық қатынастарымен шешілмек.

12-жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделін төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделі.

Сатылар Негізгі бағдары

І-саты:

Жалпы орта білім беру

1-4

сыныптар

Оқытуды бастау жасы

- 6 жастан

Оқыту ұзақтығы- 4жыл

Негізгі бағдары

Оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу,оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылықтарын арттыру, кіші жастағы оқушыларда біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету. Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның кабілеттерінің тұтастай дамуын қамтмасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.



11 саты

Жалпы орта білім беру

5-10 сыныптар

Оқыту ұзақтығы-6 жыл

Негізгі бағдары

Негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы жэне этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаньің өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Негізгі мектеп оқытуды бейінді мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады. Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейін алды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.

ІП-саты:

Жалпы орта білім беру

11-12 сыныптар

Оқыту ұзақтығы – 2 жыл

Негізгі бағдары

Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметітендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

Бейіндік (профильдік) оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс. Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Орта білім беру деңгейіндегі енгізілген өзгерістер білім беру саласының басқа деңгейлерінде өзгеріп отыруына әкеліп соғады. Мысалы, 12-жылдық білім беру мектебінің моделіне сай жоғарғы оқу орындарында білім алатын болашақ ұстаздардың осындай мектепте жұмыс істеуге даярлығын қалыптастыру мәселесі туындайды. Ал оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру жағын қарастыратын болсақ мектептің жаңа моделі үшін жаңа буынды оқулықтар, оқу құралдарын қайта дайындау қажет.

Кестеде көрсетіліп отырған 12-жылдык білім берудің әр сатысындағы негізгі міндеттерді шешу үшін болашақ мұғалімдер арнайы психологаялық-педагогикалық білімдермен қаруланулары қажет. Жоғарғы кәсіби білім беру саласының мазмұнын толығымен қайта қарастыру, жаңа оқыту жүйесінде белсенділік пен шығармашылық танытатын жас мамандар қашан да қажет.



Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?

2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде?

3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде?

4.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?

5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не?

6. 12-жылдық орта білім беруге көшудің негізгі себептері қандай?

7. 12-жылдық орта білім беру неше сатыдан тұрады?

8. «Бейіндік оқыту» деген ұғымды қалай түсінесіз?

Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-Ш ҚРЗ.

2.ҚР білім береуді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік багдарламасы. Астана, 2005. 31 бет.

3.Қазақстан Республикасында 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005. 31 бет.

4.Педагогический профессионализм в современном образовании: материалы IV Международной научно-практической конференции (20-23 февраля 2008 г.) /под науч. ред. Е.В.Андриенко. -Новосибирск: 2008. - 774 с.

5. 12-летка в вопросах и ответах. Алматы. РАДИАЛ. 2006.

6. И.Е.Синица. Педагогикалык әдеп және ұстазды
Тақырып 3.Педагогикалық құзыреттілік.

Мақсаты: педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру

Жоспар:

1.Құзіреттілік ұғымына түсінік.



2.Кәсіби педагогикалык құзыреттілік.

3.Мамандардың кәсіби құзіреттілігі түрлері.
Кәсіби педагогикалық құзіреттілік. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XXI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықаралык комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996 ж) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үіірену. Осы түғырнамалардың бір қарағанда қарапайым болғанымен олардың мазмұнына білім беру және «құзірет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтамалар береді.

Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.

Құзіреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.

Ш.Т.Таубаева жоғарғы кәсіби білім берудің. мемлекеттік стадарттардың құзіреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:



  1. Өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілетті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект);

  2. Табысты шығармашыльқ іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект);

  3. Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект).

Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.

Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзіреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзіреттілік мәселесіне, М.В.Прохорова басқарушылық құзіреттілікке көп көңіл аударады.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап А.КМаркованың еңбектерінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі арнайы жан-жақты зерттеу пәніне айналған. Ол мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің құрамында төмендегідей 4 бөлікті ажыратып қарастырады:

а) кәсіби педагогикалық және психологиялық білімдері;

э) кәсіби-педагогикалық іскерліктері;



б) мамандығы қажет ететін мұғалімнің кәсіби психологиялық позициясы, ұстанымдары;

в) мұғалімнің кәсіби білім мен біліктерді меңгеруін қамтамасыз ететін тұлғалық ерекшеліктері.

Осы кезде Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалқк құзіреттілік» ұғымының «білім, білік, дагдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста,тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін» қамтитынын ашып көрсетеді.

Кәсіби құзіретілік мәселесі халықаралық денгейде Еуропалық кеңес форумдарында және ЮНЕСКО материалдарында жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып олардың негізгі түрлері айқындалған.

В.А.Сластениннің, М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзіреттілігі - іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлъқтарының бірлігі.

Н.Д.Хмель педагогтың кәсіби құзіреттілігін окушылардың іс-әрекеттеріне бағытталған, олардың тұлғаларын ынталандыратын, шығармашылық қабілеттерін және олардың өзін-өздері іске асыруга даярльқтарын қалыптастыратын мұғалімнің басқарушыльқ іс-әрекеті деп түсіндіре отырып оның мынандай элементтерін ажыратып қарастырады:

- оқытатын пән материалын еркін меңгеру, және оның мазмүнын аудитория ерекшеліктеріне бейімделе отырып толық жеткізе алу;



  • оқушыларда білім, білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін оқыту әдістерін пайдаланудағы әдістемелік құзіреттілік;

  • оқыту процесін және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру саласындағы психологиялық-педагогикалык құзіреттілік;

- оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру, қабілеттіліктері мен тұлғалық бағыттылықтарын

  • қалыптастыру барысында іске асатын дифференциалдық-психологиялық құзіреттілік;

  • педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексия немесе аутопсихологиялық құзіреттілік.

М.Х. Балтабаевтың пікірінше кәсіби құзіреттілік маманның нақты бір кәсіби іс-әрекетке даярлығының және қабілеттерінің көрсеткіштер жиынтығы.

Кәсіби құзіреттілік маманның тұлғалык және іскерлік қасиеттерінің итегралдық сипаттамасы. Бұл қасиеттер маманның кәсіби іс-әрекетінің мақсаттарына қол жеткізуге қажетті білім, іскерлік, тәжірибелер деңгейімен қатар оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымының көрсеткіштері. Кәсіби құзіреттілігіне байланысты маман кәсіби іс-әрекет мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім.қабылдай.алуын, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігін, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығын көрсете алады.

Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзіреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз:

- біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзіреттілікті


мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады;

- екіншіден, ғалымдар кәсіби құзіреттілікті маманның түлгалық


қасиеттерімен
байланыстырьп зерттейді.

Құзіреттілік тұрғыдан оқыту барысында басты назар білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне аударылады. Бұл бағытта студенттердің дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек студенттер үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзіреттілік тұрғысынан оқытуда олардың жетістіктері, мүмкіншіліктер деңгейі, маман тулғасыньң қалыптасуы, олардың әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары орынға ие болады.



Көптеген ғалымдардың пікірінше мамандардың кәсіби құзіреттілігі мынандай түрлерге бөлінеді:

  • практикалық (арнайы) құзіреттілік;

  • әлеуметтік құзіреттілік;

  • психологиялық құзіреттілік,

  • ақпараттық құзіреттілік;

  • коммуникативтік құзіреттілік,

  • экологиялық құзіреттілік;

  • валеологиялык құзіреттілік.

Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруы тиіс. Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің құрылымы

оның негізгі іскеліктері арқылы қарастырылады.



Педагогтың танымдық (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикальқ қасиеттердің бірлікте дамуы қажет.

Мысалы адамның байкағыштығы, өзін-өзі бакылауы, кез келген жағдайда жол таба білуі, ойлау процесінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сэйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, корытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл сапалар адамның үнемі жаттығу, өзін-өзі тэрбиелеу оқу, білім алу еңбек ету процестері барысында түтас қалыптасады.

Педагогтың конструктивтік (құрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композицияльқ материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық іскерлік қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру, болжау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан конструктивтік іскерлік танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.

Педагогтың қарым-қатынас (коммуникативтік) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп оң шешім таба білу маңызды. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, басқалармен тез араласа алатын жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады.

Педагогтың хабарлау (информациялық) іскерлігі. Бұл іскерлік аса маңызды педагогикалық іскерлік больш бөлінеді және көбінесе қатынас құралы ретінде қабылданады. Себебі қарым-қатынас хабарлау материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұғалімнің дауысты үйлестіре білуі, көніл-күй сезімімен сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылдар ерекшеліктерін меңгере білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие процесінің непзгі міндеттерін тиімді шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызықтыра әңгімелесуі, көрнекіліктерді қатыстыра отырып түсіндіруі, ашық пікірлесуі, шәкіртті тыңдай алуы, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін өзіне аударта алуы әсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды қаситеттер. Жас мамандарға бұндай қаситеттерді қалыптастыру үшін арнайы жаттығу қажет.

Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалім еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс-әрекеттерінен құралады.

Педагогтың зерттеушілік іскерлігі Зерттеушілік іскерлік мүғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуьн, жоспарлауды, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды.

Педагогтың проективтік іскерлігі - оқыту және тәрбие процестерінің перспективалық міндеттерін түсіне отырып оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту жэне тәрбиелеу процесінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып есептеледі.

Педагогтың рефлексивтік іскерлігі «Рефлексия» деген сөз адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық жағдайларын талдап, ой елегінен өткізу деген мағынаны білдіреді. Педагогтың өз іс-әрекеттерін бақылап бағалауы, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдауы, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсінуі.

Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді. Педагогикалық кәсіптің шебері болу үшін болашақ мұғалімдер осы аталған іскерліктерді өз бойларында дамытуға барлық күш-жігерлерін жұмылдырып, бәсекелестікке қабілетті, құзыреттіліктері жоғары ұстаз болып шығуға талпынулары қажет. Сондай жағдайда ғана бұл іс-әрекет табысты нәтижеге жеткізеді.

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

3.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады?

  1. Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз?

  2. Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз?

  3. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз?

7.Педагогтың проективтік (болжамдык) іскерлігін қалай түсінесіз?

8. Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз?

9. Кәсіби құзіреттілік дегеніміз не?
Әдебиеттер

  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 2006. - 704 б.

Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образо­вание в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы,

  1. 2009-190с.

3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты
высшего профессионального образования: методология, теория и
технология проектирования в компетентностном формате /Білім
элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.

4. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы.
1987.- 223 6.

5. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую
деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с.

6. Хмель Теория и технология реализации целостного
педагогического процесса:Уч.пособие.- Алматы, 2002.- 90с. |
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет