«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері



бет8/11
Дата31.12.2019
өлшемі0,79 Mb.
#54929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады:

  1. Вербальды қарым-қатынас.

  2. Вербальсыз қарым-катынас.

  3. Интерактивті қарым-қатынас.

  1. Перцептивті қарым-қатынас.

Педагогикалық қарым-қатынас



Вербальсыз

қарым-


қатынас


Вербальды

карым-


қатынас


Перцептивті

қарым-қатынас




Интерактивті

қарым-


қатынас

Сурет 1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері.

Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөздің қадірін халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады:

«Өнер алды қызыл тіл»,

«Жақсы сөз -жай азыгы»,

«Жақсы сөз - жарым ырыс»,

«Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз»,

«Айтыған сөз, атылган оц»,

«Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б.

Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын, мә дениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады.



Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ,, агылшын, орыс т.с.с.) сөйлесулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты, анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен көлемді ақпаратты кабылдауънда, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері болады.

Сөйлеу барысында, әсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде,



тілінің мәдениеттілігі үлкен роль атқарады. Мүғалімнің сөйлеу
интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін
дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып
тұрғандығы
да маңызды. Мысалы А.С. Макаренко балаларға «Кел
мында» деген сөзді оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, әр-
түрлі көңіл күй жағдайына сәйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс
- адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырьн дауыс - жалықтырып,
қалғытып, тез шаршатады._

Адамның сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыру кажет. Ең жоғары сөйлеу жылдамдығы минутына -120 сөз. Сөйлемдер арасында пауза - үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді.

Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі кұлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады.

Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Мысалы, «яғни», «әрине», «демек», «ана барғой», «жалпы», т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет. Адамның өз сөз қорын байытуына, сөйлеу шеберлігін дамытуына байланысты мынандай мысалды келтіруге болады. Бір адам «Р» эрпіне тілі келмеген болса да оның тіл кемістігін жұмысындағы эріптестері ұзақ уақыт бойы байқамаған, себебі ол «Р» әрпі бар сөздерді айту қажет болғанда, оның орнына сол сөздердің синонимдерін ғана қолданып отырган екен



.

Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.

Вербальды қарым-қатынас



Ретиалды

Аксиалды

Сурет 2. Вербальды қарым-қатынас түрлері.

Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).

Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).

Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына {сынып іші, аудитория, дала, табиғат, мейрамхана т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда онын орны мен уақытынын алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды қарастырайық. Мысалы АҚШ-та көптеген ірі компанияларда кабинеттердің есіктері бәрі шыныдан жасалған. Олар бәріне ашық, міне біз жұмыс үстіндеміз дегендей. Ал немістер ондай жерде жұмыс істей алмайды. Олар ашық есікті де ретсіздік деп санайды.

Сонымен қатар қарым-қатынасты ұйымдастыруда әңгімеге қатысушылардың үстел басында орналасулары да, тыңдаушылар мен баяндаушы арасындағы ара қашыктық та дұрыс ескерілуі керек. Тым алыс отырған тыңдаушының зейінінің шоғырлануы төмендеп сейіле бастайды. Ал егер баяндаушы да, тьңдаушылар да өзара жақын, салыстырмалы түрде бірдей қашықтықта орналасса олардың тығыз қарым-қатынастары тиімді нәтижеге жеткізетіні анық. Бір үстел басында отырған адамдардың қарым-қатынасы күштірек болатынына байланысты кейбір манызды семинар, мәжілістердің «дөңгелек үстел» басында өткізілу себебі де осы идеяға негізделген.

Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқушылар, олардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың

коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар категориясында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгеру қажет.

Аксиалды қарым-қатынас ретиалды қарым-қатынасқа қарағанда анағұрлым қарапайымырақ, себебі бір адаммен сөйлесу бір топ адаммен сөйлесумен салыстырғанда әлде қайда жеңіл.

Бір адаммен сөйлескенде оған "не қызыкты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, тыңдаушыңды қызықтыратын мәселеден бастаған жөн. Аксиалды қарым-қатынас барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да жеткілікті. Ондай адамдармен дауласудын қажеті жоқ. Тек нақты фактілер, нақты аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп өз пікіріңіздің дұрыстығын сабырлықпен, достық қарым-қатыиасты бұзып алмайтындай дәлелдеген абзал. Ал керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық пікіріңізбен келісіп мақұлдай беретін адамдармен әңгімелесудің өзі қызықсыз болып қалады. Ондай адамдардың жеке пікірін білу үшін оларға тікелей сұрақтар қойып отыруға тура келеді.

Егер сізге айтылып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетін болсаңыз, «Мен оны білемін» - деп кесіп айтудың қажеті жоқ. Керісінше ол адамның сол мәселе жайлы білімдерін өз білімдеріңізбен салыстырып көріңіз, бәлкім сізге қызықты жаңалықтар айтылатын шығар. Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыттың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.

Вербалъсыз қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас.

Мимика - адам бетінің бүұшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.

Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары

Пантомимика - қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.

Бір қарағанда сөзсіз карым-қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, бірақ айналаға зейін қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын аңғаруға болады. Біз ана тілімізден басқа бірнеше тілдерді үйренуге талпынамыз, компьютер тілін үйренеміз, солармен қатар барлық халықтарға белгілі ым-ишара, іс-қимылдар тілдері белгілі. Бұл тілді меңгеруде өмірдің өзі көптеген сабақтар береді, бірак кеп назар аудармағандықтан біз барлығымыз оларды бірдей толық меңгере бермейміз,

Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі шартты белгілер, жалаушапар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдары арқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін релъефтік-нүктелер комбинациялары арқылы оқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л' Эпее эліппесі (1775ж. Франция) {саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусацтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.

Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру аркылы көбірек ақпарат алады екен. «Мың рет естігенше бір рет көргенім артық» деген мақал осыған байланысты айтылған. Белгілі профессор Альберт Мерабиан вербальсыз қарым-қатынас жайында жасалған бақылаулары бойынша қарым-қатынастағы негізгі үш фактордың маңыздылығына тоқталады:

Не айтылғанының - 7%;

Қалай айтылғанының — 38%;

Дене қимылдарының - 55% ақпарат қабылданады.

Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-катынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта «Көз - адам жанының айнасы) - деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80% адам көру аркылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімемізді жалғастыру қиынырақ. Мысалы сіздің әңгімелесушіңіз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса сіз оның көзін көрмегендіктен бір ыңғайсыздықты сезінесіз. Немесе мынандай мысалдарды салыстырып көрейік.



  1. Мұғалім өзі оқитын лекциясын магнитофонға жазып аудиторияға әкеліп қосып кетсін.

  1. Мұғалім өзі аудиторияда тақта алдында лекция оқып тұрсын.

3) Мұғалім тақта алдында емес, артқы парта жақта тұрып лекциясын оқысын.

4) Мұғалім өзі лекция оқып тұр, бірак көзінде қап-қара көзілдірік киіп алған болсын.

Қай жағдайда лекция жақсы қабылданады? Неліктен? Өз жауаптарыңызды түрлі мысалдармен негіздеңіздер.



Көзқарастардың өздері әр түрлі болып ажыратылады. Мысалы: төмендегідей көзқарастарды әр адам күнделікті қарым-катынаста кездестіреді:

  • Көзді үлкен ашып қарау - таң қалғанда, қуанғанда кездеседі.

  • Тура қарау - адамға деген қызығушылықты, құрметті, онымен сөйлесуге дайындығын көрсетеді.

  • Қабақты түйіп қарау - ашуланғанда, ренжігенде, бір нәрсегс ызасы келгенде.

  • Алысқа қарау - ойлау, бір нәрсеге күмәндағанда байқалады.

  • Қиғаш көзқарас - бақылап қарау, бір нәрсеге риза болмағанда кездеседі.

  • Көзін көрсетпей, темен қарау кінәлі болғанда, бағынышты болғанда.

- Жоғарыдан төмен қарау - менсінбеу, өзін жоғары санау.
Сонымен қатар адам көзінің бұлшық еттерінің қимылы да басқаларға ол туралы көп ақпарат береді. Қабақты түю, тесіле қарау, бір көзін қысу, көзді жұму, кірпікті жыпылықтату т.е.с. адам бетіндегі мимикалық өзгерістер қарым-қатынас барысында қосымша мәлімет беріп тұрады. Мінеки, осылардың барлығын мұғалім бала бетінен оқи алатын болса оған қарым-қатынастың кез келген түрін жүргізу қиын емес. У. Шекспир «Қарауға емес, көруге үйрен» деп айтуы да осы себептен болар.

Мына бір экспериментке көңіл аударайық. Мұғалім бірнеше апта бойы сыныптағы бір қатарға ғана қарап жаңа сабақ түсіндірген, ал екінші және үшінші қатардағы балаларға мүлде қарамай қойған, сонда оның назарынан тыс қалған балалар материалды 25% - ға нашар меңгерген. Сонымен қатар олардың тәртіптерінің де төмендегені байқалған.

Адам мимикасында еріндерінің де қимылы арқылы оның көңіл күйі, психологияльқ жағдайы жайлы ақпараттар алуға болады. Мысалы еріндерінің күлімдеп тұрған кезінде адамның көңіл күйінің жақсы екенін аңғарамыз. Адам ерні шүршиіп қалса оның өкпелеп қалғанын байқаймыз, Ал жылаған немесе ашуланған кезінде адам еріндері мүлде басқа көрініс беретінін білеміз. Оқушылардың мимика, қимыл-қозгалыстарына қарап мұғалім көп нәрсені түсіне алады. Осы мәліметтерді ескере отырьп класқа кіргенде жүзіңіз күлімдеп тұрса балалардың көңілдері де көтеріңкі болады. Психологтардың зерттеуінше егер адам «жақсы» адам рөлін ойнай берсе ол біртіндеп оның мінезін өзгертеді, себебі кері қатынас іске қосылғаннан кейін, адам еріксіз жақсы адамға еліктеуі мүмкін.



Шет ел психологтары дүкендегі сатушылардың мейірімді жүздері бұйымдардың тез сатылуына, тауарлардың өтімділігіне айтарлықтай әсер ететінін анықтап, ірі дүкен иелеріне өз қызметкерлерінің жұмыс үстінде адамдарды күлімдеп қарсы алуларын міндетті етіп қоюға ақыл-кеңес береді. Дүкендердің барлық бөлімдерінің ішкі маңдайшаларында сатушылар үшін «smile – күлімдеңдер» деген арнайы хабарландыру ілінген.

Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқы көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жаксартады. Күлімдеп жүру - жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертеңгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады.

Вербальсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру - адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау - «бастық» позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету - адамның қобалжып, немесе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұк саусақты көп көрсету, екі колды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай



беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әр-қайсысы өзіндік ақпараттар белгісі. Мысалы кішкентай жастағы балалар өздерінің кінәсі жоқ болса, менде ештеңе жоқ дегендей алақандарын ашып көрсетеді, ал керісінше кінәсін түсінетін балалар үлкен адам алдында басын төмен қаратып, қолдарын қалтасына салып, немесе жұдырықтарын түйіп алып артында ұстап тұрады.

Мұғалім еңбегінде тактика деген ұғым да көп роль атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, колынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағьп, қолпаштап қою, пиджагының жағасын түзетіп қою, қолын беріп құттықтау, қол алысып сәлемдесу т.б қол қимылдары арқылы жасалатын жақын тарту белгілері. Үлкендердің мұндай жағымды қимылдары кейбір кіші жастағы балаларға өте жақсы,, жылы әсерін тигізеді._ Мысалы, оқушы қайта-қайта артқы партаға бұрылып сөйлссіп отырса, сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім оған орнынан тұрып айқайлап ескерту жасаудың орнына баланың қасына келіп ақырын ғана оны иығынан ұстап өз партасына бұрып қойып, сабағын одан әрі жалғастыра берсе бұндай тактиикалъқ тәсіл әлдеқайда ұтымды нәтиже береді.



Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы да маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратьш, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.

Сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімдерге киім кию әдебін де ескерулері қажет. Мұғалім киімі өзше жарасымды әрі дұрыс эстетикалық талғамға сай болуы керек. Қазіргі кезде адамның киімді қалай киюінің өзі адам туралы мәліметтер беріп тұрады. Мысалы пиджактың алдын үнемі ашық ұстау немесе үнемі түймелеп жауып жүру, ұзын немесе қысқа киім кию т.с.с. ерекшеліктер адам мінезінің, темпераментінің кейбір жақтарын білдіреді.



Интерактивті қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді.

Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі, көпшілік арасында адамның жеке қабілеттерін таныта алуы маңызды. Барлық ұжымдарда аса беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың барлығының белсенділігін арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара қарым-қатынастары бекіген, ауызбіршіліктері бар ұжым өте ұйымшыл больтп келеді, және әрқашан да бірі бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді.



¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамньң басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.

Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық жасау, бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек.

Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім сыныптағы оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете зерттеп оны ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына, оң қылықтарына көп көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері бағаланып отырса, ондай бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы жетістіктерге жетуге ынталанады.



Интерактивті қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Интерактивті қарым-қатынастың екі түрі болады:

  1. Кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.

  2. Конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі біріней озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.

Интерактивті қарым-қатьнасты ұйымдастырудың мақсаты -адамдар арасындағы қарым-қатынас құлықтарын жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек жақсылық жасау арқылы жаксарады, сондыктан топ_ ішінде өзара көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік

сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі.

Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал.

Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесн сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.

Ал адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабылдайды екен?» деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады.

Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық процестің екіжақтылық сипаты байқалады.

Өкінішке орай, өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасай алмайтын мұғалімдер де кездеседі.



Ондай адамдар педагогикалык процестегі кез келген сәтсіздікте тек оқушыларға кінә тағады және үнемі өзінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олар бала жанын түсінуге тырыспай, оның пікірлерімен санаспай, керісінше оның айтқандарьн елеп-ескермей, сөздерін аяғына дейін тыңдамай, өз еріктері бойынша шешім қабылдай береді. Бұл жағдайда бала педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі емес, тек объектісі ретінде қала береді.

Сонымен педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып оның атқаратын мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік:

/. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.


  1. Қарым-қатынастың интерактивтік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.

  2. Қарымқкатынастың перцептивтік қызметі аркылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады.

Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Себебі ақпараттармен алмасу барысының өзінде мұғалім оқушылардың ішкі жан дүниесін сезініп және олардың өзара бірлесіп оқу-танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет