Педагогикалық менеджмент – басқару қызметінің мәдениетін дамыту және мектепшілік факторды жетілдіру факторы
Рыскелді Құралай
(семинар тақырып,сөж)
Менеджмент
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ , онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып , алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды.