Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері
Жоспары:
1. Педагогикалық қолдау
2. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері
3.Тұлғаның үрдістерін қолдану
Педагогикалық қолдау – педагогтің қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы.Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субьективтілігін қалыптастыру.
Баланың танымдық және шығармашылық іс – әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімділік кеңестік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі дамытуына ықпал ету жағдайлары.
Педагогикалық қолдаудың негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович болып табылады.Педагогикалық қолдауды баланың қызығушылығын,мақсатын,мүмкіндігін анықтайтын,адамгершілік қасиеттерді сақтағауға мүмкіндік жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын көрсететін миссиясы.
Гуманистік парадигма
Тәрбиенің гуманистік парадигмасының негізгі идеяларының бірі - педагогтың тәрбиелік позициясының негізі тәрбиеленушілірді психологиялық-педагогикалық қолдау позициясы туралы идея болып табылады.
- анықталған проблема бойынша жұпта немесе шағын топта әңгімелесу, ойтолғау;
- «Сенің ойың» - әр оқушының проблеманы өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;
- «Менің ойым» - көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқарасының да маңызы өте зор;
- «Белсенді тыңдау» әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау.
Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.
Педагогикалық қолдау:
1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
— субъектив (тұлғалық) «Мен» — кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі; — объектив (əлеуметтік) «Олар» — кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).
— материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.)
Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
— нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;
— адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
— ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;
— келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;
— баланы басшылықты жетекке алу;
— тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
— балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
Кәзіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
Оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру,жекелік бағыттылық;
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейлері;
Тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
Оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
Педагогикалық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар. Олар:
* баланың жеке қабілеттерін дамыту – өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.
* өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптастыру – кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.
* алдымызға келген бала қабілеттерін дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің табыстылығы анықталады.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады
Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:
байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
педагогикалық тәжірибені жалпылау;
эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
сауалнама жургізу;
интервью жүргізу;
педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
жобалық әдістер;
тестілеу;
ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
шкалалау т.б.
Педагогикалық қолдау тұжырымдама, модель және практикалық тәжірибе, тұтас инновациялық білім берудегі құбылыс ретінде қарастырылады. Кез келген инновация сияқты, педагогикалық қолдаудың өз авторлары, өзінің қалыптасу тарихы бар. Оны теориялық зерттеу және тәжірибеде іске асыру Олег Семенович Газман басқарған ғылыми қызметкерлеріне бұйырды. Зерттеу жұмысы Ресей білім беру Академиясының «Тәрбиеде инновацияларды жобалау» педагогикалық зерттеулер институтында орындалды. Олег Семенович Газман қайтыс болғаннан кейін жұмысты «Білім беруде баланы педагогикалық қолдау» лабораториясында оның шәкірттері және ізбасарлары жалғастырды. Дайындалған тұжырымдама және модель негізінде сынып тәрбиешілерін даярлау жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық қолдау технологиясын меңгере отырып, педагогтар әлеуметтік-педагогикалық жобалау принциптерін игереді. Білім берудегі педагогикалық қолдаудың әдіснамалық және мәдени негіздері бірінші кезекте педагогикалық білім мен тәжірибені құрудағы гуманистік дәстүрлер және антропологиялық тұғырлармен байланысты. Адамзат мәдениетіндегі құбылыс ретінде гуманизмнің пайда болуы Қайта өрлеу дәуіріне — XVI-XVII ғ. басындағы Еуропа тарихының жарқын кезеңіне жатады. Оны мәдениет дамуындағы басқа кезеңдерден адамға деген үлкен қызығушылық ерекшелендіреді. Қайта өрлеу адамзат ойының, мәдени өмірдің барлық саласындағы — философия, әдебиет, өнер, ғылымдағы ұшан-теңіз жұмыспен байланысты.Педагогикалық қолдау көрсетудің мәні: басқа біреуге сенімділік дарыту; оның бойында бар оң қасиеттерді бекіте түсу; дамуына кедергі келтіретін, ауырлық, жүк болып жүргендерінен арылуға жәрдемдесу.
Тұлғаның үрдістерін қолдану
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады.Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжіибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негідерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды.
Педагогикалық қолдау әсіресе қорғансыз әрі жараланғыш балаға қиын-қыстау жағдайда көмекке келу үшін қажет. Бұл қолайсыз әлеуметтік жағдайлар мен психологиялық күйзелістен ашық түрде және моральдық қорғау, жамандыққа өз бетінше қарсы тұра білуіне жағдай жасау. Бұл баланың денсаулығына, оқуда алға жылжуына, қарым-қатынастары мен өмірде өзін-өзі таба білуіне байланысты жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған алдын алушылық және жедел көмектер. Педагогикалық әрекеттің мәні — оқушыға жеке басындағы кедергілерді жоюға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің проблемаларын тани білуге және оны шеше білу әдістерін меңгеруіне көмектесу. Педагогикалық қолдауды жүзеге асыруда өсіп келе жатқан адам бұл қолдауды қабылдауы үшін оны неге үйрету қажеттігін нақты білу өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тасимова А.А. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдітемесі. Оқу құралы. – Алматы, ССК, 2019 ж. -256б.
2.Дүйсенбаев А.Қ. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқулық. – Алматы: «Отан», 2015. – 257 бет.
3.Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқу әдістемелік құрал. – Астана. Фолиант, 2007 – 244 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |