«Педагогикалық поэма» кинофильмін көріп, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуда педагог А. С. Макаренко қандай әдіс-тәсілдер пайдаланғанын және қандай тәрбие заңдылықтары мен принциптерді басшылыққа алғанын зерделеңіз



Дата07.02.2022
өлшемі13,31 Kb.
#87782
түріПоэма
Байланысты:
Маржан пед
Маржан пед

«Педагогикалық поэма» кинофильмін көріп, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуда педагог А.С.Макаренко қандай әдіс-тәсілдер пайдаланғанын және қандай тәрбие заңдылықтары мен принциптерді басшылыққа алғанын зерделеңіз
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.
А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.“Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. “Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды.
Содан соң 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет