II кезең. XIX ғасырдың аяғы мен ХХғ.ортасы.Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы кезең ғалымдарының педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық , психофизиологиялық, эксприменталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен француз психологы Бергсон Анри (1859-1941),М.Оффнер, Э.Мейман,В.А.Лай,Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962), Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту,интеллектіні дамыту,дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б. мәселелерді қарастырды.
ІІ кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт — педологияның пайда болуымен сипатталады.Педология (грек. Paidos-бала, logos- ілім) ұғымын 1893 жылы американдық психолог О.Хризман ұсынды.Осы ағымның негізін қалаушылар — С.Холл, Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, неміс психологы Эрнст Мейман (1862-1915), В.Прейер,П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және т.б. Бұл ағымның мазмұның жасөспірімдердің дамуы туралы психологиялық анатомиялық – физиологиялық,биологиялық,әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады.
Негізгі идеясы: бала – тұтас жүйе. Ол жеке – жеке зерттелуге, демек бір бөлігін физиология, бір бөлігін психология, бір бөлігін неврология зерттеуге тиіс емес.
Баланы оның психикасына ғана емес, дамудың антропоморфиялық көрсеткішіне әсер ететін әлеуметтік ортасын ескере отырып қана зерттеуге болады.
Бала туралы ғылым теориялық қана емес, практикалық та болуы тиіс.
Баланы, оның үнемі даму үстінде екендігін ескерген кезде ғана түсінуге болады.
Генетикалық принцип дамудың динамикасы мен тенденциясына зейін қоюды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |