«Педагогикалық психология» ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет3/3
Дата04.07.2018
өлшемі250 Kb.
#47075
1   2   3

КЕЛІСІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________


1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Галиева Бахыт Хасеновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті.

Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны – 87182673685 (1139).


2 Пән туралы мәліметтер

Тәрбие мен оқыту педагогикалық әрекеттің мазмұны болып саналады және ол философия, әлеуметтану, тарих, педагогика, психология сияқты алуан ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін, тәжірибеде қолдану тәсілдерін, әдістерін, формаларын қарастырады. Бірақ жеке оқушы, мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктері, мұғаліммен өзара қарым-қатынас, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасын зерттеу тек қана педагогиканың міндеті емес. Оқушының жеке тұлғасы, өзара және педагогикалық үдерістегі қарым-қатынас аспектілерін зерттеумен педагогикалық психология айналысады.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

Бар-лығы

2

90

6

6










78

6

емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәннің мақсаты: студенттердің педагогикалық психология пәнін меңгеруі негізінде ғылыми білімдерін дамыту, семинар мен практикалық сабақтар үдерісінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау біліктері мен дағдыларын қалыптасыру.

Пәннің тапсырмалары:

  • педагогикалық-психологиялық феномендер мен фактілерді оқыту;

  • дамудың әр түрлі теорияларын талдау үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің біліктері мен дағдыларын дамыту, осы білімдерді, біліктер мен дағдыларды оқу және кәсіби әрекетте пайдалануды үйрету;

  • әлемдік және отандық педагогикалық психологияның теориялық бағыттарымен және практикалық жетістіктерімен таныстыру;

  • студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • психикалық дамудың жас ерекшеліктерін,

  • дамыта оқыту ерекшеліктерін,

  • білімді қалыптастырудың заңдылықтарын;

  • тәрбие психологиясын;

  • педагогикалық іс-әрекет психологиясын.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • оқыту мен тәрбие үдерістерінде туындайтын практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді қолдану;

  • окыту және тәрбиелеудің жаңа технологияларын тәжірибеде пайдалану.


6 Пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: «Жалпы психология», «Педагогика».


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: мектептегі педагогикалық практика.


8 Тақырыптық жоспар

п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1




3

2

Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері.

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері



5

3

Педагогикалық психологияның әдістері

5




Әдіснама, әдістер мен әдістемелер, олардың педагогикалық зерттеудегі өзара байланысы

5




Бақылау әдісі, оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігі

5




Сауалнама мен тест әдістерін қолдану

5




Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі

5

4

Психикалық даму мен оқыту

1

1

5




Психологиядағы тұлға мен психиканың құрылуы мен даму мәселесі

5

5

Білім алушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуының динамикасы және заңдылықтары

5




Білім алушы тұлғасының қазіргі даму ерекшеліктері

5




Білім алушының ойлау қабілетін анықтау

5

6

Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері

1

1

5




Бастауыш мектеп білім алушысының психикалық дамуы мен құрылуы

5




Жеткіншектердің мінез-құлқындағы жеке, жыныстық, жастық ерекшеліктер

5

7

Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісі

1

1

5

8

Педагог және білім алушылар – білім беру үдерісінің субъектілері

5




Оқытушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекет психологиясы

5




Білім алушылар қарым-қатынасының ерекшеліктері

5

9

Оқыту психологиясы

5

10

Білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау әдістері

5




Балалардың оқуға дайындығын анықтау

5

11

Оқыту стратегиясы

5




Сабақтың психологиялық-педагогикалық зерттеу бағдарламасы. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау

5

12

Тәрбие психологиясы.

Тұлғаны қалыптастыру мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде



1

1

5




Білім алушының ұйымдастырушылық қабілетін зерттеу

5

13

Тәрбиелеу психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу

5




Кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау мақсатымен баланы зерттеу

5

14

Білім беру үдерісіндегі оқу-педагогикалық бірлестік және қарым-қатынас

1

1

5




Мектеп ұжымының психологиялық сипаттамасы

5

15

Педагогикалық іс-әрекет стилі

5

16

Педагогикалық шеберлікті меңгерудің психологиялық мәселелері

5

Барлығы сағат

6

6

78


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бұл пән таңдау компонентін құрайды. Педагогикалық психология пәнін оқыту барысында студенттер психикалық дамудың жас ерекшеліктерін, дамыта оқыту ерекшеліктерін, білімді қалыптастырудың заңдылықтарын таниды, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдана алу дағдылары мен ептіліктерін қалыптастырып, дамыта алады.



10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны


1-тақырып Кіріспе

Педагогикалық психология мен педагогикалық іс-әрекеттегі психологиялық аспектілер. Білім беру үдерісіндегі баланың жеке дамуы. Сензитивтік кезең мәселесі. Педагогикалық психология ғылымындағы оқыту процесінің құрылымы, сондай-ақ білім алушыларды тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту мәселелері.



2-тақырып Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері. Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері. Педагогикалық психологияның жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысуы. Педагогикалық психологияның ғылым ретінде қалыптасуының тарихы. Педагогикалық психологияның негізгі бағыттары. Онтогенезде адамның психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтары. Білім алушылардың танымдық іс-әрекеті мен ақыл-ойының дамуы, олардың танымның, қарым-қатынастың және еңбектің саналы субъектілері ретінде қалыптасуы. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студенттердің ақыл-ой іс-әрекетін басқарудың әдістері мен формалары, танымдық процестердің ерік белсенділігі мен оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі дербестіктің қалыптасу заңдылықтары. Мұғалімнің еңбек психологиясы, білім алушы мен педагогтың, білім алушылардың мектеп ұжымымен өзара қарым-қатынасы.



3-тақырып Педагогикалық психологияның әдістері.

Баланың, әр түрлі жас кезеңдердегі білім алушылардың психикасын зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі. Оқу-тәрбие міндеттерін педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері. Детерминизм принципі. Іс-әрекет пен психиканың бірлігі принципі. Даму принципі. Педагогикалық психологиядағы зерттеулерді ұйымдастыру әдістері. Деректер жинаудың әдістері мен әдістемелері.



4-тақырып Психикалық даму мен оқыту.

Даму туралы түсінік. Психикалық дамудың көздері мен қозғаушы күштері. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамудағы оқыту мен тәрбиенің жетекші іс-әрекеті мен сензитивті кезең түсініктері.



5-тақырып Білім алушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуының динамикасы және заңдылықтары.

Дамудың әлеуметтік жағдайлары. Оқыту мен дамудың өзара мәселесін шешуге концептуалды тұрғыдан келу.

Оқыту мен дамудың өзара мәселесін шешуге Л.С.Выготскийдің, Ж.Пиаженің, Б.Скиннердің, Дж. Бруненің, С.Пейперттің, П.Я.Гальпериннің, Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың қосқан үлестері. Психикалық дамудың негізгі жолдары. Тұлғаның дамуы индивидтің әлеуметтену процесі ретінде. Тұлға дамуының жас ерекшеліктері. Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Е.Ю.Артемьев, В.Ф.Петренко және басқалардың зерттеулеріндегі интеллекттің дамуы.Ақыл-ой дамуының деңгейлері. Баланың мектепке келгенге дейінгі психикалық дамуы. Бастауыш сынып білім алушысының тұлғалық қалыптасуы мен психикалық дамуы. Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасуы мен психикалық дамуы. Ересек жастағы тұлғаның қалыптасуы мен психикалық дамуы.

6-тақырып Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері.

Әр түрлі жас сатыларындағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру тұлғаның психологиялық жаңа құрылымдарының дамуы мен қалыптасуының шарты ретінде. Меңгерудің құрылымдық ұйымдасуы, сатылары мен кезеңдері. Мектепке дейінгі баланың, бастауыш сынып білім алушысының, жасөспірімнің, жеткіншектің, ересек адамның психикалық дамуы мақсатында оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың ерекшелігі. Түрлі жас кезеңдерінде әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі оқу іс-әрекетінің құрылуы мен дамуы. Оқу іс-әрекетінің адам іс-әрекетінің басқа түрлері жүйесіндегі қызметі мен орны (ойын, еңбек, қарым-қатынас, заттық-тұрмыстық, эстетикалық іс-әрекет). Психикалық дамудың түрлі жас кезеңдеріндегі әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесіндегі іс-әрекет түрлерінің көптүрлілігі мен өзара байланысы.



7-тақырып Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісі.

Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Білім беру жалпымәдени контекстте. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Білім берудің функционалды дамуы. Білім беру мен мәдениеттің байланысы. Балаларды оқытудың постфигуративті, префигуративті және конфигуративті мәдениеті мен әдістері. Түрлі қоғамдық құрылым типтеріндегі адамдардың қоғамдық ұйымдағы өзара әрекеті мен жалпы өркениетті мәдениет, оның дәстүрлерінің, нормаларының, стереотиптерінің ішкі байланыстары мәселесі. Оқытудың дәстүрлі және гуманистік парадигмаларының принциптері. “Білім беру” түсінігінің жалпыәдіснамалық мәні. Білім беру білім беру жүйесі, процесі және нәтижесі ретінде. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі тенденциялары. Қазіргі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары. Тұлғалық іс-әрекеттік ықпал білім беру процесін ұйымдастырудың негізі ретінде.



8-тақырып Педагог және білім алушылар – білім беру үдерісінің субъектілері.

Білім беру процесінің субъектісі. Субъект категориясының жалпы сипаттамасы. Субъект және тұлға. Субъекттік сипаттың психологиялық-педагогикалық көрінісі. Білім беру процесі субъектісінің спецификалық ерекшеліктері. Білім беру іс-әрекетіндегі субъекттің мотивациялық сферасы. Білім беру процесіндегі субъект іс-әрекетінің пәні. Субъектінің дамуы мен өзіндік дамуы. Қатынас жүйесіндегі субъект. Педагог педагогикалық іс-әрекеттегі субъект ретінде. Педагогикалық кәсіп. Педагогтың субъект қасиеттерінің құрылымы. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық алғышарттары. Педагогикалық қабілеттілік құрылымы. Педагогикалық іс-әрекеттегі субъект құрылымындағы тұлғалық сапалар. Жас ерекшелік кезеңі оқу іс-әрекеті субъектісінің дифференциациясының негізі ретінде. Білім алушы оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде.


9-тақырып Оқыту психологиясы.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен қалыптасуы. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Оқу іс-әрекеті - іс-әрекеттің ерекше түрі. Оқудың жалпы теориясындағы оқу іс-әрекеті теориясы. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны. Оқу іс-әрекетінің тәсілдері, құралдары, пәні. Оқу іс-әрекетінің өнімі, оның нәтижесі. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының компоненттік құрамы. Мотивация оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті ретінде. Мотивациялық бағдар мен іс-әрекеттің тиімділігі. Мотивациялық сферадағы оқуға деген қатынас. Ақыл-ой дамуы мен мотивацияның байланысы. Мақсат қою мен мотивация. Мәселелеік жағдайдағы оқу мотивациясының тұрақтылығы. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеттері. Оқу міндетінің жалпы сипаттамасы. Міндеттерді шешу тәсілдері. Оқу міндеттерінің ерекшеліктері. Оқу міндетіне қойылатын психологиялық талаптар. Оқу міндеті мен мәселелік жағдай. Міндет пен мәселелік жағдайды шешудің кезеңдері. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет пен операциялар. Оқу әрекетінің түрлері. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау), баға (өзін-өзі бағалау).



10-тақырып Білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау әдістері.

Білім алушы жетістіктерін бағалаудың объективті әдістері мәселесі. Білім алушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының қалыптасуы деңгейін бағалауды субъективизмді меңгерудің стратегиясы мен тактикасы. Жетістікті объективті анықтау жүйесіндегі тестілеудің рөлі. Жетістік деңгейін оқыту жүйесінің көпдеңгейлі жағдайында рейтингтік бағалаудағы тестілеудің мәні. Жүйелілік (кешендік) білім алушының жетістік деңгейін бағалаудың объективті парадигмасының негізгі сипаттамасы ретінде.



11-тақырып Оқыту стратегиясы.

Оқыту процесін психологиялық талдау. Оқыту мәселесі. Оқыту стратегиясы интериоризация және экстериоризация ретінде.Л.С.Выготский мектебіндегі оқыту құрылымы мен баяндалуы. Білімді меңгеру, білімдердін, біліктердің және дағдылардың қалыптасуы. Білімді меңгеруді бақылау. Білімді жоғалту мен ұмыту.



12-тақырып Тәрбие психологиясы. Тұлғаны қалыптастыру мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде.

Тәрбие психологиясының ғылым ретіндегі өзекті мәселелері. Тұлғаның тұтастай құрылуы мен дамуындағы ішкі психологиялық механизмдер. Тұлғаның жеке қасиеттері. Тұлғалық қалыптасу мен даму факторлары. Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының психологиялық механизмдері. Бала тұлғасының қалыптасуындағы сандық және сапалық теңсіздіктер.



13-тақырып Тәрбие психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу Тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі реттеуі. Тұлғаның тұрақтылығы мәселесі, адам өзінің тұлғалық позициясын сақтауы мен оның жеке нұсқауына қарсы тұру қабілеті. Білім алушылардың моральдық және дүниетанымдық тәрбиесі олардың тұлғалық қалыптасуының психологиялық алғышарты ретінде. Тұлғаның адамгершілік дамуы. Білім алушылардың кәсіби өзіндік анықталуы, өмірлік жолын таңдау.

14-тақырып Білім беру үдерісіндегі оқу-педагогикалық бірлестік және қарым-қатынас.

Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Оқу-педагогикалық бірлестік. Білім беру процесіндегі қарым-қатынастың табысты оқу жағдайын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық құралдары: бірлесен оқу іс-әрекетінің көптүрлі формалары, білім алушы мен мұғалімнің, білім алушылардың бір-бірімен бірлестігі, когнитивті күрделі жағдайлардың табысты және шығармашылық міндеттер жүйесі және олардың шешіміндегі табыстың әлеуметтік мәні. Кешірімнің түрлі формалары, көмек, эмоционалдық резонанстар, шағын мәселелік топтардағы бірлескен іс-әрекет темпі мен ритмінің синхронизациясы тұлғаның мотивациялық-мәндік және когнитивтік сфераларының даму шарты ретінде. Педагогикалық әрекеттестік. Педагогикалық әрекеттестіктегі кедергілер, қиындықтардың негізгі аудандары.



Практикалық (семинар) сабақтардың тізімі және мазмұны


  1. 2-тақырып. Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері.

Педагогикалық психологияның пәні, міндеттері. Педагогикалық психологияның бағыттары: оқыту психологиясы, педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі мұғалім психологиясы және тәрбие психологиясы. Педагогикалық психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

  1. 3-тақырып. Педагогикалық психологияның әдістері

Бақылау әдісі, оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігі. Бақылау әдісін сипаттау, оның басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін білу және оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігін білу.

Сауалнама мен тест әдістерін қолдану. Сауалнама мен тест әдістерінің ерекшеліктері, олардың басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін білу және оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігін білу.

Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісінің ерекшеліктері, олардың басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін білу және оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігін білу.

3. 4-тақырып. Психикалық даму мен оқыту.

Даму туралы түсінік. Психикалық дамудың көздері мен қозғаушы күштері. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамудағы оқыту мен тәрбиенің жетекші іс-әрекеті мен сензитивті кезең түсініктері.



4. 5-тақырып. Білім алушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуының динамикасы және заңдылықтары.

Оқыту мен дамудың өзара мәселесін шешуге Л.С.Выготскийдің, Ж.Пиаженің, Б.Скиннердің, Дж. Бруненің, С.Пейперттің, П.Я.Гальпериннің, Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың қосқан үлестері.

Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Е.Ю.Артемьев, В.Ф.Петренко және басқалардың зерттеулеріндегі интеллекттің дамуы.

Білім алушысының тұлғалық қалыптасуы мен психикалық дамуы.



5. 6-тақырып. Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері.

Әр түрлі жас сатыларындағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру тұлғаның психологиялық жаңа құрылымдарының дамуы мен қалыптасуының шарты ретінде.

Жас кезеңдеріндегі әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі оқу іс-әрекетінің құрылуы мен дамуы.

Психикалық дамудың түрлі жас кезеңдеріндегі әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесіндегі іс-әрекет түрлерінің көптүрлілігі мен өзара байланысы.



6. 7-тақырып. Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісі.

Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Оқытудың дәстүрлі және гуманистік парадигмаларының принциптері.

Білім беру білім беру жүйесі, процесі және нәтижесі ретінде. Қазіргі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары.

7. 8-тақырып. Білім алушылар қарым-қатынасының ерекшеліктері.

Білім беру процесінің субъектісі. Субъект категориясының жалпы сипаттамасы. Субъект және тұлға. Субъекттік сипаттың психологиялық-педагогикалық көрінісі.

Педагог педагогикалық іс-әрекеттегі субъект ретінде. Педагогикалық қабілеттілік құрылымы.

8. 9-тақырып. Оқыту психологиясы.

Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Мотивация оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті ретінде. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеттері. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау), баға (өзін-өзі бағалау).



9. 10-тақырып. Білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау әдістері.

Білім алушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының қалыптасуы деңгейін бағалауды субъективизмді меңгерудің стратегиясы мен тактикасы.

Жетістікті объективті анықтау жүйесіндегі тестілеудің рөлі.

10. 11-тақырып. Оқыту стратегиясы.

Оқыту процесін психологиялық талдау. Л.С.Выготский мектебіндегі оқыту құрылымы. Білімді меңгеру, білімдердін, біліктердің және дағдылардың қалыптасуы.



11. 12-тақырып. Тұлғаны қалыптастыру мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде.

Тәрбие психологиясының ғылым ретіндегі өзекті мәселелері. Тұлғалық қалыптасу мен даму факторлары. Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының психологиялық механизмдері.



12. 13-тақырып. Тәрбие психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу

Тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі реттеуі. Білім алушылардың моральдық және дүниетанымдық тәрбиесі олардың тұлғалық қалыптасуының психологиялық алғышарты ретінде. Тұлғаның адамгершілік дамуы.



13. 14-тақырып. Білім беру үдерісіндегі оқу-педагогикалық бірлестік және қарым-қатынас.

Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Педагогикалық әрекеттестік. Педагогикалық әрекеттестіктегі кедергілер, қиындықтардың негізгі аудандары.



14. 15-тақырып. Педагогикалық шеберлікті меңгерудің психологиялық мәселелері

Педагогтың педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің сипаттамасы. Оқытушының кәсіби-педагогикалық даярлығының мазмұны. Педагогикалық шеберліктің диагностикасы. Педагогикалық шығармашылығының диагностикасы. Педагогикалық іс-әрекет стилі.


Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

СӨЖ түрлерінің тізімі


СӨЖ түрі


Есеп беру ф-сы

Бақылау

түрі

Сағат

көлемі

1.

Әрбір дәріс бойынша конспектілер жасау

Конспект жазу

Сабаққа қатысу


15

2.

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Үй тапсырмалар жазба түрде, есеп

Сабаққа қатысу


30

3.

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Баяндаманын конспекті, кестелер, глоссарий


Баяндаманы қорғау

35

4.

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Конспект


Аралық және қорытынды бақылау

10

Барлығы

90


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

  1. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пән аралық бағыты

  2. Қазіргі уақыттағы білім беру мәселесі

  3. Білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту. Білім беру мен дамыту мәселелері.

  4. Білім беру процессіндегі негізгі субъктілерді сипаттау және олардың алатын орнын бөліп шығару.

  5. Педагогикалық іс-әрекет кезіндегі студент/оқытушының тұлғалық қасиеттері.

  6. Оқыту іс-әрекетінің негізгі сипаттары.

  7. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясына жалпы сипаттама.

  8. Педагогикалық іс-әрекеттің стиліне жалпы сипаттама.

  9. Педагогикалық өзара әрекеттестік кезіндегі «қиындықтар». Оларды жою тәсілдері.

  10. Сабақты психологиялық талдау сұлбасы.

  11. Психологиядағы тұлға мен психиканың құрылуы мен даму мәселесі

  12. Білім алушы тұлғасының қазіргі даму ерекшеліктері

  13. Білім алушының ойлау қабілетін анықтау

  14. Бастауыш мектеп білім алушысының психикалық дамуы мен құрылуы

  15. Жеткіншектердің мінез-құлқындағы жеке, жыныстық, жастық ерекшеліктер

  16. Оқытушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекет психологиясы

  17. Балалардың оқуға дайындығын анықтау

  18. Сабақтың психологиялық-педагогикалық зерттеу бағдарламасы. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау

  19. Білім алушының ұйымдастырушылық қабілетін зерттеу

  20. Кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау мақсатымен баланы зерттеу

  21. Мектеп ұжымының психологиялық сипаттамасы

  22. Педагогикалық іс-әрекет стилі.


11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:


  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.
Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі

Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:


Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,

мұндағы Р1, Р2, АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.

Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:


ЖР = (Р1+Р2)/2,

мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі.

Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:



ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,

мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.


Табыс тілейміз!



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.

  2. Возрастная и педагогическая психология/ Под ред. А.В.Петровского. М., 1979.

  3. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., 1999.

  4. Казанская В.Г. Педагогическая психология. СПб: Питер, 2005. 366 с.

  5. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998.

  6. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии/ Под ред. И.И.Ильясова, В.Я.Ляудис. М., 1981.

Қосымша:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности. М., 1990. 376 с.

  2. Бадмаев Б.Ц. Психология и методика ускоренного обучения. М., 1998.

  3. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. А.: Қазақ университеті, 2004. 312 с.

  4. Гальперин П.Я., Талызина Н.Ф.Формирование знаний и умений на основе теории поэтапного усвоения умственных действий. М., 1968.

  5. Мухина В.С. Детская психология. СПб., 1992.

  6. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1993.

  7. Хмель Н.Д. Педагогическая культура и педагогическое мастерство. Алма-Ата, 1974.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет