Педагогикалық технологиялар.
Қарағанды қаласы, ДШБАО №3 АМИ,
директордың орынбасары Смагулова Ш.Ш.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық оқу- мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.
Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңартумен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыруды талап етеді.
Осы ретте біздің педагогтер талабына сай баланың психологиялық, жеке және жас ерекшеліктерін, табиғи қабілеттері мен даму деңгейін ескере отырып, дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге жаңа технология элементтерін таңдап қолдануда.
Мониторинг (басым көп қолданылатын технологиялар)
Жүйелі түрде сабақта және тәрбие сағаттарында қолданылатын технологиялардың бірі- ойын технологиясы.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Түрлі педагогикалық ойынның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуы, оның оқу-танымдық бағыты және педагогикалық нәтижесімен анықталады.
Сабақта ойын элементтерін қолдану бастауыш және орта буын арасындағы бірізділікті сақтай отырып білім беру мен тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. .
Мысалы бастауыш және 5-10 сыныптарда тіл, математика сабақтарында жаңа тақырыпты түсіндіру, қайталау, пысықтау, жаттығу барысында қолданылатын «Сиқырлы сөздер», «Адасқан әріптер», «Ғажайып кесте», «Тылсымсан», сюжеттік-рөлдік, дидактикалық ойындар сабақтан тыс шаралар мен тәрбие сағаттарында да жалғасын табады.
Ойын оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді.
Халықтық педагогика
Халықта «Тәрбие басы – тіл, өнер алды - тіл» - деп бекер айтпаса керек. Сөз арқылы оқушылардың тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытумен бірге оларды адамгершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкенді сыйлау және басқа ізгі қасиеттерге баулимыз. Осы орайда мұғалімдер әр пәнде этнопедагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланып отырады. Мысалы: бастауыш сыныптарда қарапайым жұмбақ шешу, мақал-мәделдерді оқу болса, орта және жоғарғы сыныптарда жұмбақ құрастыру, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, берілген тақырыпқа мақал айту, тыйым сөздер, шешендік сөздер мен айтылымдардың мағынасын ашу, жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрастыру, соларға байланысты шығармаларды еске түсру, мәтін үзінділерінен көрініс, сахналау т.б. жұмыс түрлері қолданылады. Этнопедагогика элементтері тек сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік – тәрбиелік жұмыстарда, тәрбие сағаттарында да енгізіліп отырылады. Өйткені, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары сабақтың заңды жалғасы.
АКТ
Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің бірі- білім беруді ақпарат-тандыру. Білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Ақпараттық-коммуникациялық технология элементтері информатика, математика, қазақ, орыс тілі, еңбек сабақтарының әр кезеңінде ұтымды пайдаланылады.
Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі бала-лардың танымдық, эмоцияналдық, коммуникативтік дамуын жетілдіруде үлесі зор .Яғни,
-оқушылардың логикалық, операциялық, анализдеу әрекеттері дамып, қалыптасады;
-қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы етеді;
-дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді.
Қорыта келе, қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,
ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын дамыту төмендегідей нәтиже береді:
- білім алушының белсенділігін арттыру;
- пәнге қызығушылығын арттыру;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
- білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарау.
Жалпы, сын тұрғысыан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.
Блум жүйесі (Orlich, 1990) бойынша төмендегідей көрініс табады:
1) ең төменгі деңгей – бұл БІЛІМ деңгейі. Оқыту – есте сақтауға, жаттауға, тануға, еске түсіруге бағытталады;
2) одан кейінгі деңгей ТҮСІНУ, таным мақсаты – мазмұнын айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту;
3) ҚОЛДАНУ деңгейінде мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып табылады;
4) ТАЛДАУ деңгейінде – бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәрсені көру, қатысымдықтың ішкі құрылымын табу, себептерін анықтау;
5) СИНТЕЗ деңгейінде – ауызша немесе нақты пән ретінде өзіндік, ерекше туынды жасау;
6) ең жоғарғы деңгей БАҒАЛАУ деңгейінде – бағалау шешімдері қабылданады, қарама-қайшы немесе әртүрлі көзқарастар шешіледі.
Сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді. (
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады:
1-кезең: Қызығушылықты ояту
2-кезең: Мағынаны ашу
3-кезең: Ой толғаныс
Біріншіші кезең – оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады, өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді, қызығушылығын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалынады. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оқушылар ойлана бастайды, болжалдайды, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Мұғалімнің бұл кезеңдегі қызметі – оқушылардың тақырып бойынша білетінін еске түсіруге ұмтылдыру, топтарда жанжалсыз ойлармен алмасуға мүмкіндік беру, аудиторияда айтылған ақпаратты тіркеу. Оқушылардың еркін айтқан барлық ақпараттарын жүйелеу тек қана айтылған пікірлерді тәртіпке салып қоймайды, ол жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт береді. Әрбір оқушы өзінің көңілін қай кезеңге бөлуі керек, ал қай ақпаратты тексеру қажет екенін анықтайды.
Екінші кезең – Мағынаны тану, оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеалар ойға келгенде жүзеге асады. Ең маңыздысы – жаңа ақпарат бойынша жаңа ақпарат алу. Егер қызығушылықты ояту кезеңінде өз танымының бағытын анықтаса, енді мұғалім түсіндіру сәтінде күтілетін нәтижеге сұрақтар қою арқылы екпін бере алады. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру әртүрлі болады. Түсінік беру, жұппен жұмыс, топпен оқу, бейнематериал қарау т.б. болуы мүмкін. Қай жағдайда да оқушы ақпаратты жеке қабылдайды және жеке зерттейді. Мағынаны тану сатысында да өз бетінше белсенді білім ала отырып, мақсатқа жетуді жоспарлайды. Бұл кезеңде оқушы:
1. Жаңа ақпаратпен танысады.
2. Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады.
3. Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді.
4. Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету енгізеді.
5. Жаңа ақпаратпен танысу үрдісін бақылайды, көңілдерін не аударып тұр соны анықтайды.
6. Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға және сараптауға дайындалады.
Оқушының бұл кезеңдегі міндеті – мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу.
Ал, мұғалім:
1. Жаңа ақпараттың тікелей көзі. Ол жаңа ақпаратты қызықты және түсінікті етіп жеткізуі керек.
2. Егер оқушылар мәтінмен жұмыс жасаса, олардың мәтінді оқу барысындағы белсенділігін, ынтасын қадағалайды.
3. Мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда ойланып оқуды және оқығанды талдау үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
Үшінші кезең – рефлексия (толғаныс) білім алудың қорытынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Рефлексия арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым - қатынас жасай алады және жаңа ақпарат пен өз білімінің толығуын тексере алады. Рефлексия үрдісінде игерілген жаңа білім өз біліміне айналады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы – оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын сабақтарымда қолданамын. Мысалы: 3 сыныптағы ана тілі пәні бойынша“Ғажайып адам” атты мәтінге тоқталсам қызығушылығын ояту кезеңі бойынша мынандай сұрақтар қойдым:
- Балалар, сендер қазақ тарихында әр саладан шыққан қайраткерлердің есімдерін білесіңдер ме?
1. Тұңғыш қазақ ғалым-саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
2. Ағартушы ұстаз, оқулық авторы: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
3. Қазақ әліппесін жазған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров
5. Егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
6. Тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған (1909) - палуан Қажымұқан Мұнайтпасов
(1871-1948)
- Яғни, балалар Қажымұқан немен айналысқан?
- Спорт туралы не білесіңдер? Спорт туралы өз ойларымызды ортаға салайық.
“Топтастыру” стратегиясын қолдана отырып, спорт түрлерін атайды.
Мағынаны тану кезеңі бойынша М.Тәнекеевтің «Ғажайып адам» мәтінін оқып танысқаннан кейін дамыту жұмыстарын ұйымдастырдым. Жұмыс барысында оқушылар палуан дегенді қалай түсінесің,Қажымұқанды қазіргі қай спорт шеберімен, қандай ертегі кейіпкерімен салыстыруға болатыны туралы пікірталас басталады.Бұл оқушылардың жұмыс жасау қызығушылық қабілетін арттырады.
Тірек-сызбалар өз бетінше ойланып, қорытынды жасай білуге, теориялық мәселелерді қолдана білуге, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі. Түртіп алу әдісімәтінді оқи отырып түсініксіз сөздерді белгілеп отыру, мәтін оқылып біткеннен кейін оқушы өзі белгілеген сөзді ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |