Педагогикалық технологиялар



бет2/2
Дата08.07.2018
өлшемі109,07 Kb.
#48332
1   2

Толғаныс кезеңі бойынша оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап,алған білімдерін ортаға салады.

«Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының нәтижесінде мынандай нәтижеге жеттік:

1. Оқушының сабаққа деген белсенділігі артты.

2. Мәтінді оқуға қызығушылығы артты.

3. Өз пікірін дәлелдей алады.

4. Шығармашылықпен сұрақ қоя алады.

5. Достарының ойын тыңдауға тырысады.

6. Болжам жасау арқылы елесі, қиялы дамиды.

7. Оқушылардың сезімі дамиды.

8. Ұйымшылдыққа үйренеді.

«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдана отырып өткен сабақтарда оқушы сыни тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар, жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар жүргізу арқылы өз ойларын ашық айта білу,пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады.

Қорыта айтқанда, әр сабақта оқушының жан-дүниесіне еніп, бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн. Өйткені, бала – өміріміздің болашағы. Оларды біліммен сусындатып, өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, саналы азамат етіп тәрбиелеу – барша ұстаздың қасиетті міндеті.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. З. Қ. Кульбаева, Ана тілі сабағында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып №7.  2013, 2 бет

  2. Д. Е. Шурегеева, «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер», Бастауыш сынып №8. 2014, 7 бет

  3. Т.Д. Тағаева, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін сабақтарда қолданудың тиімділігі», Бастауыш сынып №10. 2014, 7 бет

  4. С. Мирсеитова,   «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды, 2011, «Жолдал Е.В» ЖК, 15 – 17 бет

  5. К. Талдыбаева «Білім беру үрдісінде жаңа технологияны пайдалану жолдары», «Бастауыш сыныпта оқыту»  №5  2005, 3 бет

  6. Әр категорияның өз етістіктері болады.

  7. «Білу» деңгейіндегі етістіктер: анықтау, меңгеру, айыра алу, тани білу, еске түсіру, атау, әңгмелеу.

  8. «Түсіну» деңгейіндегі етістіктер: айналдыру, көшіру, өз сөзімен білдіру, иллюстрациялау, дайындау, оқу, ұсыну, өзгерту, басқа түрде жазу, қайта құру, көрсету, сәйкестендіру.

  9. «Қолдану» деңгейіндегі етістіктер: қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу, қайта өзгерту, топтастыру.

  10. «Талдау» деңгейіндегі етістіктер: дәлелдеу, топтастыру, айыра білу, шығару, категориялау.

  11. «Синтездеу» деңгейіндегі етістіктер: жазу, айту, жасау, беру, мадификациялау, құжаттау, шығару.

  12. «Бағалау» деңгейіндегі етістіктер: пайымдау, бағалау, дәлелдеу, шешу.

  13.       

 Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. 

Қашықтан оқыту,мультимедия құралдарының дамуы оқушының білім алуын,олардың белсенділігін арттырады. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері өте көп шексіз. Құрамындағы текстік, графикалық, дыбыстық, видео, Web беттерін    пайдалана отырып электрондық оқулықтар жасауға, неше түрлі мультипрограммалар  жасауға мүмкіндік береді.

  Жаратылыстану пәндерді  оқытуға  арналған  бағдарламалар  анимация, видео және  аудиоэффектілерді  пайдалануымен қызықтырады.

  Жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативті технологияларды (онлайн режимін) пайдалану арқылы белгілі бір қашықтықта отырып білім алуға, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға, өздігінен ізденіп жұмыс жасауына үлкен мүмкіншілік береді.

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері өте көп шексіз. Құрамындағы текстік, графикалық, дыбыстық, видео, Web беттерін    пайдалана отырып электрондық оқулықтар жасауға, неше түрлі мультипрограммалар  жасауға мүмкіндік береді.

  Жаратылыстану пәндерді  оқытуға  арналған  бағдарламалар  анимация, видео және  аудиоэффектілерді  пайдалануымен қызықтырады.

  Жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативті технологияларды (онлайн режимін) пайдалану арқылы белгілі бір қашықтықта отырып білім алуға, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға, өздігінен ізденіп жұмыс жасауына үлкен мүмкіншілік береді.

Активті экран  форматтары арқылы  Windows-тың,  Excel немесе Word форматтарына жеңіл түрде ауыса алады. Сонымен қатар активті экран программалық пакеті жиі қолданылатын текстік, графикалық, дыбыстық, видео,  Web страницалардың түрлі форматтарынан кітапхана құруға мүмкіндік береді.Сабақта мультимедиялық технологияларды пайдалану бейнелік және аудиоэффектілік (графикалық, гипермәтінді, дыбысты, анимациялы бейнелік көріністер) әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді  интерактивті программмалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын арнайы әр түрлі функцияларды пайдаланамыз.

  Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында интерактивті тақтаны қолдану  қазіргі заман талабындағы ең үздік жаңа ақпараттық коммуникативті технология. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

  Интерактивті тақтаны мынадай жағдайларда қолдануға болады:

 -теориялық материалды өздігінен меңгеруге,

  -сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға,

  -тез арада қайтарма байланыс болуына,

  -қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға,

  -сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі,шығармашылық тапсырмалар орындауға,

  -әрбір жеке тұлғаның білімін,білік іскерлігін әрбір тақырыптар,әрбір тараулар бойынша тексеруге,бағалауға,

  -емтиханға,ҰБТ-ға дайындық кезеңдерінде пайдалынады.

  

Білім берудің интенсивті автоматты үрдісін,ойын түрін пайдалануға оқушының жеке қабілетін есепке алуға,білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп,оқушының өздігінен білім алуға,пәнге қызығушылығын арттыруға болады.



     Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияның тиімділігі:

  -білім заман талабына сай болады.

  -қажетті білімді толығымен алады.

  -білімді өздігінен меңгереді.

  -өзін-өзі бағалай алады.

  -өз жетістігін көре алады.

  -оқушы ізденіске, шығармашылыққа бағытталады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...  оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. саналады Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулыққа тоқталар болсақ...

Бағдарламалық-теникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.   Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

     Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

-         Пән бойынша базалық білімді меңгерту;

-         Алған білімді жүйелеу;

-         Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

 Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

)орытынды

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қ

              



Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

              



оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.

     Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

            Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

     Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

            Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,
соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.
Неміс педогог-дефектолог .Шуман.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным  процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.

Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту, қосалқы бағдарламамен оқыту сыныптары біртіндеп  ашылып жатыр.

 

Оқыту құралдары ретінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен.

Сабақта түрлі әдіс-  тәсілдерді қолдану мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық, эмоцияналдық, коммуникативтік дамуына жетілдіруге үлесінің зор екендігі практика жүзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен көруге болады.

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:



  • Ø Әдістемелер арқылы іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды әрекеттері дамып, қалыптасады;

  • Ø Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;

  • Ø Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;

  • Ø Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;

А

Сондықтан да инклюзивті білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын құрастырып, түзете- дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігі зор екендігі белгілі. Инклюзивті оқытуда мұғалім жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор.

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

       Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

       Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде “үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?” деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:

        • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

        • сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

        Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.

        Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен" айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

       Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.

       Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

Сегодняшний день характеризуется тем, что многие области человеческой деятельности, в том числе и образование, стремительно развиваются за счет внедрения различных инноваций. Происходящее в последние годы в Казахстане преобразования в образовании, усложнение его структуры и содержания предъявляют к современному специальному педагогу все более высокие требования. Учитель-дефектолог должен быть мобильным в быстро меняющихся условиях.

В человеческой культуре любого общества существует специально созданное образовательное пространство, которое включающее в себя традиции и научно обоснованные подходы к обучению детей разных возрастов в условиях семьи и образовательных организациях. Первичные нарушения (анализаторные, интеллектуальной деятельности и др.) приводят к так называемому «выпадению» [1] ребенка из этого социально и культурно обусловленного образовательного пространства,  нарушается связь с социумом, культурой как источником развития. Взрослый человек, как носитель этой культуры, может и не знать, каким образом передать ребенку с нарушениями в развитии тот социальный опыт, который каждый нормально развивающийся ребенок приобретает без специфичных средств, методов обучения. По отношению к детям с нарушениями развития перестают действовать или оказываются не достаточно эффективными традиционные способы решения развивающих и образовательных задач на каждом возрастном этапе.

Возросшие требования к образованию детей с нарушениями развития в современных социокультурных условиях определяют необходимость модернизации содержания образования в специальных (коррекционных) организациях, обуславливают необходимость поиска новых педагогических технологий их обучения и развития [4].

Сегодня использование инновационных технологий в большей мере находит свое отражение в общеобразовательных школах. Компьютерные новшества, учителя общеобразовательных школ используют как на предметных уроках, так и на специальных предметах, таких как информатика.

Включение компьютерных технологий специалистами-дефектологами в различные содержательные области специального образования, начиная с первых лет школьного обучения, позволит использовать их в качестве инструмента учебной деятельности, отвечающей возрасту, уровню развития, этапным задачам коррекционного обучения каждого ребенка. Компьютерные технологии, по сравнению с другими средствами создают реальную возможность индивидуализации коррекционного обучения в условиях класса, обеспечения каждому ребенку адекватных, лично для него, темпа и способа усвоения знаний, предоставления возможности самостоятельной продуктивной деятельности, обеспеченной градуированной системой помощи.

Учитывая, что основным видом деятельности детей семи-девяти лет является игра, можно утверждать, что именно компьютер с его широким спектром возможностей интерактивного взаимодействия помогает решить обозначенную выше проблему. Проведение  компьютерных игр всегда носит полифункциональный характер, т.е. происходит не только усвоение знаний и развитие основных качеств учащихся согласно целям проведения этих игр, но ещё и развитие внимания, зрительно-моторной координации, познавательной активности. Происходит и развитие произвольной регуляции деятельности учащихся: умений подчинить свою деятельность заданным правилам и требованиям, умений сдерживать свои эмоциональные порывы, планировать свои действия и предвидеть результаты своих поступков.

Необходимо оживлять уроки элементами занимательности. Отгадывание загадок, сборка пословиц и поговорок по опорным словам. Составление последовательности по карточкам, где написаны этапы обработки узла или швейного изделия. Использования принципа игры в «Домино» на уроках швейного дела. Составление и разгадывание кроссвордов.

Такие упражнения помогут школьникам: снять усталость на уроке; активизировать учебную работу в классе, повысить активность и инициативу школьников.


  1. Второе условие, обеспечивающее формирование познавательных интересов и личности в целом, состоит в том, чтобы вести учебный процесс на оптимальном уровне развития учащихся. В коррекционной школе 8 вида для достижения этого условия используется технология разноуровнего обучения по В. В. Воронковой.

Это индивидуальный, дифферинцированный, личностно – ориентированный подход.

Практиковать индивидуальные задания, разные по уровню сложности;

Психологическая роль успеха выступает в двух планах: как предпосылка интереса и как дополнительный мотив, укрепляющий.


  1. Третье условие – опора на жизненный опыт учащихся, достигается путём витагенной технологии обучения.

Витагенное обучение – обучение, основанное на актуализации жизненного опыта, личности, ее интеллектуально-психологического потенциала в образовательных целях.

Сын тұрғысынанойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм, дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына, синквин, т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысындатөмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

« Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарыныңалғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші«мағынаны тану» кезеңінде / жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді жан- жақтыжәне әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлауүрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау/. Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттардыөз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатынболады. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуініңарқасында болып жатқан өзгерістер.

С

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.



ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.

Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.



Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.

Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау,жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің  мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

Заты мен аты

Ойынның мақсаты:Балаларды дұрыс сөйлеуге жаттықтыру , тілдерін ұстарту.

 

Жемістердің бәрі бар,



Бау бақшадан танып ал.

Ол үшін не керегін,

Берем әр зат дерегін:

Біреуін қағу керек,

Біреуін шағу керек,

Біреуін жару кещрек,

 

Біреуін ору керек,



Біреуін қазу керек,

Біреуін үзу керек,

Біреуін үгу керек,

Біреуін жұлу керек,

Біреуін турау керек,

Біреуін турау керек,

Біреуін теру керек,

Біреуін тілу керек,

Біреуін аршу керек,

Біреуін қуыру керек,

Біреуін пісіру керек,

Шатастырмай айт,қане,

Ол қай жеміс аттары?

 

 



Қағатының –алма,

Шағатының-жаңғақ,

Жаратының-қарбыз

Оратының-тары,

Қазатының-картоп,

Үзетінің-жүзім,

Үгетінің-жүгері,

Жұлатының-қияр,

Турайтының-капуста,

Теретінің-шие,

Тілетінің қауын,

Аршитының пияз,

Қуыратын- күнбағыс ,

Пісіретін –асқабақ...

Міне,осы дұрысы.

Ал,қалайша бұрысы ?

Қарбызды қақпайсың,

Алманы шақпайсың,

Пиязды жармайсың,

Жаңғақты ормайсың,

Асқабақты қазбайсың,

Картопты жұлмайсың,

Капустаны үкпейсің,

Тарыны үзбейсің,

Жүгеріні турамайсың,

Күнбағысты термейсің,

Шиені тілмейсің,

Жүзімді аршымайсың,

Қауынды қуырмайсың,

Қиярды пісірмейсің.    

 

«Жануарлар қалай дыбыстайды»



Жылқы-кісінейді,шұрқырайды,азынайды.

Сиыр-мөңірейді,өкіреді.

Қой,ешкі-маңырайды.

Түйе-боздайды,сарнайды.

Шошқа-шыңғырады,қорсылдайды.

Ит-үреді,ырылдайды,арсылдайды,қыңсылайды.

Мысық-бырылдайды,мияулайды.

Тышқан –шиқылдайды.

Қаз-қаңқылдайды.

Үйрек-бырқылдайды,қырқылдайды.

Мекиен-қыт-қыттайды.

Әтеш-шақырады.

 

 

Бүркіт-саңқылдайды.



Торғай-шырылдайды.

Бұлбұл-сайрайды.

 

Қарға –қарқылдайды.



Безгелдек-безектейді.

Сауысқан-шықылықтайды.

Бөдене –бытпылықтайды.

Шыбын-ызыңдайды.

Бөгелек-ызылдайды.

Бәкішек (шегіртке)-тызылдайды.

Жылан-ысылдайды,суылдайды.

Бақа-бақылдайды,бақырады.

Аю-ақырады,өкіреді.

Қасқыр-ұлиды,ырсылдайды.

Түлкі-ырсылдайды,шәңкілдейді.

Күзен-шақылдайды.

Суыр-шулайды.

Борсық-пырсылдайды.

Құндыз –сыңсиды.

Арыстан-күрілдейді,ақырады.



Жолбарыс-күркілдейді,бұрқанады.

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным - белсенділігін арттыру.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10 - 20 минут ішінде) презентация, сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2 - 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең - кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз - өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден - бір технология. Модульдік оқыту технологиясын 7а сыныбында
пайдаландым.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп, өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым - ережелерді біледі.
Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысын қарастырайық.
І кезең (5 - 7 минут)
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй жұмысын тексеру
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу дәрежесі тексеріліп, тиісті ұпай саны өткен сабақтың соңында жиған ұпайына қосылады. Бұл әрекетті орындау механизмі төмендегі «Тақырыптық жоспар» кестесіндегі соңғы бағанда келтірілген): Үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Мұғалім әрбір оқушының үйде орындаған тапсырмалар үшін жинаған және қорытынды ұпайын «ашық журналға» жазады, тиісті бағаға айналдырып, сынып журналына қояды.
3) Өткенді пысықтау. Мысалы қорыту бойынша өткізілген 7 а сыныбындағы «Paint шыңы» сабақ жоспарын қарастырайық.
- Ұйымдастыру кезеңі
«Paint шыңы» ойыны
Шығармашылық жұмыстарын қорғау
- Үйге тапсырма
- Бағалау
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының, сыныптан тыс өткізетін шаралардың орны ерекше. Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының, сыныптан тыс өткізетін шаралардың орны ерекше.

Жұмыс түрлері


Жаңа оқыту технологияларын қолдану


Оқушылардың міндеттері
  1. Сабақта халық ауыз әдебиеті шығармаларын қолдану (мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер) тесттер, баяндамалар.


  2. Сыныптан тыс шаралар:


а) сынып сағаттары;

б) спорттық жарыстарға қатысу (ұлттық ойындар);

в) мерекелік шаралар: Наурыз мерекесі, Тәуелсіздік күні, Республика күні, Масленица.

3. Үйірмелер жұмысы.

М. М. Жампеисованың модульдік технологиясы,

Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы,

ойнау технологиясы, жұптық жұмыс, 

топтық жұмыс, 

дебаттар

  1. Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

  2. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен жұмыс істеу.


  3. Әдеби шығармаларды оқып сурет салу, әр-түрлі көрнекі-құралдар жасау.


  4. Сабақтас тыс шараларға белсене қатысу.


  5. Шығармашылық жұмыстарды орындау:


а) рефераттар;

б) баяндамалар;

в) проекттер.



Біздің әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері қазақ тілі мен қазақ әдебиетін өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында этнопедагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланып отырады. 

Мысалы, қазақ тілі сабағында етістіктің бұйрық райын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, халқымыздың тиым сөздерін ұтымды пайдалануға болады. Тиым сөздер – халықтың тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл – кеңес берудегі құралдардың бірі. Халықта: «Тыйымсыз елдің жастары дуана» - дейді. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет, жат пиғылдан, ерсі – қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы, «Малды теппе», «Бөркіңді теріс киме», «Босағаны керме», «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Сабаққа кешікпе», «Үлкендердің сөзін бөлме» т.б. сөздер арқылы ата – бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген. Халықта «Тәрбие басы – тіл, өнер алды - тіл» - деп бекер айтпаса керек. Сөйтіп, сөз арқылы біз экологиялық тәрбие берумен бірге адамгершілік, жауапкершілік, отанға деген сүйіспеншілік сияқты ізгі қасиеттерге баулимыз.

Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске түсіреміз. Мысалы: Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берсе :

Адам болам десеңіз

Бес нәрсеге асық бол, 

Бес нәрседен қашық бол – дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін этно тұрғыдан өткіземіз. Ал қазақ халқының салт дәстүрлері тақырыбын өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзіінділерден балаға, жастарға айтылған нақыл сөздер мен тілектердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақ отбасында ежелден бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгеніне назар аударған абзал.

Қазақ халқының сакральды (қасиетті ) ұғымдарының бірі – «Отан» ұғымы болған. Оған арналған көптеген мақал – мәтелдер бар. Мысалы: «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Отан оттан да ыстық». Көптеген мақал – мәтелдер бірлікке, ынтымаққа шақырады. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Ал еңбек, еңбекқорлық туралы қаншама: «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Ел дәулеті – еңбек», «Берген алар, еккен орар».

Сонымен қатар, қазақ халқының мақал – мәтелдері жас ұрпақты, ата – ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған. «Жеті атасын білмеген – жетім», «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап, қыз өсер», «Ағайын алтау, ана біреу». Оқушыларды тәрбиелеуде отбасында сақталатын салт – дәстүрлердің орны ерекше. Шілдехана, тұсау кесу, тілашар сияқты дәстүрлер балаларды жасынан ата – анасын сыйлап, туған – туысқандарын біліп, сыйластық қарым – қатынаста болуын тәрбиелейді. Қазақтың халық ойындары – мәдени мұралардың бірі болап саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойын барысында балалар өмірдегі оқиғаларды бейнелейді. Ойындар екі топқа бөлінеді: шығармашылық және ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарында бала өз ойынап шығарын ойнаса, екінші топ ойындары: дидактикалық және баланың ойлау дағдысын қабілетін бағытталған түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу музыкалық, эстетикалық, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ойын барысында өмірде болатын оқиғалар бейнеленеді және қазақтың ұлттық ойындарының көбі дене тәрбиесіне бағытталған. Ойындарды біз сабақта сергіту минуттарында, сабақтан тыс шараларда кеңінен қолданамыз.

Этнопедагогика элементтерін тек сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік – тәрбиелік жұмыстарда да енгізіп отырамыз. Өйткені, бұл оқушылардың ұлттық рухта тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары сабақтың заңды жалғасы. 

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беруде мектепте өтетін үлкен мерекелердің маңызы зор. Өйткені, оқушылар бірігіп, суреттер салады, залдарды әшекейлейді., мейрамға сәйкес әдемі киімдерін киеді.Жыл сайын өткізілетін «Наурыз» мерекесі, «Тілдер күні», «Республика күні» сияқты мерекелерге барлық ұстаздар мен оқушылар белсене қатысады.

Сіздердің назарларыңызға осы мерекелерде өткен іс – шаралардан көріністер ұсынамыз.

Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Олар әскери дайындық, ән – күй сабақтарынан, би үйірмесі, экология үйірмесі, қазақ тілінде өтетін үйірмелер: «Қазақшаңыз қалай?» 7 сынып Нұрпейісова Г.Ш, «Қазақша сөйлей аласыз ба?» 8 сынып Ахметова М.Д, «Қожанасыр әлемінде» 4 сынып Рахимова А.С, Арымбекова А.Т., «Кел қазақша сөйлесейік» 5 сынып Дабинова А.Т. Оларды сынып жетекшілігі жоқ мұғалімдер жүргізеді. Бұл үйірмелердің негізгі мақсаты: оқушыларды қазақ тілінде ауызекі сөйлету, қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларымен тереңдетіп таныстыру, қолөнері салаларымен таныстыру, эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушыларды Ұлттық патриотизмге, Отанын сүюге, салт – дәстүрлерді білуге, олардың маңыздылығын түсінуге, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын қалыптастыру, ал үлгерімі жақсы оқушылардың білім – біліктілігін жоғарлату. Сөйтіп, біздің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдерді өз тәжірибесінде халық педагогикасының элементтерін кеңінен қолдана отырып бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі.

Өйткені жас ұрпақ – біздің келешегіміз және де этнопедагогика элементтерін күнделікті сабақ барысында, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану: біріншіден, басқа ұлт балаларының халқымыздың салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын, түсінушілігін тудырса; екіншіден, олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға жағдай жасайды.

Қолданылған әдебиет.


  1. Б.М. Бим-Бад, Э.Д. Депров «Мудрость воспитания» Педагогика 1987 г.


  2. К.Д. Ушинский «Сборник произведений» Москва 1957 г.


  3. Журнал «Воспитание школьника» №6 2005 г., №15 2006 г.


  4. Е.В. Зворыгина «Игра дошкольника» Просвещение 1989 г.



  5. Халық педагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланып информатика

  6. сабағында «Ақпарат түрлері», «Компьютер құрылғылары», «Paint графикалық редактор» тақырыптарын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, нақыл, тыйым сөздермен ертегілерді        ұтымды пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақ халқының мақал – мәтелдері жас ұрпақты, ата – ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге  бағытталған.

  7. Қазақтың халық ойындары – мәдени мұралардың бірі болап саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойындар екі топқа бөлінеді: шығармашылық және ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарында бала өз ойынап шығарын ойнаса, екінші топ ойындары: дидактикалық және баланың ойлау дағдысын  қабілетін бағытталған түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ұлттық ойындарды сабақта сергіту минуттарында «Бес саусақ», «Жылдам айт» үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіту, қайталау сабақтарында «Ақсүйек», «Сиқырлы сандық» «Найза ату», «Асық» ойындары   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, шапшаңдыққа баулиды.

  8. Халық педагогика элементтерін тек информатика пәнінде емес басқада пәндер арасында қолдануға болады және сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік – тәрбиелік жұмыстарда да қолданылады. Оқушылардың ұлттық рухта тәрбиеленуіне мол мүмкіндік береді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларымен тереңдетіп таныстыру, ұлттық ойындары арқылы эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушыларды Ұлттық патриотизмге, Отанын сүюге, салт – дәстүрлерді білуге, олардың маңыздылығын түсінуге, пән сабақтарына қызығушылықтарын арттыру.Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларға халық педагогикасының элементтерін қолдана отырып, ақпараттық – технологиялар түрлерін үйренуге деген ынтасын қалыптастыру, ал үлгерімі жақсы оқушылардың білім – біліктілігін жоғарлату. Жас ұрпақ – біздің келешегіміз және халық педагогика элементтерін күнделікті сабақ барысында, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануда оқушылар бойында өз халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарын, ауыз әдебиттерін ұмыт қылмауы. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.

  9. Қ

Халықтық педагогиканы жаңа технологиямен байланыстыра отырып оқыту
Мақсаты:
1.Оқушыларға білім беру барысында жаңа технология элементтеріне жүгіне отырып,ұлттық педагоиканы қолдану

Күтілетін нәтиже:
1.Мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы арасында байланыс күшейеді
2.Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
3.Халық қазынамыз оқушылар есінде сақталады
Осыған мынандай педагоикалық ережелерді басшылыққа аламыз:
-оқыту мен тәжиірбенің байланысы;
-оқытудың тәрбиелігі;
-оқытудың ғылымилығы;
-оқытудың жүйелігі;
-оқушылардың саналылығы мен белсенділігі;
-оқытудың көрнекілігі;
-оқытудың түсінуге оңайлылығы, т.б.

Коммуникативтік технология деп оқуға қатысушылардың барлығын мүмкіндігінше құрал жабдықтарды мен ақпарлардың барлығын қатыстыра отырып, өзара белсенді тілдік қатынасқа енгізе отырып, оқу үрдісін құруды айтады. Қолданылатын жұмыс түрлері: ынтымақтыстықта оқу( мұғалім мен оқушы), жұптық оқу (оқушы-оқушы бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт),оқу-тілдік диолог (өзара пікір алмасу).Бұл технологияның ерекшелігі алдыңғы орынға тілдік қарым-қатынас(сөйлеу) қойылады.Оқушы өз ойын жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық минимум алдын-ала тапсырылады. Мысалы, «Мектеп» моделі бойынша «Менің мектебім» деген диолог беріледі.Сонда оқушыға тәуелдік жалғауды, сын есімнің шырайларын қайталап келу тапсырылады.Ұлттық педагогикамен байланыстырғанда «Бәйге» ойынын жаңа сабақты бекітер кезде өткізуге болады. 
А. Менің сыныбым әдемі
М. Ал менің сыныбым әдемірек
А. Менің мектебім үлкен
М. Менің мектебім үлкендеу
А. Мектебімнің терезелері кеңірек
М. Менің мектебімнің терезелері өте кең
А. Мектебімнің іші өте таза
М. Ал, менің мектебімнің іші тап-таза
А. Мен мектебімді өте жақсы көремін
М. Мен мектебімді тым жақсы көремін
«Бәйге» ұлттық о«Бәйге» ұлттық ойын. Белгілі мәреге жүйрік тұлпары бар адам жетеді. Сабақта кідірмей жауап берген оқушы жетеді.Мұнда коммуникативті технологияның принцібі көрінсе, екіншіден ұлттық ойын арқылы оқушының белсенділігі артып, сынып алдында сөйлеу дағдысы қалыптасады

.Сабақта мақал- мәтелдер,жаңылтпаштар,аңыздарды оқытамыз, сонда деңгейлік тапсырма өте қолайлы. Нәтижесінде оқушының қабілеті ашылса, екіншіден мақалды есінде сақтап,тәрбиелік жағы есінде қалады.7 сыныпта «Менің достарым» деген тақырыпта мақал-мәтелдер берілген.Оқушыларға мынандай тапсырма беріледі.
5-тапсырма.
1.Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді
2.Адам досымен мықты,
Ағаш тамырымен мықты.

Бірінші деңгей. Мақалды оқы,аудар
Екінші деңгей. Мақалды жаттап,ішінен тәуелдік жалғауын көрсет
Үшінші деңгей. Мақалды қара сөзбен жаз.
Төртінші деңгей. Мақалды байланыстырып, досың туралы жаз.(үйге беруге болады)
Сабақта мәтінді өткенде немесе қайталау сабақ болғанда оқушылардың шығармашылық іздемпаздығын, қабілеттерін арттырып,бірлесе қимыл жасауға тәрбиелеуде ойын арқылы оқытудың әдісі қолайлы.
1.Тақтаға кесте сызылып, әрбір жауапқа «+» белгі қойылып отырады. 
Сабақ қазақтың ұлттық ойындары – көкпар, бәсеке сайыс ретінде өтеді. 
Мысалы: а) Мәтінді мәнерлеп оқы (О О)
ә) Аудармасын тап (О О)
б) Сұрақ құрастыр, жауап бер.(О сұрақ,О жауап)
в) Грамматикамен байланыстыра тапсырма ( зат есімді тап, т.б.)
г) Жоспар құр (жазбаша)
д) Мазмұнын айт
Аты-жөні 1 2 3 4 5 6 Ұпай Баға
1 Ермек.Ш + - - + - - 2 3
2 Ұлан Т. + + + - - - 3 3
3 Санжар М. + + + + - + 5 4
4 Ынтымақ + - - - - - - -
5 Жанерке + + + + + + 6 5
Грамматикалық тақырыпты өткенде,мәтіндерді бекіткенде әр түрлі тірек сызбаларды, кестелерді қолданамыз.Осында ұлттық оюларымызды пайдалансақ,біріншіден оқушыларға эстетикалық тәрбие берсе, екіншіден ойларында сақтап қалады.Мына үлгі тәжиірбелі ұстаздардың еңбегінен алдым.
Үстеуді тіркеме сабақ түрінде өтуге арналған таблица
(«тарақ» оюсына салынған)
7 сынып. Үстеу 

Қорыта келгенде қазақ тілін оқыту процесінде заманымыздың даму қарқынынан қалмай


-АКТ-ны ұлттық ойындарымызбен байланыстыра отырып сабаққа енгізуге;
- халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалануға:
- ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін бүгінгі күн талабымен ұштастыруға;
- оқушылардың тілдік материалды толық меңгеруіне;
- олардың сабаққа ынтасын арттыруға;
- сабақты ұйымдастыру мен өткізудің әдіс - тәсілін байытуға жол ашады деп ойламақпын.

  • Күн

Сабақ барысында оқушылардың шаршауын болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де, мұғалімнің міндеті –сабақ барысында оқушыны шаршататын әсерлерді азайту, сабақты ұйымдастыруда денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдістерді, технологияны қолдану. Жалпы денсаулыққа зиянды әсер ететін факторлар. 

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, демалдыру, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
«Топтастыру». Ойды, идеяны жинақтау, яғни оқып білгендерін жинақтап бекітетін, қорытындылайтын тәсіл. Әсіресе, енжар оқушыларды жазуға ынталандыру, белсенділік таныту, өз білгенін тақтаға не дәптерге жазу.
«Хронологиялық кесте» — оқушының көз жанарын сақтауда, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда, өз ойларын жүйелі баяндауда, тестпен жұмыс жасауда тиетін көмегі зор.
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабақ (Өткенді қайталау) Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сыныбы: 11- сынып Пәні: Қазақ әдебиеті
raznoe -> Сабақ: Театр Күні: 20. 07. 2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Калыкова Д. А
raznoe -> Тіл дамытуға арналған мәтіндер Тауық, тышқан және құр
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Ақ бата Сабақтың мақсаттары
raznoe -> Сабақтың мақсаты : Ұлы ақын туралы өмірбаяндық деректер беру. «Қыс» өлеңінің мазмұны мен мәнін ұғындыру
raznoe -> А.Қ. Шайхысламова
raznoe -> Іс-шараның тақырыбы: «Қазақша сөйлей білеміз бе?» Мақсаты: оқушыларға қазақ тілін тереңірек үйретіп, сөздік қорларын байыту. Құрметті ұстаздар мен оқушылар қош келдіңіздер! Бүгін 1-4 сынып аралығында «Қазақша сөйлей білеміз бе?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет