Педагогикалық вуздарда математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытудың педагог- математикті даярлаудағы рөлі.
Орынбасарова А.Ж., Ибинова Я.П. – магистранттары
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Аңдатпа
Мақалада математикалық ашық мәселерді шешуге оқытудың дамыту жолдары қарастырылған. Бүгінгі ЖОО-дарында математиканы оқытудың ағымдағы жай-күйін зерттеп, тиімділігін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытудың ЖОО–да педагог-математикті даярлаудағы тиімділігі көрсетілген.
Резюме
В статье представлены пути развития обучения решению математических открытых задач. Были проведены исследования с целью изучения современного состояния преподавания математики в современных университетах и определения его эффективности. Показана эффективность обучения решению математических открытых задач при подготовке учителя-математика в вузе.
Summary
The article presents the ways of developing learning to solve mathematical open problems. Research has been carried out to study the current state of teaching mathematics in modern universities and to determine its effectiveness. The effectiveness of learning to solve mathematical open problems in the preparation of a teacher-mathematician at a university is shown.
Кілт сөздер: инновация,фундаментализациялау,цифрлық білім беру, жаңа формация мұғалімі, рефлексия, держава, коммуникативті, дидактика.
Бүгінгі таңда тиімді қоғам құрудың басты міндеттерінің бірі білім жүйесін жаңғырту болып есептеледі.
Нақты өмірдегі түрлі құбылыстарды зерттеудің негізгі жолдарының бірі оларды математикалық модельдер құрып, зерттеу екендігі түсінікті. Математикалық модельдер нақты өмірдегі кездесетін мәселелерді математикалық ашық есептерге түрлендіруге мүмкіндік береді.
Математикалық ашық мәселелерді шешуге оқыту процесі жеткілікті зерттелмеуі, болашақ математика педагогін даярлауды толық кәсіби қызметке бейімдеу және шешудің қажетті жолдарын айқындаудың маңыздылығы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Педагогикалық вуздарда математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытудың педагог- математикті даярлаудағы рөлі» деп алуымызға себеп болды.
Қазақстандық мектептерге орта білімде жаңартылған білім мазмұнының енгізуге байланысты ЖОО-да болашақ математика педагогтерін даярлығын жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Себебі, педагогикалық ЖОО-да математикалық ашық мәселерді шешуге оқытуда бірқатар қиындықтар бар, бұл мәселе зерттеуімізде қарастырылады.
Қазақстандық мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшудің тиімділігі педагогтардың инновациялық процесстердің негізгі идеяларын түсіну деңгейіне және осы өзгерістерді іске асыру дайындығына байланысты. Олай болса, болашақ педагогтарды, атап айтқанда математика пәндерінің оқытушыларын даярлау жүйесінің жауапкершілік шаралары ұлғаюда. Жоғары оқу орындарының рөлі орта білімдегі жаңартылған білім мазмұнына жеделден қоюдан тұрады.
ЖОО-да болашақ математика педагогтерін даярлау проблемасының бірі жаңа форматтағы педагогтерді даярлауға бағытталған білім бағдарламаларын әзірлеу болып табылады. Болашақ математика педагогтерін даярлау мәселелері қазіргі таңда өте
маңызды. Цифрлық білім технологиялары мен ғылыми әдістердің біздің адамзат өміріміздің барлық салаларына және барлық мамандықтарға кеңінен енуі мектепте оқытудың жалпы деңгейін арттыруды талап етті. Педагогикалық жоғары оқу орнында математикалық ашық мәселерді шешуге оқыту мен математика педагогтерін даярлаудың нәтижелілігі жағдайында мәселелері бойынша түрлі әдебиеттерге жүргізілген талдау барысында келесі қарама-қайшылықтар анықталды:
- қалыптасқан қазақстандық білімді жаңғырту тұжырымдамасының талаптарында сай маманға қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен ЖОО-да математика педагогінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру қажеттілігі арасында;
- математикалық пәндерді оқыту мен оқытудағы инновациялық процесстердің педагогикалық зерттеулерінің объективті нәтижелері мен математика педагогін көп жағдайда дәстүрлі оқыту әдістеріне жүгіне даярлаудың нақты қолданыстағы жүйесі арасында;
- жоғары педагогикалық білім мазмұнын жаңғырту процесінің баяулығы, себебі оқу пәндерінің мазмұнын іріктеуде дәстүрлі тәсілдердің сақталуы, сондай-ақ қазіргі уақыттың міндеттерін лайықты бағалауының әдіснамалық идеяларының айқын тапшылығы.
Зерттеудің мақсаты - математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытудың вуздарда педагог-математикті даярлаудағы рөлін негіздеу.
Зерттеу нысаны - вуздарда математикалық ашық мәселелерді шешуге оқыту процесі болып табылады.
Зерттеу пәні - педагогикалық вуздарда математикалық ашық мәселелерді шешуге оқыту жүйесі.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сүйене отырып, зерттеудің мынадай міндеттері қойылды:
1.Қазіргі заманғы талаптар негізінде болашақ педагог-математикті даярлаудың педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
2.Математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытудың жүйелік моделін әзірлеу;
3.Вуздарда математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытуды іске асыру жолдарын эксперименталды түрде тексеру.
Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді шешу үшін олардың өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасауын іске асыратын принциптерінен тұратын мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды:
- әлеуметтік зерттеу әдістері: математика пәні оқытушыларының сабақтарына қатысу, оқытушылармен, білімгерлермен, магистранттармен және мектеп мұғалімдерімен ауызша және жазбаша әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу.
- эмпирикалық зерттеу әдістері: зерттеу болжамын растау үшін педагогикалық эксперимент жүргізу, статистикалық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, эксперимент нәтижелерін талдау және өңдеу.
Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерді талдау көрсеткендей,
болашақ математика педагогтерін даярлау белгілі бір компоненттерді қамтитын интегративті сипаттама болып табылады. Математикалық пәндердің оқытушысы қызметінің негізгі құрамдас бөлігі - оның әдістемелік дайындығы, әсіресе оның математикалық мазмұнмен жұмыс істеу сипаттамасы болып табылады (Моро М.И., Колягин YU.M., А.Абылқасымова, А.Нугусова, С.М. Сеитова және т.б.).
- К.Д.Ушинский, YA.A. Коменский, Дж.Брунер, Б. Блум, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, Г.В.Томский,В.Д.Шадриков,Д. Рахымбек, А. Е.Абылкасымовой, Б. Баймуханов, С. Е. Шакиликова, С. С. Маусымбаева, Е. У.Медеуов, И. С. Сабырова, А. А. Молдажановой, Г. Р. Алимбекованың педагогтардың, психологтардың, математик - әдіскерлердің болашақ мұғалімдерді дайындау және инновациялық қызмет әдіснамасы, теориясы мен практикасы бойынша негізін қалаушы еңбектері;
Қазақстандық білімді жаңғыртудың заманауи кезеңі педагогтің кәсіби даярлығына, олардың оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын меңгеруіне жоғары талаптар қояды. Бұл, бір жағынан, вуздарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа, неғұрлым тиімді жолдарын, атап айтқанда, білімгерлердің әдістемелік даярлығының құрылымы мен мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Екінші жағынан, «педагогтің кәсіби педагогикалық қызметі» ұғымының өзі қазіргі уақытта белгілі бір өзгерістерді талап етеді.Кейбір ғалымдардың пікірінше, математикалық пәндерді оқытуды жүйелік-әдістемелік қамтамасыздандыру болашақ математика педагогтерінің тұлғасын дамытудың, атап айтқанда олардың кәсіби қалыптасуының шығармашылық ортасын құрудағы оқыту процесінің тиімділігінің маңызды педагогикалық шарты болып табылады (А.И. Лыжин, А.В. Хуторская, Каскатаева Б.Р., Кадирбаева Р.И).
Қазіргі уақытта педагогикалық жоғары оқу орнында болашақ математика
педагогтерін даярлау проблемасына арналған көптеген зерттеулер бар. Мысалы, Н.Л.Стефанова мен Н.С. Подходованың монографиясында математикалық білім берудің қазіргі әдістемелік жүйесін дамытудың теориялық аспектілері берілген [2]. А.М. Пышкалоның зерттеулерінде мақсаты, мазмұны, әдістері, нысандары мен құралдары сияқты компоненттерді қамтитын «математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі» ұғымы енгізілген [3].
Оқытудың дәстүрлі әдістері мен оқу процесін ұйымдастырудың формалары студенттерді математиканы оқытуға арналған кейбір қадамдармен "таныстыруға" бағытталған, ал педагогті даярлау инновациялық тәсілдерге сәйкес құрылуы керек: Математиканы ашық мәселерді шешуге оқыту процесінде белгілі бір іс-әрекет түрін сәтті қалыптастыру үшін болашақ маман өзінің педагогикалық жағдайға сәйкес келетін іс-әрекетті жүзеге асыруы керек (Tian Lin , в.п. Беспалько, Саранцев, Л. М. Фридман, А. Е. Әбілқасымова және т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: |