Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»



бет5/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика

Аудиториядан тыс сабаққа талдау
Пәннің аты: Қорықтану ісі негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қорғауға жататын өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі.
Топ: 6В05101-«Биология», 4-курс
Оқытушы: Сембинова Ж.Ж.
Өткен орны: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕ АҚ, 1-оқу ғимараты, 410 аудитория, сағат 9:50, 23.11.2022
Біз 2022 жылдың 23 қараша күні 6В05101- «Биология» мамандығының 4-курс студенттерімен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 1-оқу ғимаратындағы биология кафедрасының В. С. Бажанов атындағы табиғат мұражайына сабақ өткізуге бардық. Осы мұражайдағы көптеген жаратылыстану коллекцияларын қарап, сабақ барысында қолдандым. Бұл жерде біздің сабақ тақырыбымызға байланысты қорғауға жататын өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің көптеген коллекциялары жинақталған. Студенттер осы сабаққа дайындап келген плакаттарымен бөлісе отырып, тақырыбымызды кеңінен ашып берді.
Мұражайдың құрылу мақсаты жануарлар әлемінің биоалуандылығын жоғары оқу орындары студенттеріне және облыстың мектеп оқушыларына таныстыру болып табылады. Жануаралар мұражайы 1964 жылы Өскемен педагогикалық институты жанында құрылған. Мұражайдың негізін қалаушы биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан палеозологиясының негізін салушы, зоология кафедрасының меңгерушісі Бажанов Валерьян Семенович болған. Мұражай экспонаттары тиісті мекемелерден алынған. Мұражайда өлкемізде сирек кездесетін өсімдіктер мен құстардың, жан-жануарлардың экспонаттары жинақталған. Жәдігерлерді жинауға биология кафедрасының оқытушылары атсалысып, ғылыми зерттеу нәтижелерін мұражайға ұсынды. Омыртқасыз жануарлар коллекциясын, ұша, құстар және сүтқоректілер тұлыпын және де бауырменжорғалаушылар мен қосмекенділердің ылғалды препараттарын зоологиялық экспедицияларда, далалық оқу іс-тәжірибелерінде, сабақ кездерінде, зоологиялық үйірмелер де оқытушылардың өздері дайындаған. Әрбір далалық маусым сайын ботаника мен зоологиядан баға жетпес мәліметтер жиналып отырды. Студенттер жәдігерлерді пайдаланып ғылыми жұмыстар жазады. Зоология, анатомия, биологиялық эволюция сынды пәндерді оқытуда қолданылады. Мұражайдың экспонаттарын жинап, көркемдеу кезінде биология кафедрасының меңгеруші Китапбаева А.А., профессоры Прокопов К.П. және аға оқытушылары Карменова Б.К., Кабатаева Ж.К. үлкен үлес қосқан.
Студенттер университеттің кеппешөптер үлгілеріне және геология кабинетінің минералдарына, жан-жануарлар мен өмісдіктер коллекцияларына үлкен қызығушылық танытты.



2-сурет. Мұражайдағы сабақ барысы

3-сурет. Мұражайдағы коллекцияларды студенттерге таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет