2-жүргізуші: Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, демалып қайтуларыңызға біздер сенеміз.
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!
2-жүргізуші:
Студенттерге жалынды сәлем! Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да көңілді студенттер күніне арналады!
1-жүргізуші:
- Иә, шынымен де студенттік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
2-жүргізуші:
- Ендеше біз бүгінгі өткізілетін ашық тәрбие сағатының көңілді шымылдығын «Студенттер кеші» әнімен ашамыз!
1-жүргізуші:
- Біздің өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымыз ол әрине студенттер жайлы.
Яғни «Қызықты да, көңілді -студенттік өмір!»
Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
2-жүргізуші: Біздер студент атанып,жаңа ортаға келгелі жаңа достар таптық. «Солдат өмірді,студент жастықты көреді» демекші олардың арасында жастық шақтың қызығын бөлісіп жүрген құпия достар да баршылық. «Құпия дос» ойынының құпия сырларын бірге ашайық достар!
2-жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Төртінші жыл қимайды бұл орданы.
Төрт жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.
1-жүргізуші:
О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да...
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
Лайланып кетсе де тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.
Достарыңызбен бөлісу: |