«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет161/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

инвариантты бөлік: балаларға қатысты педагогтің ізгілік көзқарасы, оның тәрбиешіге тән қасиеттері; психологиялық-педагогикалық құзыреттілік жіне жоғары педагогикалық ойлау қабілеті, туындаған инновациялық мәселені оқушы көзқарасымен шеше алу қабілеті; мұғалімнің жеке басының кәсіби мәдениеті, өзін-өзі дамыта алу қабілеті, өзінің іс-әрекетін өзі реттей алу қабілеті, оқушылармен қарым-қатынас жасай алу қабілеті;

  • вариативтік бөлік: өз пәні бойынша жоғары білімділік, оқыту мазмұны мен инновациялық технологиялармен жұмыс жасай алу қабілеті, өз іс-әрекетіндегі шығармашылық бағыт, өзінің жеке педагогикалық іс-әрекетін тұлға-бағыттылық жүйе (дидактикалық, тәрбиелік, әдіснамалық) негізінде қоя алуы, авторлық білім беру жобаларын құрастыра алу қабілеттілігі.

    Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейлері төмендегідей анықталынды: жоғары (жеке-шығармашылық); жеткілікті (кәсіби бейімділік); жалпы (кәсіби емес – репродуктивтік); қанағаттанарлықсыз.
    Мұғалімнің ізгілік, рухани, шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, оның педагогикалық іс-әрекет әдістерін еркін таңдауда оған көбіне өзі қызмет ететін мектебі, ондағы педагогикалық орта мен ұжымдағы психологиялық ахуал, инновациялық үрдістер әсер етеді.
    Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда біз мәдениеттің төмендегідей өлшемдерін басшылыққа аламыз: адамдардың өзара рухани қарым-қатынастардағы ақпараттар ағынының молаюы; адамның еркін белсенділігі, оның жаңа ақпарат алуға ұмтылысы; адамның іс-әрекет барысында субъект пен объект позицияларын алмастыра алу қабілеті, ақпарат беруші мен оны тасымалдаушы қабілеттерінің болуы; ғылым мен философия тарихында әртүрлі кең көлемдегі материалды еркін меңгеруі; өзінің қоғамдық белсенділігін арттыру үшін философия білімі үдемелі молайып, жетілдіріп отыруы, оны қажетіне пайдалана алуы; мәдени-тарихи дамудың негізін түсіне алуы; орындаушыдан тапсырма берушіге еркін алмаса алуы; ұғымдарды түсіне алу қабілеттігі, кез келген тұжырымдарды ұсынуы, оны талдай алу қабілеттігі, негізгіні қосалқыдан айыра білу, алынған ақиқаттан қарама-қайшылық көре алуы; логика заңдары мен ұстанымдарын меңгеруі.
    Ақпараттар ағыны мол үшінші мыңжылдықта педагогтің зерттеуге даярлығын қалыптастыруда білім берудің субъект-субъектілік парадигмасына сәйкес келетін үшінші, жетінші, сегізінше белгілерінің алатын орны ерекше болмақшы. Ғалым С.Н.Лактионова «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негізі (инновациялық аспект)» кандидаттық зерттеу жұмысында «ақпараттық мәдениет» ұғымын философия, педагогика, информатика, ғылыми-ақпараттық іс-әрекет теориясы, мәдениеттану, педагогикалық инноватика пәнаралық категория ретінде ашып көрсетеді. С.Н.Лактионаваның зерттеуінің ерекшілігі сол, ол педагогтың ақпараттық мәдениетін мұғалімнің кәсіби тұлғалық сапасының жаңа белгісі, яғни инновациялық бағыт тұрғысынан ашып, мұғалімнің өз іс-әрекетін түрлендіруге қажетті барлық ақпаратты (соның ішінде ең жаңасы) іздеуге, ашуға, оны тиімді пайдалана алуға қажетті құралы екендігіне баса назар аударады. Өз зерттеуінде ғалым тұлғаның ақпараттық мәдениеті субъектінің іс-әрекетінде жаңа сапалық өзгерістер әкелетіндей, сыртқы ақпаратты өзінің ішкі жан дүниесімен үйлесімділікте қарастыратындай адамның арнайы қабілеті ретінде анықтайды.
    Педагогикалық әдебиеттерде педагогтің зерттеушілік мәдениеті төмендегідей аспектілерде қарастырылады:
    а) ғылыми-педагогикалық қабілеттілік (М. Н. Скаткин және т. б.);
    ә) зерттеушілік білім, білік, дағды (Л. Горбунова және т. б.);
    б) кәсіби іс-әрекет (А.Е. Абылқасымова, М.С. Молдабекова);
    в) педагогикалық шығармашылық іс-әрекет (В.И. Скляной);
    г) зерттеушілік іс-әркет (Н.В. Кухарев, А.И. Кочетов т. б.);
    ғ) педагогикалық мәдениет (А.А. Молдажанова);
    д) ғылыми шығармашылқ іс-әрекет (Я.А. Пономарев және т. б.);
    е) педагогтің әдіснамалық мәдениеті (В.А. Сластенин, В.Э. Тамарин, т. б.);
    ж) педагогикалық ойлау іс-әрекеті (Ю. Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская);
    и) кәсіби-зерттеу мәдениеті (З.А. Исаева және т. б.);
    к) зерттеу жұмысының құралы (П. Т. Приходько);
    қ) кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі (А.К. Маркова);
    л) кәсіби мәдениет (В.А. Сластенин және т. б.);
    м) әдіснамалық ойлау (О.С. Анисимов);
    н) педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру (К.М. Варшавский. Т. И. Саломатова);
    ң) оқыту үдерісіндегі зерттеушілік іс-әрекет (Т.И. Шамова және т. б.);
    о) инновациялық іс-әрекет (Л.С. Подымова, И.И. Цыркун және т. б.);
    ө) технологиялық іс-әрекет (Г.К. Селевко);
    п) педагог менталитетін құраушысы (Б.Г. Гершунский және т. б.);
    р) рухани мәдениеттің құрамды бөлігі (Е.И. Артамонова, т. б.). [5; 6; 7]

    Ғалым М. Н. Скаткин өз зерттеуінде белсенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігінің мазмұнын ашады. Автордың пікірінше, ғылыми-педагогикалық қабілеттілік деп «педагогтің педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы, ұдайы жаңалыққа құлшыныс білдіруі, шығармашылық жұмысқа ынта білдіруі, эксперимент жүргізуі, жүйелі түрде әдебиеттерді оқып үйренуі, әріптестерінің озат тәжірибесін үйренуі, зерттеу, пайдалануды айтады.


    Педагогтің зерттеу мәдениеті мұғалімнің әдіснамалық құзіреттілігін қалыптастыруда негізгі құралы болмақшы. А. И Кочетов, Н. В Кухаревтің еңбектерінде мұғалімнің зерттеу мәдениеті оқыту мен тәрбие үрдісінде, педагогикалық шығармашылықтың зерттеу бағытын жетілдірудің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ғалым Н. В Кухарев “Педагог-мастер-педагог-исследователь” атты монаграфиясында жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі дамытатын жүйе жағдайында педагог-зерттеушінің қалыптасуының жүйе-құрылымдық нобайын ұсынады. Ғалым ұсынған ғылыми-практикалық құрылым педагогтің зерттеуші ретінде педагогикалық еңбектің тиімділігін жобалау мен диагностикалауға бағытталады. Зерттеу элементтері әдіснамалық іс-әрекетке де тиесілі. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог зерттеуші-педагог қызметін де атқарады. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу-педагогика ғылымының дамуының басты шарты.
    Соңғы кезде қоғамның жаңаруына байланысты, жаңа формацияны, жаңа мұғалімді - педагог-зерттеуші ретінде қарастырып жатырмыз. Педагог-зерттеуші әрі мұғалім ретінде, әрі тәрбиеші ретінде де жоғары деңгейдегі маман, ол әртүрлі зерттеу әдістерін жақсы меңгерген, педагогика, психология, философия саласындағы арнайы білімі бар. Педагог-зерттеуші қазіргі мектеп мәселелерімен жақсы таныс. Педагог-зерттеуші өз ісіне деген жауапкершілігі жоғары, белсенді, шығармашыл мұғалім. Педагог-зерттеуші алынған мәселе төңірегінде өз оқушыларымен эксперимент жүргізе алатын, оның нәтижесін бағалай алатын озат мұғалім. Педагогтің кәсіби-зерттеу іс-әрекетіне даярлау мотивациялық, когнитивтік және технологиялық компонементтері бар біртұтас тұлғалық жүйенің сипаттамасын меңгеру болып табылады.
    Қазақстанда соңғы 40 жыл ішінде (1970-2010) мұғалімнің зерттеу мәдениеті мен педагогикалық шығармашылықты дамыту мәселесіне арналған 50-ден астам кандидаттық және докторлық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ғалым З. А Исаеваның ‘Университеттік білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби-зерттеу мәдениетін қалыптастыру’ атты докторлық зерттеу жұмысы педагогтің кәсіби-зерттеу мәдениетінің теориялық және әдіснамалық негіздерін ашуға арналады. Ал ғалым Г. Б Омарованың ‘Мектептің педагогикалық ұжымының ғылыми-зерттеу жұмысына даярлығын қалыптастыру’ атты кандидаттық зерттеу жұмысында қазіргі жағдайда мектептің педагогикалық ұжымын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге даярлауды қалыптастырудың ерекшеліктері сараланып, оның құрылымы, мағынасы, мазмұны ашылады, нобайы жасалынып, оны жүзеге асырудың жолдары көрсетіледі. ТМД елдерінде соңғы 20 жыл көлемінде болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау мәселесіне арналған 20-ға жуық кандидаттық жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Л. Ф Авдеева ‘Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелігінің психологиялық-педагогикалық факторлары’ атты кандидаттық зерттеу жұмысында студенттердің “ғылыми-зерттеу жұмыстары”, «студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістігі» ғылыми ұғымдарына сипаттама беріп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің тиімді психологиялық-педагогикалық факторларын айқындайды.
    Н. С. Амелина «Педагогикалық жоғарғы оқу орны студенттердің оқу-зерттеушілік жұмысы» атты кандидаттық зерттеу жұмысында педагогикалық жоғарғы оқуларында студенттердің оқу зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыруы зерттелінеді. Болашақ педагогтардың оқу-әдістемелік жұмыстарының тиімділігі, жетістіктерін анықтайтын психологиялық-педагогикалық факторлар мен оның алғы шарттары айқындалады. Ресейлік ғалым Л. В Леонова өзінің «Оқу орындарының инновациялық жұмыс жағдайында мұғалімнің зерттеу іс-әрекеттерін жетілдіру жолдары» атты кандидаттық зерттеу жұмысында педагогтарды зерттеу жұмысында даярлау үрдісі жан-жақты зерттелінеді: педагогтің зерттеу жұмысын тиімді жүргізудің педагогикалық шарттары анықталды; педагогтің зерттеу жұмысына даярлаудың мотивациялық саласын қалыптастыру, әртүрлі қолдау көрсету жолдарын анықтау, педагогтің инновациялық іс-әрекетпен (мораль-психологиялық, ғылыми-техникалық материалдық-техникалық және т. б) айналысуға қолайлы жағдайлар туғызу мен педагогикалық шарттарды айқындау, қосымша сабақтар жүргізу және эксперименттік жұмыс жүргізу және эксперименттік жұмыс жүрісін бақылау) зерттеу іс-әрекетіне мұғалімдерді даярлаудың мазмұны мен формасын анықтау. В.Н. Литовченко «Ғылым-зерттеу жұмыстары негізінде педагогикалық мамандық студенттерінің зерттеушілік іскерліктерін қалыптастыру» атты кандидаттық зерттеу жұмысында университет студенттерінің ғылыми белсендігіне әсер ететін факторларды қарастыра отырып, студенттердің ғылыми жұмыстарының толық мүміндіктерін саралай келе, оның студенттердің зерттеу іскерліктерінің қалыптасуына әсерін атап көрсетеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнын, құрылымын, деңгейлерін, жолдарын, ерекшеліктерін айқындайды.
    Ғалым Л. В. Мещерякова өзінің «Педагогикалық инновацияны меңгеру үдерісінде мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту» атты кандидаттық зерттеу жұмысында, педагогикалық инновацияны меңгеру үдерісінде, шығармашылық әлеуетін дамытуға қажетті шарттарды анықтап, педагогикалық ииновация меңгеруде педагогтің шығармашылығын дамытудың объективті және субъективті факторларын айқындайды.
    Педагогтің ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесі бойынша теориялық қорға жасаған талдауымыз көрсеткеніндей, педагогтің зерттеуге даярлығын қалыптастырудың алғышарттары мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік мәдениетінің болуы болып табылады, өйткені жоғары педагогикалық мәдениеті бар педагог әрбір оқушыға оның оқудағы жетістіктеріне қарамастан сүйіспеншілік танытады, өзінің тәрбиелік қызметіне жауапкершілікпен қарайды; ол оқушының психологиясын түсінеді, білім беру жағдайларын талдай алады, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады, оның әлеуметтік салдарын көре алады, ғылымға қызығушылық танытады, өз пәні бойынша жан-жақты терең білімі бар, педагогикалық ииновациялық технологияларды өз бетінше меңгерген, оның өз жағдайына қажеттісін дұрыс таңдай алады; жеке оқыту бағдарламасын құра алады; оқыту мен тәрбиелеуде оң нәтижеге жете алады, бала тәрбиесіне, білім алуына, оның дамуына шығармашылық бағытында ықпал етеді, өзінің жеке педагогикалық ізі бар, өзінің жеке іс-әрекет (тәрбиелік, дидактикалық, әдістемелік) жүйесін ұдайы жетілдіре алады, авторлық жеке әдістемелік нұсқаулары, оқу-құралдары бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ұдайы ат салысады, өзінің жеке авторлық әдістемесі бар, жеке педагогикалық технологияның авторы, өзгелердің жаңаны меңгеруіне әдістемелік көмек көрсетеді және т. б.
    Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу мен кәсіби дайындықтың моделін жасау жолдарына жүргізілген талдау бізге педагогтің кәсіби-зерттеушілік мәдениеті құрамындағы сапа мен қабілеттерді әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық негізгі төрт компоненттерге топтауға және олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік жасады. Педагогтардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен тығыз байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын түзеді
    Мұндағы компоненттерден алынған өлшемдер (мотивациялық, мазмұндық, үдерістік, бағалаушылық-рефлексиялық) бойынша көрсеткіштерін біз зерттеушілік-біліктіліктің бес компонентіне (білім, білік, дағды, тәжірибе және қабілет) сүйене отырып дайындадық.
    Әдіснамалық компонент болашақ педагогтің әдіснамалық білімге ынтасы мен қызығушылығын, әдіснамалық тұғырларды, білімдерінің мазмұндық деңгейін, оны өз тәжірибесінде қолдана білуі мен өзінің әдіснамалық білім, білік, дағды, қабілет және тәжірибесінде және өзінің әдіснамалық білім мен білігін бағалай білуінен көрінеді.
    Теориялық компонент зерттеу мәдениетінің қалыптасуына негіз болатын теориялар мен мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнына ынтасын, қызығушылығын, олар туралы білімдер жүйесін, оларды жүзеге асырудағы біліктілігін, дағдысы мен тәжірибесіне және теориялық білім, біліктеріне рефлексия жасай білуімен сипатталады.
    Әдістемелік компонент білім берудің мемлекеттік стандартындағы пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін білуге ұмтылысы, өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынтасы, дидактикалық біліктер туралы білімдер жүйесі және оларды практикада қолдана білу және әдістемелік білім, білік, дағдыларын іс-тәжірибеде қолдануын бағалау деңгейінен көрінеді.
    Технологиялық компонент педагогтің зерттеушілік мәдениетін тәжірибеде жүзеге асыруға ынтасы мен қызығушылығы, оқытуда инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы, қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктей және қолдана білуі, ақпараттық, компьютерлік технологиялардан сауаттылығы, оларды оқу-тәрбие барысында қолдана білуімен және өзінің технология саласындағы сапалық қасиеттерін бағалау, рефлексия жасауымен өлшенеді.
    Мотивациялық өлшем педагогтің зерттеушілік мәдениетіне деген тұрақты ынтасы, талпынуы мен қажеттіліктерінің болып, кәсібилікке ұмтылысы, жаңашылдық бағытта ізденістері, өз қызметіндегі кәсібиліктің алатын орнын, мәнін түсініп, соған сәйкес қадамдар жасауында көрінеді.
    Мазмұндық өлшем теориялық және практикалық блоктардан, яғни педагогтің психологиялық - педагогикалық және пәндік теориялық дайындығының деңгейімен, біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтары негізіндегі білімдер жүйесімен, дидактикалық біліктілігі мен сауатылығы зерттеушілік мәдениет туралы білімдер жүйесінің деңгейімен сипатталады.
    Технологиялық өлшем өзінің кәсіби зерттеушілік мәдениетін тәжірибеде қолдана алу біліктерінен, дидактикалық біліктерді жүзеге асыра білудегі іскерлігінен, оқытудың әдістері мен технологияларын қолдана білу тәжірибесінен көре алады. Бағалаушылық – рефлексиялық өлшемге өзінің кәсіби зерттеушілік іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді талдап, бағалай білудің, өзінің педагогикалық іс-әрекетіне бақылау жасай алушылықтың, нәтижені диагностикалаудың әдістерін білудің практикадағы көріністер.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет