«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогиканың философиясы және әдіснамасының құрылымы



бет5/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс
СИЛЛАБУС Жүктану 2023-24, 13-ЛЕК, 12345678
2. Педагогиканың философиясы және әдіснамасының құрылымы.

Ғылымның пәндік матрицасы болатындығы белгілі. Қазақстан философтары ғылымның жалпы пәндік моделін жасады, сонымен қатар оның объектісін, субъектісін, пәнін, әдістерін, пәндік құрылымын, қызметтерін, ғылыми пәннің нәтижесін анықтады (О.Ж. Әлиев). Бұл - отандық философтардың ғылым философиясына қосқан үлкен үлесі .


Ғылымның жалпы пәндік моделінің құрамына әдіс (жалпы философиялық, жалпы ғылымилық, жеке ғылымилық), құрылымы (түпнұсқа пән, пәннің ғылыми моделі, пәннің қолданбалы моделі, қолданбалы оқу моделі, тәжірибелік модель), мәселе (мәселенің мазмұнына қойылатын талаптар, мәселенің туындау көздері,мәселелерді шешу әдістемелері мен өлшемдері), қызмет (гносеологиялық, аксиологиялық, праксиологиялық, әдіснамалық-практикалық), нәтиже (бастапқы, аралық, түпкілікті), субъект (ғылыми ұжым, ғылыми мектеп, ғылыми қызметкер) енеді.
Философиялық-педагогикалық қағидаларды жүйелеу нәтижесінде «Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының оқу пәні ретіндегі құрылымы» ұсынылды. Педагогиканың философиялық негіздері «Ғылым философиясының», «Педагогиканың философиялық бағдарларының», «Педагогиканың жалпы ғылымилық бағдарларының» қағидаларын қамтиды. Педагогиканың әдіснамалық негіздері «Ғылым әдіснамасы», «Педагогика әдіснамасы», «Педагогиканың дидактикалық бағдарлары», «Педагогиканың психологиялық бағдарлары», «Педагогиканың әдіснамалық қоры (педагогика әдіснамасы: тарихы, мәні, қызметтері, құрылымы, педагогикадағы әдіснамалық білім: тұғырлары, ұстанымдары, ұғымдары, ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасы)» сияқты салалардың тұжырымдарын қарастырады.
Бүгінгі күні педагогиканың əдіснамасы: педагогика ғылымындағы зерттеу əрекетінің бағыттарын, мақсатын жəне құрылымын, сондай-ақ жаңа білім алудың ұстанымдары мен əдістерін анықтайтын жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесі; педагогикалық зерттеу үдерісі жəне оны қамтамасыз ететін əдістері зерт- теу пəні болып табылатын педагогиканың əдіснамасы аясындағы арнайы пəн. Бұл педагогикалық білімдер базалық пəннен оқу пəнін құрылымдауға, күрделі ғылыми білімді қабылдауды жеңілдетуге, оны жылдам есте сақтауға жəне пайымдауға мүмкіндік жасайды.
Докторантураға түскендердің деңгейі магистратурадағы əдіснамалық білімдерді, біліктерді, дағдыларды терең меңгергендігін аңғартпады, демек бұл тұста докторантурадағы əдіснамалық білім өткенді еске түсірумен шектелмей, білім алушыларға тұжырымдамалық деңгейде берілгені пайдалы. Сондықтан республикамызда 2011 жылы Білім жəне ғылым министрлігі аталмыш пəнді міндетті пəн ретінде енгізді. Себебі XX ғ.соңы мен XXI ғ. басында ғалымдар тағы да педагогика ғылымы мен практикасының даму үдерісін талдауда білім беру мен педагогиканың философиясын жəне əдіснамасын жаңаша қарастыруда. «Педагогиканың философиясы мен əдіснамасы» пəнін оқыту жүйесіне мыналарды енгізуге болады деп есептейміз: докторанттарды əдіснамалық ойлауға баулу, зертеудің логикасын анықтау жəне оны жүргізуге үйрету, оларда ғылыми жұмысты ұйымдастыру мен басқару, білім беру саласында стратегия мен тактика жасай алу, сараптама бере алу құзыреттіліктерін қалыптастыру. Осы жүйені қамтамасыз ететін білім алушылардың танымдық, кəсіби, өмірлік, менталдық тəжірибесіне сəйкес технологияларды ұстаздар кеңінен қолдануда. Олардың ішінде оқытудың базалық техникасына баса назар аударылады. Сол себепті докторанттарға берілетін білімдер жүйесін академиялық сауаттылықтың құраушысы, зерттеу нəтижелерін ауызша баяндау құзыреттілігін дамытуға бағытталған дидактикалық көрсетілімдерді пайдалану таңдалынды. Докторанттар магистратура бағдарламасы бойынша аталмыш құзыреттілікті дағдылар деңгейінде игеріп келеді. Дегенмен, ғылыми тілде ауызша баяндау барысында біршама қиындықтарға кезігетіні анық, өйткені жазбаша даярланған мəтін ауызша баяндағанда кейбір маңызды пайымдау- ларды түсіндіруге жеткіліксіз болатын тұстары байқалады. Негізінен ауызша баяндауда дидактикалық көрсетілімдер айтылатын ойларды нақты жеткізуге көмектеседі. Болашақ маманның педагогиканың философиясын жəне əдіснамасын меңгеру педагогиканың философиялық негіздерін жəне оның əдіснамасын жақсы бағдарлай алуға, ғылыми-педагогикалық зерттеу ұйымдастыруға жəне жүргізуге мүмкіндік беретіні белгілі. Ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйеніп, педагогиканың философиясы дегеніміз – педагогиканы зерттеуге қажет философиялық заңдардың, тұғырлардың, ұстанымдардың, категориялардың, əдістердің, философиялық білімдердің (логика, этика, эстетика жəне т.б.) инновациялық (қайта құрушылық) əлеуетін қолдану жүйесін құрайтын педагогикалық ғылымтану саласы деп, тұжырымдауға болады. Бүгінгі күні педагогиканың əдіснамасы: педагогика ғылымындағы зерттеу əрекетінің бағыттарын, мақсатын жəне құрылымын, сондай-ақ жаңа білім алудың ұстанымдары мен əдістерін анықтайтын жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесі; педагогикалық зерттеу үдерісі жəне оны қамтамасыз ететін əдістері зерттеу пəні болып табылатын педагогиканың əдіснамасы аясындағы арнайы пəн. Педагогиканың әдіснамасы жаңа педагогикалық білім алу тәсілдері туралы білімдер жүйесі болып табылады. Кең мағынада ол білімдерге теория, пәннің жалпы ғылымилық және арнайы зерттеу әдістері, ал тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпаратты алудың, талдаудың, түсіндірудің әдістерінің жиынтығы. Бүгінгі күні педагогиканың әдіснамасы:

  • педагогика ғылымындағы зерттеу әрекетінің бағыттарын, мақсатын және құрылымын, сондай-ақ жаңа білім алудың ұстанымдары мен әдістерін анықтайтын жалпы гносеологиянлық нұсқаулар жүйесі;

  • педагогикалық зерттеу үрдісі және оны қамтамасыз ететін әдістері зерттеу пәні болып табылатын педагогиканың әдіснама аясындағы арнайы пән;

  • ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;

  • әдіс, педагогикалық зерттеудің негізін құратын жалпы ұстанымдар, қағидалар мен әдістер жүйесі;

  • жаңа педагогикалық білімге қол жеткізетін тәсілдер туралы білімдер жүйесі;

  • қайсыбір теория немесе зерттеу бағдарламасын қабылдайтын немесе жоққа шығаратын ережелер деп түсінеді.

Зерттеуші педагогтар ғылыми ізденістің немесе өз әрекетінің әдіснмалық бағдарларының ерекшелігін және мазмұнын ашып көрсетуде «әдіс», «тұғыр», «ұстаным», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады.
Қазіргі уақытта ғылыми қауымдастықта педагогикалық әдіснаманың ғылыми мәртебесі қалыптасты деуге болады. Педагогикалық әдіснаманы ғалымдардың түсіндіруінше:

  • теориялық жүйе, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйе ретіндегі педагогикалық практиканың нысандарын жобалаудың жаңа әдістерін іздестірумен байланысты әрекет жайлы ғылыми білім; осы әрекетті ұйымдастыру ұстанымдары, мазмұны, құралдары мен нәтижелері туралы білім;

  • педагогикалық болмысты ғылыми тану мен қайта құру әдіснамасы педагогика ғылымын және педагогикалық практиканы дамыту әдіснамасы ретінде араласып кетпейді және әртүрлілік ретінде тұтас бірлікте болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет