«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикадағы əдіснамалық білімнің мазмұнын баяндайтын сызбалар мен суреттер



бет4/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

3. Педагогикадағы əдіснамалық білімнің мазмұнын баяндайтын сызбалар мен суреттер («Педагогика əдіснамасы ұғымының оқулықтарда түсіндірілуі», «Педагогика əдіснамасының даму кезеңдері», «Педагогикадағы əдіснамалық білімнің мəні», «Педагогикалық жəне мəдениеттанымдық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің əдіснамалық тұғырларының қоры», «Педагогикадағы əдіснамалық тұғырлар», «Педаго- гикадағы əдіснамалық ұстанымдар»).
4. Ғылыми-педагогикалық таным əдіснамасын нақтылайтын сызбалар мен суреттер («Педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздерінің құрамы», «Педагогикалық зерттеудегі əдіснамалық талдау деңгейлерінің қызметтері», «Педагогикалық зерттеу əдіснамасының моделі», «Əдісна- малық рефлексияның мазмұны», «Əдіснамалық мəселелер жіктемеесі», «Ғылыми-педагогикалық зерттеу нəтижелерінің жіктемесі» «Ғылыми- педагогикалық зерттеу нəтижелері сапасын бағалаудың өлшемдері мен көрсеткіштері»).
5. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістеріне арналған сызбалар мен суреттер («Əдіснамалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Тарихи-педагогикалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Салыстырмалы-педагогикалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Дидактикалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Əлеуметтік- педагогикалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Этнопедагогикалық зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Тəрбие мəселесін зерттеудің əдіснамасы мен əдістері», «Тəрбие мəселесін зерттеудің əдіснамалық тұғырлары», «Кəсіптік педагогика мəселесін зерттеудің əдіснамасы мен əдістері»).
6. Педагогтің зерттеушілік мəдениетінің тұжырымдамалық жəне қолданбалы негіздерін сипаттайтын сызбалар мен суреттер («Педагогтің зерттеушілік мəдениетінің құрылымы», «Педагогтің зерттеушілік мəдениетінің моделі», «Педагогтің зерттеушілік мəдениеті типтерінің сипаттамасы», «Педагогтің зерттеушілік мəдениетін қалыптастыру үдерісінің теориялық моделі», «Педагогтің зерттеушілік мəдениетін қалыптастыру тұжырымдамалары», «Зерттеушінің ғылыми мектептегі əрекетінің құрылымы»). Дидактикалық көрсетілімдер оқулықтар мен оқу құралдарында берілген жəне бұл оқу басылымдарының көпшілігі авторлық құқыққа ие. Сондай-ақ, «Педагогикалық инноватиканың мағыналық алаңы», «Дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар» атты көрсетілімдерге арнайы авторлық куəлік берілді.
Бұл жүйенің жетекші идеясы – педагогиканың философиясы мен əдіснамасының докторанттардың ғылыми-зерттеушілік əлеуетінің іргетасы. Ауызша баяндау құзыреттілігі – аталмыш əлеуеттің басты құраушысы. Дидактикалық көрсетілімдер – ауызша баяндау құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы. Бұларға қойылатын талаптар ғылымда зерделенген. Сол талаптарды басшылыққа ала отырып, елуге жуық көрсетілімдер пайдала- нылуда. Көрсетілімдер білім алушылардың педагогика философиясы мен əдіснамасы туралы білімдерін нақтылайды, зерттеу барысында оларды пайдалану тетіктерін оңайлатады, семинардағы жауаптарын толыққанды етуге ықпал жасайды, өзіндік жұмыстың мағынасын түсініп орындауы- на көмектеседі, пəн емтиханына дайындалған кезде бағдарлық қызмет атқарады. Осы дағдыларды меңгеру мақстатында жоғарыда көрсетілген дидактикалық, яғни үйретуші көрсетілімдер арқылы əр оқу жылында он бес дəріс, он бес семинар жүргізіледі, білім алушылар он бес өзіндік тапсырма- лар орындайды. Сонымен бірге осы көрсетілімдер арқылы докторанттарға ғылыми кеңестер беріледі. Пəннен дəріс, семинар, өзіндік жұмыс барысында докторанттар ғылыми баяндама жасауға үйретіледі.
Ғылыми баяндама – зерттеушінің өзінің ғылыми ізденісінің, жобалауының, тəжірибесінің нəтижелерін мазмұнын баяндайтын көпшілік алдында сөз сөйлеуі. Докторант сол баяндаманы жа- зып дайындау үшін педагогикалық зерттеудің əдіснамасынан алған білімін іске асыра алған деңгейін көрсетеді.
Докторанттар педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымын, педагогика əдіснамасының даму тарихы мен кезеңдерін, педагогика əдіснамасының ұғымдық-түсініктік жүйесін, педагогикадағы əдіснамалық бағдарлар, тұғырлар жəне ұстанымдарды теориялық деңгейде меңгереді. Сондай-ақ, олар зерттеудің бағытын, мəселесін жəне тақырыбын анықтай алу, педагогиканың əдіснамасы тұрғысынан зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздей алу, əдіснамалық тұғырлардың мүмкіндіктерін өз зерттеуінің пəніне көшіре алуы, пайдалануы, өз зерттеуінің нəтижелерін рəсімдеу жəне жариялау, ғылым əдіснамасы туралы пікір сайыстарға қатысу, ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларына, авторлық білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізе білу, педагогикалық зерт- теулер жəне білім беру ұйымдары жобаларына сараптамалық баға бере алу қабілетін дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет