«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Қазақстанның өзіндік философиялық мектебі



бет8/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Қазақстанның өзіндік философиялық мектебі (негізгі теориялық бағыттар): адам және қоғам философиясы (әлеуметтік философия және мәдениет философиясы; философиялық және әлеуметтік антропология; білім беру философиясы; тарих, саясат және құқық фиолсофиясы), онтология, гносеология және эпистемология (онтология; диалектика, диалектикалық логика және теория), әлемдік және ұлттық философиялық ойдың тарихы (әлемдік философия тарихы; фарабитану; түрік және қазақ философиясы тарихы) дамуда. Философия бүкіл адамзат ой тарихын бойына сіңіретін әмбебап категориялық аппаратқа сүйенеді, шындықты теориялық игерудің формасы ретінде көрініс табады.
Қазіргі заманғы қазақ философиясы туралы сөз айтқанда, кеңестік-қазақстандық диалектикалық логика мектебін атап өту керек. Отандық философия тарихында логика және таным теориясы тұрғысындағы диалектиканың майталмандары Ж. Әбділдин, Қ. Әбішев, А. Хамидов, А. Қасымжанов, А. Келбұғанов және т.б. елеулі із қалдырды. Бұлардың арасында Жабайхан Әбділдин – әлемдік деңгейдегі философ. Ол - әлемдік философия ғұламалары К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабендтің қатарындағы тұлға. Ж.М. Әбділдиннің ғылыми теория бастамасы мәселесі, форма мен материя арақатынасы, «идея» категориясының қалыптасуы, Платон, Аристотель, Кант, Гегель және Маркс философиясы туралы жазғандары қазақстандық философияның алтын қоры болып табылады. Ж. Әбділдин он томдық кітабында үнемі ой әлемінен сөз қозғайды, бүгінгі қазаққа қай салада да ой керек дейді. Ж. Әбділдиннің ғылыми жетістіктерін кезінде КСРО Философия институты мен Мәскеу мемлекеттік университетінің белгілі ғалымдары Б.М. Кедров, Ф.В. Константинов, П.Н. Федосеев, П.В. Копнин сан рет атап өткен.
Сонымен бірге, философтар Қ. Серікболдың «Арғы қазақ мифологиясын», Ғ. Есімнің «Хакім Абай», «Адам-Зат», «Фалсафа тарихын», Д. Омаровтың Абай мен Шәкәрімнің дүниеге көзқарасы туралы туындыларын ерекше бағалайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлеуметтік философия, фарабитану, түрік және қазақ философиясы тарихы мектептері қарқынды дамуда. Философия, антропология, әлеуметтану, психология, экономика саласындағы шетелдік әдебиет қазақ тіліне аударылып, республиканың ғылыми қорына енді. Бұл кітаптар оқытушылар мен білім алушылар қауымының ғылыми өрісін кеңейтіп, олардың кәсіби құзіреттіліктерінің сапасын әлемдік деңгейге көтеруге ықпал етпек.
XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырды. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің тарихи өзгерісін және осы үрдіске мәдени-әлеуметтік факторлардың әсерлерін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А.Розов өздерінің «Ғылым мен техника философиясы» атты оқу құралында ғылыми танымның ерекшеліктерін, оның қазіргі өркениеттегі алатын орнын, ғылыми революциялар мен ғылыми өнертапкыштың даму кезендерін сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет