Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделіәкті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.
Педагогиканы зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.
Сұрақ – жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект — субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ – жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а) әңгіме сұхбат
ә) сұхбат — әңгіме
б) анкета
Мұғалімдердің, жаңашыл – педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз – педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық – педагогикалық іс — әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик – мұғалімнің тәжірибелілігі.
Эмпирикалық әдіс әдіс ретіндегі дәрігерлік – педагогикалық тексеру медикалық – педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқуышылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.
Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды – даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі.
Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағытарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу — әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.
Теориялық деңгей әдістері
Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер ароасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық зхаңдылықтарды анықтауға көмектеседі
Достарыңызбен бөлісу: |