Педагогика ғылымының әдіснамасы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық-талады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педаго-гикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Тео-рия – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және прак-тикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастыру-дың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекетті және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.