«Педагогикасы» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет8/16
Дата27.11.2016
өлшемі4,5 Mb.
#2697
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Жоспар


  1. Жанұя – тәрбие факторы.

  2. Жанұя тәрбиесiнiң құқықтық негізі.

  3. Жанұяның педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялық негiздерi.

  4. Жанұядағы педагогикалық процесінің негізгі сипаттамалары.

  5. Мектеп пен жанұяның әрекеттестiк формалары.

Жанұя – тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешуде үлкен мүмкiндiктерге ие болған. Қазiргi заманғы жанұяның өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешудегi ерекшелiгi – ата-ананың бiлiм және жалпы мәдени деңгейiнiң жоғарлауы.

Балалардың жанұядағы тәрбиесi оның белгiлi бiр тұрақты әлеуметтiк институт ретiнде анықталады, ол жанұя мүшелерi арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септiгiн тигiзетiн адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесiнiң артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиені? ешқандай да түрi алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:



  1. Репродуктивті – баланың туылуы.

  2. Тәрбиелілік – жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.

  3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.

  4. Коммуникативті – жанұялық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.

  5. Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру (1 сурет).


Репродуктивті


Сурет 14.1 Жанұяның негізгі қызметтері

Жанұя – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсiнiктер бередi, оны еңбекке баулып, өз-өзiне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың iс-әрекетi мен мiнез-құлқы, өмiр сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтiк-саяси құндылықтар берiледi.

Жанұя тәрбиесiнiң қоғамдық және мемлекеттiк тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазiргi қоғамдық өмiрде болып жатқан әлеуметтiк, экономикалық және демографиялық өзгерiстер жанұяға белгiлi бiр қиыншылықтар туғызады.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесiнде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұр?ыдан ересектердiң де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, жанұя өмiрiне елеулi ?згерістер ?келді. Ата-ана мен мұғалiмдердiң мiндетi – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесi ұсынып отырған әлеуметтiк мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетiне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игiлiк үшiн және өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн құқықтық екi жақты қызмет көрсету екенiн түсiндiру. Ата-ананың маңызды мiндетi балаларымен бiрiккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершiлiгiн, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудiң әртүрiн орындау?а үйрету. Нарық жанұя мүшелерiнiң алатын орнына жанама әсер етедi, оларды? өмiрiне жаңа әлеуметтiк бағдарлар енгiзедi. Қоғамдық және мемлекеттiк тәрбие беделiнiң төмендеуi жанұя өмiрiнiң тәрбиесіне “өзiнше” қиындық әкелді.

Өркениеттi қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келедi. Аз балалы жанұяда, негiзiнен бiр баласы бар жанұяда, iшкi жанұялық тәрбиенiң ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бiр баланың тәрбиесi қосымша педагогикалық күш салуды талап етедi. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесi мен атасының артық көңiл бөлуi оны белсендiлiгiнен айырып, оның эгоистiк жақтарыны? басым болуып қалыптастырады.

Толық емес жанұяларда, ата-анасының бiреуi жоқ болған жанұяларда тәрбиелiк мәселелердi шешуде кейбiр адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкiн. Мұндай жанұялардың көбiнде ана мен бала ғана болады.

Жанұя тәрбиесiнiң проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуi көбiнесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелiк ықпалдың нәтижесiз әдiстерiн пайдалануға мәжбүр етеді.

Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмiрi ұрыс-керiске, ата-ананың бiр-бiрiне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен iс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.

Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтiк және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесiн басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмiрi өз мәнiн барынша жоғалтады, өйткенi өмiр сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.

Елдегi түбегейлi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге, жекеменшiктiң пайда болуына, жеке адамның баю мүмкiндiгiнiң тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгiлi бiр проблемаға кездеседі. Көбiнесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезiмi қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсiз наразылы? эгоизмі тууы мүмкiн.

Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда ?ола?сыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдiстемелерiн нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу керек.

Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесiндегi қызметi толығымен қалпына келетiнiн есте ұстауымыз керек. Алайда, қазiргi заманғы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесiнде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесiнiң маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерiн қалыптастырулары қажет.



Жанұя тәрбиесiнiң құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесiнiң, ата-ананың әлеуметтiк-жауапкершiлiк қызмет-әрекетi ретiнде басты құқықтық негiзi бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негiзгi құжат болып табылады. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетiлмегендiгiнен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның iшiнде, туылғанға дейiнгi және туылғаннан кейiнгi тиiстi құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.

Баланың өмiр сүру, тiршiлiк ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзiнiң дербестiгiн, даралығын сақтау құқығына ерекше көңiл бөледi. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескерiледi. Ата-ана “баланың мақсат-мүддесi үшiн қажетін” орындама?ан жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына мiндеттердi орындауы тиiс: ақысыз және бәрiне мiндеттi бастауыш бiлiм беруді енгiзу, орта және кәсiби бiлiм алуға жағдай жасау, жоғары бiлiм алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында “мектептегi тәртiп баланың адами қадiр-қасиетiне құрмет көрсететiн әдiстер арқылы жүргiзiлуi тиiс” деп, ерекше аталып кеткен.

Конвенция, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған “Бала құқығының декларациясы”; “Адам құқықтарының жалпы декларациясы” және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының iшкi жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбиесi және ағартушылығы мәселелерiн қамтитын тарауларына негiз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делiнген:

1. Неке мен жанұя, аналық, әкелiк және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.

2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және мiндетi.

3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиiс.

ҚР Консититуциясында бекiтiлген жанұя тәрбиесiнiң құқықтық принциптерi “Неке және жанұя туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазiргi заманғы жанұя құқығының бiр некелiк, некеге тұрудың бостандығы мен еркiндiгi, ажырасу еркiндiгi, ерлi-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негiзгi принциптерi жазылған. Бұл құқықтар жанұя өмiрiндегi, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократия?а жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесi, оның құқығын және мақсат-мүдделерiн қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуiне, оның тiлек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадiр-қасиетiнiң сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билiгiне тәуелдi объект ретiнде емес, өзiндiк құқық субъектiсi ретiнде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының “Бiлiм беру туралы” заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегi бiлiм беру-тәрбиелiк процестi мемлекеттiк-құқықтық реттеудiң мәселелерiне айрықша көңiл бөлiнген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негiзi бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазiргi заманны? талабына сай зиялы бiлiм алуларына, құқықтық кепiл бередi. Ата-ана және басқа құқық өкiлдерi балаларға өмiр сүру мен бiлiм алу үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерiнiң дамуын қамтамасыз етулерi керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегi бiлiм беру-тәрбие процесiн жүзеге асыратын дамыған, қызмет етiп тұрған құқықтық негiз бар, жанұяның дамуына кепiл беретiн және жанұя өмiрiнiң, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететiн құқықтық нормалардың жүйесi жетiлген.

Жанұяның педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялық негiздерi. Жанұя тәрбиесi туралы алғашқы педагогикалық түсiнiктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында жанұя тәрбиесiнiң мәселелерi нақты ғылыми-теориялық және ?дістемелiк мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесiн ұйымдастыруда олардың даралық ерекшелiктерiн, бейiмдiлiктерiн, дене-күш және психологиялық даму деңгейiн ескеру керектiгiне ерекше көңiл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесiнің теориясын атап көрсеткен. Қазiргi зерттеушiлердiң еңбектерiнде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетiн ұйымдастыру, салауатты өмiр салтын құру, мектеп пен жанұя ара қатынасы т.б. мәселелерi қамтылған.

Жанұяның тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты, өйткенi олардың мақсат-мiндеттерi ортақ іс-әрекеттерiнiң жалпы тәсiлдерi, әдiстерi және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектiлерi – ата-ана мен бала, әлеуметтiк мақсат, мiндет, педагогикалық тәсiлдер, әдiстер. Осы элементтердi бiрiктiретiн негiз – іс-әрекет.

Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлi іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.

Баланың жанұяда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатысуы. Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейi педагогикалық процестiң бiрлiгi. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролiн; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесiне әсер ететiн жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлiлiгiн; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдiстерiн, тәсiлдерiн пайдалана алу қабiлеттерiн; баланың белсендiлiгiнiң дәрежесiн көруге болады (2 суретті қараңыз).

Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртiбiн ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесiнiң маңызды ерекшелiктерi көрiнiс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бiр бөлiгi болып табылады. Күн тәртiбi баланың уақыт аралығындағы іс әрекетiнен тұрады: дене және еңбек қызметi, ой белсендiлiгi, бос уақыт, дер кезiнде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның


Мақсат

Міндеттер



Мазмұны



Ата-аналар




Сурет 14. 2 Баланың белсендiлiгiнiң дәрежесiн көруге болады

жеке тұлғасының психикалық ерекшелiктерiне және тiлек-қалауларына байланысты өзгерiп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртiбiнiң құрамды бөлiгi болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетiнiң түрлерi жанұяның тәрбие мүмкiндiктерiнiң айқын көрсеткiшi.

Жанұяның бос уақыттағы бiрлескен іс-әрекетiнiң оқушы үшiн маңызы өте зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестiгi ретiнде, түсiнiсу, сезiм әсерлерi негiзiндегi бiр-бiрiне ықпал етуi. Қарым-қатынас кезiнде іс-әрекетпен, тәжiрибемен, сезiм әсерлерi ?атар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмiрiнiң айқын көрiнiсi, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяны? даму мүмкiндiктерi. Педагогикалық мәдениетi төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәнi болмайды, ол тек көңiл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестiң қызметiндегi іс-әрекеттiң маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмiрлiк болаша?ын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелiлiгi оқушының белсендiлiк дәрежесi.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестiң тәрбиелiк механизмдерi болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән берiп, көзқарастардың дамуына, балалардың мiнез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етедi. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзiнiң бұрыңғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшелiктерiмен, ерлi-зайыптылардың эмоционалдық деңгейiмен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетiмен анықталады. Осының бәрi ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.



Жанұяның педагогикалық процесінің негiзгi сипаттамалары. Жанұядағы бала тәрбиесiнiң жетiлуi әлеуметтiк-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бiрi – оқушы тәрбиесiндегi жанұя мен мектептiң ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас жанұяның педагогикалық процесiнiң күйi туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемiстi бола алады. Жанұяның педагогикалық процесi күйiнiң диагностикалау жүйесiн кесте түрiнде көруге болады (кесте 1).

Кесте 14.2 Жанұяның педагогикалық процесінің жағдайын диагностикалау жүйесі.

Негiзгi


Көрсеткіштер

Көрсеткiштер

Диагностикалық


әдiстер

Жанұяның жалпы сипаттамасы

    1. Жанұя құрылымы.

    2. Ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы

3. Ата-ана туралы мәлiметтер (бiлiм деңгейi, кәсiбi, әлеуметтiк-мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделерi)

Жеке iс құжаттарын зерттеу.

Жанұяға бару (бақылау, әңгiме- жүргiзу).

Құжаттарды зерттеу,сауалнам.


Өнегелiлiк-

психологиялық

ауасы


1. Өнегелiлiк мақсат-нұсқаулары

2. Жанұядағы өзара қатынас стилi

3. Ата-ананың баланың ?мір әрекетiннiң мазмұнына көңiл бөлуi


Сауалнама.

Әңгiме. Оқушылардың шығармалары. Тестер. “Мен және менiң жанұям” суретi. Ранглеу



Ата-ананың педагогикалық мәдениетi

1. Ата-ананың тәрбиенiң мақсатын, мiндеттерiн түсiнуi

2. Тәрбиенiң құралдарын, фор-маларын, әдiстерiн, тәсiлдерiн бiлу



Сауалнама.

Әңгiме. Бақылау.



Оқушының сипаттамасы

1. Жанұя өмiрiне белсендi араласу

2. Адамгершілік, интеллектуал-дық, өмiрлiк мақсаттар

3. Іс-әрекеттiң мақсаты, себеп-салдарлары

4. Іс-әрекет түрлерiнiң алуан түрлiлiгi

5. Іс-әрекеттiң бiлiгi мен әдiс-тәсiлдерiн игеру


Бақылау.

Педагогикалық жағдайлар.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет