Алдын ала жоспарлай отырып, сабақтан соң яғни, түстен кейінгі уақытты белгіледік.
4-сурет
Сондықтан оларға жағымды көңіл күй туғызу мақсатында «Өзіңді таны» (3-сурет)тренингтен бастады. Әрбір қатысушыға жеке параққа өз атын жазып, қолын салуды сұрап, әр саусағына өзінің жақсы қасиеттерін жазып, қасындағы әріптестеріне келесі жағына көрші отырған адамның қасиеттерін жазу керек. Жұмыс аяқталған соң сәйкестік бар екенін көріп, мұғалімдер жамырап талқылай бастады. Қалай ойлайсыз сіз өз қасиеттеріңізді дұрыс бағалай алдыңыз ба? Өзіңіз туралы жаңадан не білдіңіз? Талқылау кезінде өзіміз жайлы жазғанымыз бен басқалардың жазғанында шындық бар ма соған басты назар аударылды. Одан әрі қарай ұсынылған кәмпиттерді таңдау арқылы топқа бөлді. Әр топта 5 адамнан, жиыны 3 топ бойынша жұмыс жасады. (4-сурет)
А3 парақша үлестіріліп беріліп, көбелектің суретін салғызды, қатар отырған мұғалімдерге ауыстыртып бірін-біріне бағалатты, содан кейін бағалау критерийін ұсынып қайтадан бағалатты.Бұдан соң алдын ала жасаған таныстырылу бойынша қосымша ұғымдармен таныстырды. Топтар бірін-бірі бағалады, бірақ кейбір топ басқа топтың бағалауына қарсылық білдіргендерін жасыра алмады. Коучинг соңында қатысушыларға Блоб ағашы арқылы бүгінгі сабақтағы түсінгенін бағалау ұсынылды. Коучинг соңында ұстаздар жас маманға рахмет айтып, бейнематериалдар мен тарапта материалдарды сабаққа пайдалануға сұрап, көпке дейін кеткілері келмей, тағы да осындай коучинг өткізуді сұрады. Тәжірибелі ұстаз А.С.: «Маған «Өзіңді таны» сәті таң қалдырды. Н-мен пікірлеріміз сәйкес келеді деп ойламаппын, қызық, оқушыларға пайдаланып көру керек екен» - деп таң қалып жатты. Осындай оң эмоциямен өткізілген коучинг көп мұғалімдерге өздерінің жұмыстарына жаңа көзқараспен қарауға ұйтқы болады деп ойлаймын.Осы бағалау түрлерін мұғалімдер сабақтарында қолданып,оқушылардың сабаққа деген ынталары артады деп ойлаймын.
5-сурет
6-сурет
Келесі коучингті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Д.
Достарыңызбен бөлісу: |