«Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізуін дамыту» өткізуді жоспарладық. Мақсаты: Топтық жұмыс арқылы диалогтік оқытудың әдісін таныстыру, диалогтың түрлері мен маңыздылығын жеткізу. Осы коучинг арқылы топта отырған оқушылар бір-бірімен диалог құрып, өзара әңгімелесе отырып, оқуда енжарлық танытпай, бір-біріне түсінбегенін түсіндіріп, тығыз қарым - қатынасқа түсе отырып, өз ойларын еркін жеткізуге бағыт-бағдар беру. Ұйымдастырылған стратегияларды өздерінің орындаған жұмыстарына сыни көзқараспен қарау, сол арқылы оқушыларды үйрету көзделді. Мұғалімдерге кері байланыс жасау және түрлі стратегияларды пайдалана отырып, әдіс-тәсілдерді көрсетіп, кейін сабақтарына қолдануға мүмкіндік беру.Алдыма қойған мақсатым мұғалім сабақтағы баяндаушы рөлінен жетекші, бағыттаушы және бақылаушы рөлге өзгерту арқылы оқушының сөйлеуін, жұптық, топтық жұмыстардағы өзара қарым-қатынастарын арттыруға жағдай жасау. Осындай тұлғаны қалыптастыруда диалогтік оқытудың алатын орны зор. Коучингке 15 мұғалім қатысты. Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері» жаттығуынан бастады.(5-сурет)Мұғалімдер шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін айтты. Мұндағы мақсаты психологиялық ахуал тудырып алу керек екенін түсінгеніне көзім жетті. Қиылған түрлі-түсті парақтарға жазылған Абайдың өлең жолдарын мозайка тәрізді құрау арқылы топтарға бөлді.(6-сурет) Сабақ мақсаттарын, оқу нәтижелерін айту сапасын сұрақтар қою арқылы анықтай отырып, сессия нәтижелерімен таныстырды. Жалпы кіріспе сұрақ ретінде мұғалімдердің ДО туралы ойын білу, тәжірибесімен өзара бөлісу, қарым-қатынасқа түсіру үшін ДО қалай түсінесіздер?, Оның сынып ішінде маңыздылығы қандай? т.б. сұрақ қою арқылы мұғалімдерді әңгімеге тартты Әртүрлі пікірлер айтылды, кейбіреуі қайталанды. Суреттер таратылып, суреттегі қай диалог дұрыс жүріп жатқанын анықтауға тапсырма берілді.ДО бойынша ақпарат берілді. Интерактивті тақтадан презентация «Диалогтық оқыту» көрсетілді. Мұғалімдерге ДО түрлерін, әңгімелесу түрлерін атап өтті.Келесі тапсырма өз ойларын айту. Бір топта отырған мұғалімдер диалогқа анықтама беріп, дұрыс диалог болу үшін керек мәселелерді айтып өтті. Коучинг сабағымның сәтті тұсы тапсырма барысында мұғалімдер өздеріне талап қоя білді және ойларын дәлелді, ашық жеткізуге тырысты. Сергіту сәті сәтті өтті. Әріптестердің шаршамауын, жалығып кетпес үшін жасалатынын ұққанына көзім жетті. Мұғалімдердің көңілін серпілту және зейіндерін шоғырландыру мақсатында түстердің атауларын басқа түспен жазды. Мұғалімдер жұптасып, 7 сыныптың қазақ әдебиеті оқулығынан Абай атамыздың қара сөзі жайлы айтылған мәтінді «Insert» әдісі бойынша талдады.Бұл тапсырмалар орындау барысында мұғалімдер өздері үшін жаңалық ашып, қызықты деректер оқып қызыға түсті.Келесі тапсырма топпен кесте толтыру болды.Оқулықтың ішіндегі Абай атамыздың қара сөзін қарастырып, мақалдар - мәтелдер жайлы мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, бірін-бірі толықтырды.Бүгінгі сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын,себебі топ ішінде бірлескен жұмыс, жұптық жұмыс сәтті шықты. Нәтижесінде диалогтік оқытуды, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарын үйренгенін көрдім. Мұғалімдер өткізілген коучинг арқасында ДО, оқушылардың бір-бірімен қатынасын, топпен жұмыс істеу жолдарын, бағалау жайларында, сабақтарына қажетті мағлұматтар алды. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыра отыра, оқыту мен оқудың жеті модульдерін пайдалана отырып, оқушылардың сөйлеу қабілетін, ойларын еркін жеткізуі артады деп ойлаймын.
Мен көздеген мақсатқа және күтілетін нәтижеге жету үшін мектептің даму бағдарламасын талдау нәтижесінде туындаған проблеманы қарастыра, тәлімгерлікке деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен келісе отырып, олармен тәлімгерлікке алынбаған, тарих пәнінің мұғалімі, жас маман А.С. деген мұғалімді таңдап алдым. Өзімен жеке сөйлескенімде, оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді үйренгісі келетінін айтып, бірден келісті. Жас маманның мұндай құлшыныс білдіргені мені қуантты. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады.(МАН 46-бет). Тәлімгердің негізгі міндеттері тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік беру, тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу. Алдымен, тәлімгер ретінде тәлім алушының дәстүрлі сабағына қатыстым. Тәліптің дәстүрлі сабағын бақылауда мұғалімнің мақсат қоя білуі, білімді оқушының өзінің алуына мүмкіндік беруі, мұғалімнің бағыттаушы, көшбасшы болу сияқты сәттерді, «оқушылардың өз ойларын толық жеткізуін» жүзеге асуына мән бердім. Сабақ барысында осы мәселелер бойынша бірнеше кедергілерді айқындадым. Тәлім алушы жаңа тақырыпты өзі түсіндірді. Оқушылар сабақ айту барысында қысқа айтып, ойларын жеткізе алмауы, тақырыптың мәнін толық аша алмағаны байқалды. Сабақтан кейін А.С.- мен өзімнің жоспарымның негізінде келесі қадамға көштім. Кәсіби әңгіме өткізбес бұрын екеуміз отырып бақылау сабағы жазылған бейнежазбамен таныстыруды ұйғардым.
Сабақ кезінде бақылағанымды бейнежазбамен танысу кезінде сабақтастыра отырып тәлім алушымның даму қажеттігін анықтадым. Сабақты талдадық. Бейнежазбаны көрдік. Содан кейін кәсіби әңгімемді сабақты талдау мақсатында қоятын төмендегі сұрақтармен бастадым.
8«Б» сыныбындағы Қазақстан тарихынан сабағыңызға қатыстым, сабақтан кейінгі көңіл күйіңіз қалай?
Көңіл күйім жақсы.
Бұл сабаққа қандай мақсаттар қойдыңыз?
Оқушылардың тарихи хронологияны есте сақтауы, терминдердің мағынасын түсіну қабілеттерін дамыту. Жалпы тарих жалған сөзден жасалмайды, тарихта бәрі нақты болу керек, тарих фактіге негізделген. Сондықтан билік құрған хандар, тұлғаны оқушы нақты білу керек, сол себепті де терминология, хронологияны меңгертуді негізгі мақсат етемін.
Мақсатыңызға жеттіңіз бе?
Толық жеттім деп айта алмаймын. Себебі үйге берілген тапсырманы кейбір оқушылар жаттамаған, мазмұндауға дайындалмаған.
Тәлім алушының кәсіби өсуін, жетілуін анықтап алғаннан кейін тағы да төмендегідей сұрақтарға жауап алдым.
Жаңа сабақты түсіндіргенде оқушыларға білімді дайын күйінде береді екенсіз, өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік беріп көрдіңіз бе?
Жас ерекшеліктеріне мән беремін. Өз бетінше білімді меңгерту қиын, себебі материалдар ғылыми тілде жазылған, мен өз сөзіммен түсіндіремін.
Сабақта топтық жұмысты қолданып көрдіңіз бе?
Үш топқа бөлемін, топ басшысы тобына жауап береді.
Сабақта санаулы ғана оқушы қатысты, қалғандары мүлдем қатыспады. Олардың белсенділігі жайлы не айта аласыз?
Менен қандай көмек керек?
Оқушылардың барлығын сабаққа қалай қызықтырып тарту, тақырыпты айтқанда өз ойларын толық жеткізуге қалай үйрету керек?
Tәліптің бұл сұранысынан кейін оған топтық жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздерімен таныстырып, сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру туралы оқу материалын ұсындым. Жауаптарын тыңдап алған соң, тәлім алушымның өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу болғандықтан, І деңгей бағдарламасы бойынша оқу ресурстарымен оқып, танысуға, оның кәсіби дамуына, керегін түртіп алу үшін нұсқаулықты бердім. Мектепте деңгейлік курс оқып келген мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабақта топтық жұмыс қалай ұйымдастырылатынын бақылап көруін ұсындым, сонымен қатар оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға кеңес бердім. Екінші сабақ «Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты» тақырыбында өтті. Бұл сабақта қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты туралы бейнебаянды көрсетті. Бейнебаянды көрсеткеннен кейін «миға шабуыл» әдісі арқылы қалай ойлайсыңдар, бұл бейнебаян не туралы?,«Бұл бейнебаянды неліктен көрсетіп отырмын?», «Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?» деген сұрақтар қойды. Себебі мұндай сұрақтарды қоя отырып, сын тұрғысынан ойлатуды дамытты. Бұл сұрақтарға көптеген оқушылар С деңгейдегі І, Қ, Н секілді белсенді оқушылар бірінші қол көтеріп жауап берді. Сөйтіп бүгінгі сабақ тақырыбын айқындап алды. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып қойды. Оқушыларды жұп-жұпқа бөле отырып тақырыпты оқуға тапсырма берді. Ары қарай сыни тұрғыдан ойлаудың ББҮ стратегиясын тақырыптың мағынасын ашу үшін орындатты. ББҮ кестесін оқушылар жеке өз беттерімен толтырды. Олар мәтінмен таныспай тұрып мәдениет туралы бірінші «Білемін» және екінші «Білгім келеді» деген жолдарын өз беттерімен толтырды. Мәтінді оқу немесе талқылау барысында оқушылар үшінші «Үйрендім» жолын толтырды.
Оқушылар бұл кестені толтырған кезде оқулықты және қосымша интернет материалдарын пайдаланды. Ал сыныптағы А деңгейдегі Б, А сияқты оқушылар тапсырманы орындаған кезінде қиналды. Себебі бұрынғы дәстүрлі оқуда ол оқушылар тек мұғалімнің көмегі арқылы оқып жүрді. Сондықтан оларға кестенің бөлімдерін толтыру туралы түсінік берді. Оқушылар сабақ барысы кезінде осы кесте арқылы толық мәлімет алды топ бойынша ұйымдастырылды. Оқушылар топқа бөлініп, тәлім алушымен жұмыс жүйелі жүргізіліп отырылды.
Бірлесе отырып сабақтардың жоспарын құруға, таныстырылу жасауға, таратпа материалдарды әзірлеуге көмектестім, сабақта қандай әдіс –тәсілдерді қолдануға болатынына кеңес бердім, тәлім алушымен тығыз байланыста болып отырдым. Тәлімгерлік бойынша күнделікті сабақтан соң кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабақтың соңынан тәлім алушы екеуіміз кәсіби әңгіме барысында кедергілер мен қиыншылықтарды анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырдық. Орта мерзімді жоспарлауды ІІІ деңгей мұғалімі Н.Д. бірлесе отырып үйреттім. Тәлім алушымен кәсіби әңгіме барысында тек қана сабақты талдаумен шектелмей, жалпы сабақ пен жоспар бойынша толғандырып жүрген сұрақтар көлемінде пікір алмастық. Мұндай пікір алмасу өзімнің тәлім алушыммен өзара түсіністік пен сенім ұялататын ахуалда өтті. Мен тәлімгер ретінде жас маманның бойында жаңалыққа құмарлық, еңбекқорлық қасиетін, талпынысын көрдім. Әрбір сабаққа жан жақты дайындықпен келді. Көптеген қызықты оқу және үлестірмелік материалдарын және қызықты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың өсу динамикасын: қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырды, оқушылар ресурстармен «Джигсо» сияқты тәсілдермен жұмыс істей отыра, ойларын еркін толық айта бастады.
Тәлімгерліктің басты ұстанымы - «қарым-қатынас» орнату мен білімді тарату болғандықтан, А.С. –мен тәлімгерлік үдерісін әлі де жетілдіру керек екенін түсіндім. Әлі де болса топпен жұмыс кезінде, тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу.
Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.
•Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
•Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.
•Мектептің материалдық базасын нығайту.
•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.
Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ
Қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлы да ұстаз еңбегінің мәртебесін жоғары бағалаған: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді». Қай дәуірде болмасын, қандай заман өзгерсе де, ұстаз еңбегі күн мәселесінен түскен емес. Еліміздің іргесін қалайтын саналы азамат, білімді ұрпақтың тағдыры мектеп мұғалімінің қолында. Жарқын болашақ үшін аянбай тер төгу басты міндетіміз деп санаймыз!
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші(ілгері) деңгей 2015ж
Научно - практический журнал «Завуч для администрации школ» Москва.
Үлестірмелі материалдар.
А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009
Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы 2007
Достарыңызбен бөлісу: |