9.2.4.7.
тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын біледі;
Оқушылардың басым бөлігі: тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытады;
Кейбір оқушылар: тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын есептер шығаруда қолданады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тригонометрия, функция, косинус, синус, тангенс, котангенс, формула, көбейтінді, қосынды, айырым, түрлендіру;
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: - қандай формулаларды қосу формулалары деп атайды?
- тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру ...
- тригонометриялық функциялардың айырымын көбейтіндіге түрлендіру…
- sin α + cos β қосындысын көбейтіндіге қалай түрлендіруге болады?