Пән атауы: Эпидемиология және инфекциялық аурулардағы мейіргер ісі.
Лектор: оқытушы З.А.Имангазина
Дәріс №1. Арнайы бөлім. Іш сүзегі. А және В парасүзегі. Дизентерия. Амебиоз. Сальмонеллез жұқпалы аурулары. . Аурудың этиологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникасы мен алдын алуы.
Анықтамасы. Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен, розеолезді бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы - Salmonella typhi –ішек тұқымдастығына, сальмонелл тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Морфологиялық жақтан бір-бірінен ажыратылмайды, оның 0,5-0,8х1,5-3 мкм мөлшеріндегі таяқша түрі бар. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады, олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Іш сүзегінің бактериялары L-формаларын құруы мүмкін, олар сезімталдық және типті бактериофагтар бойынша бөлінген. Salmonella typhi - грам (-) аэроб. Лимфотропты қасиетімен сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда ендотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш сүзегінің клиникалық және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі, метеоризм, лейкопения.