Пән атауы: Психология Күні


Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады. 6



бет13/15
Дата07.02.2022
өлшемі50,2 Kb.
#94394
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ппп

5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель, модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Модельдеу логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.
7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылы?тары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең ойланудағы талпындыруды.
8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жа?сы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.
9. Ранжерлеу әдісі деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объетілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық (интегративті) тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін ?олданылады, бұл зерттеушінің математикалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет