Пән атауы: Шетел әдебиеті Күні



бет5/5
Дата23.05.2020
өлшемі116 Kb.
#70849
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кенжебай А 16.05

типологиялық белгілер: қоғамға көңілі толмау; оған өзінің идеалын қарсы қою; өмірге сын көзімен қарау; рухани азғындыққа қарсылық; заман шындығынан аулақ кетуге ұмтылыс; арман, қиял; өткенді дәріптеу; азаттық, бостандық идеясы; фольклорғатарихқа ден қою; кейіпкерлерінің “ерекше” болуы; көтеріңкі эмоционалды стиль; қайғы-мұңға, ғажайып-құпия, фантастикалық жайттарға құштарлық; лиризм; патетика; әсірелеу, т.б. Романтикалық шығармаларда бейнелеу құралдары, әсерлі суреттеулер (эпитет, теңеу, метафора, ұлғайту, шендестіру, символ) мол кездеседі. 

  • Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. 

  • Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18 ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық рухта көрініс тапты.

  •  Қазақ әдебиетінде романтизмнің тегеурінді көрінген тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден көрінді. Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсерінен халықтың ыдырап, ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалық поэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. М.Жұмабаев поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді (“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Қазақ әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды.








  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет