Пән: қазақ тілі, 5- сынып



Дата18.02.2018
өлшемі34,43 Kb.
#37873
түріСабақ

Пән: қазақ тілі, 5- сынып

Күні:

Тақырыбы:

Мектеп формасы. Дыбыс үндестігі

Мақсаты

«Сән үлгілері» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға өткен сабақтар емлесін қайталай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдануға үйрету.


Күтілетін нәтиже

«Сән үлгілері» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға өткен сабақтар емлесін қайталай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдануға үйрету.


Керекті жабдықтар

СТО, топтау,ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, рефлексия..смайликтер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1.Оқушылармен амандасу. 2 минут

-Кезекшінің міндетін тексеру. 
-Бүгін сыныпта кім кезекш 
-Сыныпта кім жоқ? 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Күздің қай айы? 
-Айдың нешесі? 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Ережені қайталау

2. Жаңа сөздерді жаттау.




Мұғаліммен амандасады.



Тұсау-

кесер



1.Ой қозғау. 5 минут Суретпен жұмыс.Суретте көрсетілген киім түрлеріне байланысты өз ойларын қазақша жеткізу

Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы демалыс деп аталады.

Сабақтың мақсатымен, жұмыс түрлерімен таныстыру.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім

2.Мағынаны тану.

 1-тапсырма. Кестені пайдалана отырып, қазіргі заманға сай мектеп оқушыларының формасына мәтін құрастырып, әңгімелеңдер.

1-топ:

Оқушының киімдері

Мектептегі ұл балалардың формасы

2-топ:


Мектептегі қыз балалардың формасы

Гимназия оқушысының формасы

3-топ:

Күнделікті киетін киім



Мереке күндері киетін киімі

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлемдер құрастырыңдар.

Қара көк шалбар, ақ жейде, қара белдемше, көк костюм, әдемі көк көйлек



3-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орындарға жалғауларды қойып көшіріп жазыңдар.

Мектеп... тек қара көк түсті киім... киіну... рұқсат етілді. Біз... сынып оқушы...... заман... сай киім киеді. Мектеп... ішінде өзіндік қағидалар..... бар. Ер бала.... мерекелік күн..... ақ көйлек пен қара көк костюм ки..., ал қыз бала.... ақ жейде мен қара көк белдемше киеді.



4-тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Күртеше, белдемше, шалбар, жейде, кеудеше.





Постер қорғайды.


Сурет бойынша тақтада жұмыс жасайды.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.


Қоры-

тынды


IX. Рефлексия.

5-тапсырма. Диалог құру, өзара сөйлесу.






Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау. Смайликтер.





Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру.5минут

Диалог құру «Демалыста»



Үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет