Сұрақтар: 1. Абай қай жылы туған?
2. Абайдың шын аты кім?
3. «Абай » деген есімнің мағынасы не?
4. Абайға екінші атты берген кім?
5. Абайдың алғашқы махаббатының аты кім?
6. «Көзімнің қарасы» өлеңін Абай кімге арнаған
7. Абай қай жылы болыс болып сайланды?
8. Абайдың поэзияға деген қызығушылығын оятқан кім?
9. Абай ана тілінен басқа қандай тілдерді білген?
10. Абай неше жасында сықақ өлең жаза бастады?
11. Әйгерімнің шын аты кім?
12. Әйгерімге жаңа ат берген кім?
13. Абай қай жылы дүние салды?
Үй тапсырмасы. 1. Дәрісті оқу, жазу.Сұрақтарға жауап беру. 2. Абайдың қара сөздерін оқу, тақырыптары бойынша топтастыру. 3.«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» (тандауы бойынша бірнеше қара сөздерін түсініп оқып шығу қажет)
Оқушылардан дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Бөліктің оң жағына : мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына: сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)