ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:
пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;
оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.