Пән бойынша бағдарламасының



бет3/3
Дата24.05.2017
өлшемі0,58 Mb.
1   2   3

БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_______ Күдерин М.Қ.

20__ ж. «___»________

Құрастырушы: __________ т.ғ.к., доцент Б.Ч. Кудрышова

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған


TSK 3305 Құрылыстық керамика технологиясы

пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»_________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»__________20___ ж.



1. Оқу бағдарламасының төлқұжаты

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәні
Кәсіптік пәндер үшін міндетті компонент.

Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Барлығы: аудиториялық сабақтар – 60 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат

CӨЖ – 120 сағат

CОӨЖ – 30 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылық – 180сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 6 семестр

Курстық жұмыс – 6 семестр
2. Пререквизиттер, постреквизиттер
Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін қажетті пәндерді меңгеру тізімі жұмыс оқу жоспары бойынша. Берілген пән үшінші жыл үшін стандартқа сәйкес қарастырылған пәндермен қатар оқылады, құрылыс материалдары, байланыстырғыш заттар пәндер бойынша білім қажет.

Постреквизиттер Мамандықтың оқу жоспарымен қарастырылған барлық пәндерді оқу кезінде, процесс пен аппараттар, экономика пәндерді оқу кезінде алынған білім, зейін мен дағды білім алуға жауапты қарауға мүмкіндік береді. Теориялық жоспарлауға икемi болсын, тәжiрибелiк зерттеу нәтижелерiн жұмыстансын және тиiстi түрде оларды таныстыру және білу.
2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:

Кудрышова Баян Чакеновна «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау.» кафедрасының т.ғ.к., доценті.

«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында орналасқан.

тел. 8-(7182)67-36-59.

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелік бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
3 Нысан, мақсат пен міндет

Пән нысаны:

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәні, «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша студенттерді оқыту жоспарының кәсіптік пәндер үшін міндетті компонент.



Пәннің мақсаты

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәнін игерудің мақсаты келесілер болып табылады. Қазіргі кездегі керамикалық бұйымдарды өндіру технологиясын және қасиеттерін терең білетін, олардың қазіргі замандағы азаматтық, өнеркәсіптік құрылыстағы маңыздылығын, оны әрі қарай дамытып, капитал қорының тиімділігін артыруды білетін мамандарды дайындау.



Пәннің міндеттері

- мамандар алдында ақпараттағы материалдарды меңгеру, өздерінің білімін жоғарлату, жаңа материалдардың тиімділігін әдеттегі материалдардың тиімділігімен салыстырып, жаңа зауыт, цехтардың технологиясын жобалауды үйрену;

- оптималды технологияны, сапалы өнімді және шикізаттарды тиімді пайдалану принциптерін игеру.
4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді игеру нәтижесінде студенттер:



  • негізгі кұрылыс материалдар мен бұйымдары өндірісі саласының жетекші жағдайы;

  • өз қолданысын тапқан керамикалық құрылыс материалдарының өңдірісінде тиімді, энергия және басқа да қорларды қорғайтын технологиялар жасаудағы ғылымның және жаңашылдардың ролі туралы түсініктері болуы керек.

Білу керек:

- МемСт талаптарына сәйкес заманауи керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін және өндіру технологиясын;

- бастапқы шикізаттық материалдарын тасымалдау, сақтау және өңдеу тәсілдерін;

- керамикалық материалдар өндірісін техникалық қадағалау әдістері мен міндеттерін;



  • даму бағыты зор құрылыс керамикасы технологиясының құрылыс кешеніндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын.

Істей білу керек:

- құрылыс керамика бұйымдарының материалдарының қасиеттерін сандық мәндермен бағалап және оларды анықтаудың әдістемелік принциптерін, шикізатты зерттеуді;



- дайын өнім сапасын бақылауды қамтамасыз ететін жұмыстар орындауды; қалдықсыз өндіріс және өндіріс қалдықтары мен халық шаруашылығының басқа да өнімдерін кешенді пайдалана отырып экологиялық қауіпсіздікті, отын-энергетикалық және баска материалдық қорларды үнемдейтіндей шикізаттық материалдарды тиімді пайдалануды;

- нақты пайдалану жағдайы үшін қарастырылып отырған қолдану саласында, сондай-ақ олардың өндірісінде еңбек сыйымдылығын төмендету жолдарын.
Тәжірибелік дағдылану:

  • зерттеу қызметтін ұйымдастыру негіздері;

  • құрылыс керамика бұйымдарының қасиеттерін бағалау әдістемесі;

  • эксперименталдық мәліметтерді өндеу үшін есептеу техникасын қолдану.

Білікті болу керек:

  • мамандар алдында ақпараттағы материалдарды меңгеруде;

  • жаңа материалдардың тиімділігін әдеттегі материалдардың тиімділігімен салыстыруда;

  • зерттеудің жаңа әдістерін өздігінен оқытуда, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік профилін өзгертуде.


5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

р/с

Тақырыптардың

атауы

Аудитория-лық сабақтар

СӨЖ


дәріс

тәж.


бар-ғы

СОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1

-

1

1

2

Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат

2




9

2

3

Саз материалдарының қасиеттері

3

-

15

3

4

Шикізаттық материалдарды өндеу және қалыптық массаны дайындау

3

6

10

3

5

Керамикалық бұйымдарды кептіру технологиясының негіздері

3

8

10

3

6

Қабырғалық керамикалық материалдарды күйдірудің негіздері

3

8

10

3

7

Кірпішті жартылай құрғақ престеу технологиясы

3

8

10

3

8

Керамикалық кірпіштің қор үнемдеу технологиясы

2

-

15

2

9

Тағайындалулары әр түрлі керамикалық бұйымдарды өндіру технологияларының ерекшеліктері

8

-

20

8

10

Керамикалық материалдар кәсіпорындарындағы техникалық бақылауларды ұйымдастыру

2

-

20

2
Барлығы: 180, (4 кредит)

30

30

120

30


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 тақырып – Кіріспе.

Жоспар

1 Кіріспе.

2 Нормативтік құжаттама.

Керамика деп әр алуан ылғалдықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады. Керамика – деп «keramike» грек сөзі («keramos» деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағына береді. Сондықтан қазіргі кезде керамика технологиясында материал өндірісі мен берілген саз балшықтың құрамында айырмашылықтар болады. Керамикалық материал – бұл ерте заманнан бері келе жатқан адам қолымен жасалатын жасанды материалдардың бірі. Ең алғашқы керамикалық материалдардың негізгі түрлері ыдыс- аяқ және әшекей бұйымдар болған. Ең алғаш құрылыстық керамиканың өндіру Қытай, Батыс және Орта Азия елдерінде дамыған. Самарқандағы, Бұхардағы және Орта Азияның басқа елдерінде ғимараттар бір-бірінен керамикалық плиталардың әдемілігі, әсемдігі және күрделі өрнектері бойынша ерекшеленетін.

Керамика біздің ерте заманнан бері қолданып келе жатқан өте көне материалдардың бірі. Керамикалық өнеркәсіптің соңғы 100 жылдағы дамуы орыс ғалымдарының еңбектеріне байланысты екенінде дау жоқ.

Керамика – кәдімгі күйдірілген кірпіш, керамикалық тастар, черепицалар, қабырға, ғимарат жабыны, едендерге, қасбет, пеш, түтін шығаратын құбыр, канализация құрылғысына және тағы басқа өндірістерге қолданылады.

Осындай жолмен қазіргі кезде адамдар түсінігінде керамикалық өндіріс және керамикалық материалдар мағыналы, адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын әр түрлі «керамикалық» материалдар болып табылады. Қазіргі кезде керамикалық материалдарды практика жүзінде қолданбайды деп айтуға болмайды. Себебі көптеген өндірісте, өнеркәсіпте керамикалық материалдарды көптеп қолданады. Қазіргі кезде керамикалық материалдар кеңінен таралған.

Нормативтік құжаттама: ГОСТ 13996-93; ГОСТ 379-95; ГОСТ 530-2007; ГОСТ 6141-91; ГОСТ 6787-2001; ГОСТ 7025-91; ГОСТ 8462-85.

Қуыс денелі керамикалық кірпіш қоспасы бар немесе қоспасыз оңай балқитын саздан созымталдық қалыптаумен немесе шала құрғақтай престеумен жасалынады. Созымталдықта қалыпталынған қуыс денелі кірпіштің саңылау тәрізді немесе дөңгелек қуыстары, ал шала құрғақтай престеле қалыпталынған кірпіштердің түрлі пішіндегі денесін тесіп өтетін немесе өтпейтін қуыстары болады. Бұл кірпіш қысқандағы беріктік шегі бойынша мынадай маркаларға бөлінеді: 250; 200; 150; 125; 100 және 75.

Кеуекті қуыс денелі жеңіл кірпішжасау тәсілі қуыс денелі кірпішті шығарғандай, керамика масса құрамына жанып кететін заттар (ағаш, көмір, диатомит және т.с.с заттардың ұнтақтары) қосылады. Жеңіл салмақты кірпіш кәдімгі кірпішпен салыстырғанда оның тығыздығы және жылу өткізгіштігі төмен болады да қабырғаның қалыңдығын және үй конструкция массасын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл кірпіштің мөлшері 250х120х88 мм, тығыздығы 700-1450 кг/м3, қысқандағы беріктігі 3,5-10 МПа, аязға төзімділігі F10.

Қуыс денелі керамикалық тастарды кірпішпен салыстырғанда мөлшерлері ірі етіп жасалынады (250-290х120-128х130-288 мм). Олардың жасалу технологиясы созымталды қалыпталынатын қуыс денелі кірпіш технологиясынан онша айырмашылығы жоқ. Қуыс денелі керамикалық тастардың тығыздығы 1300-1450кг/м3, су сіңіргіштігі 6%-дан кем емес, аязға төзімділігі F15. Қысқандағы мықтылығы бойынша олардың төрт маркасы болады: 75, 100, 125, 150.

Керамикалық жиналмалы панельдер мен блоктар.

Ірі керамикалық панельдер – зауыттық жағдайда кірпіштен немесе керамикалық тастардан үш, екі және бірқабатты етіп, мөлшерін бөлме мөлшеріне сәйкес жасайды. Оларды жинақты үй құрылысында сыртқы қабырға үшін пайдаланады. Үшқабатты панель қалыңдығы 65 мм-ден кірпіштен құралған екі сыртқы қабатынан, ортасындағы қалыңдығы 100 мм жылытқыш материалдар (минералдық плита, көбіктенген шын, фибролит және т.б) қабатынан және үш қабат цементтік ерітіндісінен тұрады. Сонымен үшқабатты панельдің жалпы қалыңдығы, сыртқы және ішкі қаптаушыларын қосқанда 280мм. Екіқабатты панель ½ кірпіштен қаланған бірқабаттан (120) және қалыңдығы 120 мм жылытқыш қабатынан тұрады. Бірқабатты сыртқы қабырғаға арналған панель қуыс денелі керамикалық тастардан, ал ішкі қабырғалық панель – кәдімгі кірпіштен жасалынады.

Ұсынылатын әдебиет: [1-3].
2 тақырып - Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат Жоспар

1 Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат. Сазтану негіздері.

2 Сазды шикізатты топтастыру. Саздың химиялық, түйіршектік (гранулдық) және минералдық құрамы. Олардың негізгі саздарға бөлінуі.
Керамикалық бұйымдар немесе керамика деп табиғи саз балшықтан немесе оны минералдық я органикалық қосымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, қалыптастыру, кептіру және күйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдарды атайды.

Саз балшықтар (осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартыла аталынады) бірнеше минералдардан және азды-көпті минералдық және органикалық қоспалардан кұралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғанда иленгіш қамыр түзеді, ал басқа (екінші) тобында - кальцитте, дала шпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші топтағы минералдарды сазды (балшықты) зат деп атайды, екіншісін - сазды емес минералдар дейді. Балшықты (сазды) зат бөлшектерінің өлшемі 0,005 мм-ден төмен негізінде каолиниттен және онымен туысқан минералдар монтмориллониттен.

Бентониттер деп жоғары пластикалық негізінде монтмориллониттен құралған, балшықтарды атайды. Олардың 85... 90 проценті өте ұсақ 0,001 мм-ден кем бөлшектерден тұрады.

Қорыта айтқанда балшық материалдарда 0,001 мм бөлшектер көбейген сайын олардын пластикалығы өседі; пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспада дала шпаты олардың балку температурасын төмендетеді; темір тотығы (Fе2О3) оларға қызыл, ал баска, әсіресе көміртегіне бай органикалық қоспалар қоңыр т.б. түстер (өңдер) береді; кальцийлі карбонат (СаСО3) "көпірме" ("дутик") атты дефект (ақау), кемістік келтіреді.

"Көпірме" - деп кальцийлі карбонатты күйдірмеде бөлінген кальций тотығы өлкейгенде көлемінің үлғаюы әсерінен керамикалық бұйымдардың бетінде пайда болған қуыс сияқты қуысқа ұқсайтын ақауды (кемістікті) атайды жасалған бұйым кептіргенде, күйдіргенде көлемін кішірейтеді, шытынауы (жарылуы) мүмкін. Болашақ бұйымды осындай ақаудан сақтау үшін балшықтың иленгіштігін азайтатын үстемелер пайдаланылады. Оларға шамот, құм, жылу электростанциясының (ЖЭС) күлі, тез суытылып, түйіршектелген шлактар жатады.

Шамот-түйірленген (0,14-2 мм) керамикалық материалдар; ол сазды күйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылы алынады немесе кірпіштің қалдықтарынан сынықтарынан дайындалынады. Шамотты немесе осы тонқа жататын жоғарыда көрсетілген басқа да заттарды қосқанда балшықты кептіру, күйдіру процестері жеңілдейді, сапасы жоғары беттік кірпіш және отқа төзімді бұйымдар алынады.

Керамикалық бұйымдардың су өткізгіштігін, тығыздығын және әсемдігін арттыру үшін олардың бетін глазурь немесе ангоб деп аталатын заттармен өңдейді (сырлайды).

Глазурь дегеніміз бұйымның бетіне жағылұаннан соң оны күйдіргенде жоғары температураның әсерінен балқитын шыны түрге айналатын көп компонентті зат; глазурь кабығының қалыңдығы - 0,1 - 0,2 мм. Глазурь түрлі-түсті, мөлдір, кейде күңгірт болады. Глазурьді күңгірттеу үшін оның құрамына 6 процент қалайы тотығын қосады.

Ангоб дегеніміз күйдіргенде ақ немесе басқа түс беретін балшықтан жасалған керамика бұйымдарының бетіне жағылатын зат. Күйдіргенде ангоб балқымайды (оның балқу температурасы глазурьден анағұрлым жоғары), сондықтан ангобтандырылған бұйымдардың беті түрлі түсті болғанымен жылтырамайды.

Ұсынылатын әдебиет: [1,2,6].
3 тақырып - Саз материалдарының қасиеттері

Жоспар

1 Саз материалдарының қасиеттері. Сулы қасиеттері: сусыйымдьлық, ісіну, жібу, тиксотроптық беріктелу. «Саз-су» жүйесінің қүрылысы. Саз массасындағы ылғал түрлері және олардың қасиеттері. Механикалық қасиеттері: иілімділік, қалыптанушылық, созылымдылык.

2 Сұйық және иілімді саз массасының реологиялық қасиеттері. «Саз-су» жүйесіндегі құрылымдану. Саз массасының физика-механикалық қасиеттері: иілім (пластикалық) беріктігі, деформация және серпімділік модулі.

3 Кебулік қасиеттері: ауалық ширау, ылғалөткізгіштік, саздың кебуге сезімталдығы (сызатка шыдамдылығы). Термиялык қасиеттері: отқа төзімділік, оттық ширау, бірігу.
Иленгіштігі. Керамикалық бұйымдар өндіру үшін иленгіштігі орташа, пластикалық саны 7... 15 аралығындағы саздар пайдаланылады. Иленгіштігі аз балшықтар (Пл 7-ден төмен) қалыптанбайды, ал өте иленгіш саздар (Пл 15-тен жоғары) кептіргенде шытынайды.

Қамырдың аққыштық шегі былай сипатталынады. Қалыңдығы 1-1,5 см қамырды фарфор тостағаны түбіне төсейді, шпательмен екіге бөледі; үш рет шіжігеннен кейін камырдың төменгі жағы қосылып, бет жағы қосылмай ашық қалуы тиіс.

Қамырдың шратылғыш шегі деп 0,2-0,3% су қосқанда оның ширатылығы жіпке айналу қабілетін, өлшемдерінің және көлемінің кішірейуін атайды. Отырғыштық бұйымның алғашқы өлшемдерінен процент арқылы анықталынады: әдетте бұйым 3-тен 18%-ға дейін шөгеді. Осыған сәйкес өлшемі стандартта көрсетілгендей бұйым алу үшін форманың (калыптың) көлемі ұлғайтылады. Бұйымның шөгуі камерада кептіргенде ылғал (су) бөлініп, ал күйдіргенде оның балқығыш құрамы басқа балқымайтын бөлшектерді өзіне тартуы әсерінен пайда болады.

Пісуі деп – күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп (жоғарыда көрсетілгендей құрамындағы кейбір оңай балқитын бөлшектері балқып балқымаған бөлшектерді өзіне ығыстыру әсерінен), тас тәрізді денеге айналуын атайды.


1-сурет. Күйдіру температурасына байланысты керамикалық бұйымдардың сужұтқыштығының өзгеруі: А,Б,С – бұйымдардың су жұтқыштық интервалы


1-суретте көрсетілгендей температура жоғарылаған сайын (С нүктесіне дейін) керамикалық бұйымның пісу дәрежесі өседі, ал сусіңіргіштігі азаяды. tс-дан жоғары температурада бұйымның пісуі емес күйуі балқуы байқалады. А мен С нүктелері аралығындағы температура бұйымның пісуі интервалы (аралығы) деп аталынады. Бұл интервал tс-tа-ға тең, мұндағы tа – пісудің басталуына, ал tс оның аяқталуына сәйкес температуралар.

Ұсынылатын әдебиет: [1-6].
4 тақырып - Шикізаттық материалдарды өндеу және қалыптық массаны дайындау

Жоспар

1 Шикізаттық материалдарды өңдеу. Керамикалық қоспаларды (масса) өңдеу және қалыптау технологиясының негіздері.

2 Қабырғалық материалдар үшін керамикалық қоспалардың қолайлы ылғалдылығы және қалыптанушылығы.

3 Әр түрлі құрылымдық-механикалық типтегі саздардан керамикалық шихталарды дайындау мысалдары. Иілімді әдіспен ақаусыз шикі-кірпіш қалыптауды қамтамасыз ететін керамикалық шихталардың колайлы кұрамын таңдау және анықтау тәртібі.
Керамикалық бұйымдарды өндіру мынадай негізгі процестерден тұрады: балшықты карьерден қазып алу, массаны дайындау, оны бұйым формасына келтіріп қалыптау, кептіру және күйдіру.

Балшықты массаны дайындау. Карьерден алынған балшықтың иленгіштігін арттыру үшін түрлі дайындау процестерінен өткізіледі. Мысалы, алынған балшықты бір жыл ашық ауада ұстайды. Осы уақытта ауа райының құбылыстарына тап болған балшық өздігінен уатылып, элементтік бөлшектеріне бөлінетіндіктен, оның иленгіштігі өседі. Осы мақсатпен балшықты оның құрамында кездесетін қоспа – тас (құм) түйіршіктерден механикалық немесе гидравликалық әдістермен ажырату да қолданылады. Бұл үшін балшық тасты бөліп шығаратын тасты айыратын біліктерден өткізіледі немесе сумен араластырылып суспензия (лай) дайындалады да, електен өткізіледі (0,5 мм-ден жоғары түйіршіктер електе қалады). Ол 18-22 немесе 8-10 % ылғалдылыққа дейін (бұйым өндіру үшін балшықты қалыптау әдістеріне байланысты) кептіріледі (кептіргіште бүркіп тозаңдату арқылы).

Қатты түйіршіктерден винтті біліктер арқылы ажыраған балшық майдаланылады, егер өндірісте бұйым илемді әдіспен қалыптанылса, 18-22 % дейін ылғалданылып, қалақты балшық иленгіштен өткізіледі (2-сурет). Балшықты ылғалдау үшін су орнына бу қолданылса таспалық пресстің өнімділігі асады. Оған кететін электр қуаты 10-15 % кемиді, өйткені бу массаға терең тарап, суға айналады. Осының салдарынан балшық біркелкі, түгел ылғалданады. Буды қолданғанда масса 50оС-қа дейін қызып, бұйымдарды кептіру уақыты қысқартылады.

Жартылай құрғақ қалыптау әдісі бойынша ылғалдылығы 8-10 % балшық пресс-ұнтақ түрінде престе үлкен (15-40 МПа) қысымымен тығыздалып қапталады. Пресс-ұнтақ шликерлік немесе кептіру-ұнтақтау әдістерімен дайындалады. Кептіру-ұнтақтау әдісі мына процестерді қамтиды: балшықты дезинтеграторлы біліктерде майдалау, майдаланған балшықты кептіргіш барабандарда кептіріп, кептірілген балшықты себетті дезинтеграторда ұнтақтау, бумен 8-10 % дейін дымқылдайды.

Жартылай құрғақ тәсілмен қалыптандырылатын бұйымдар үшін ұнтақтау алдында қажет етпейтін, аз дымқылданған табиғи балшықты пайдаланған жөн. Бұл әдістің иілімдік әдіспен салыстырғанда тиімділігі – өндірісте энергияның аз шығындалуы. Мысалы, илемділік тәсілмен өндірілген дымқылдығы 18-22 % 1000 кірпішті кептіру үшін 100 кг шартты отын шығындалады.

Құю (шликер) арқылы қалыптау. Бұл әдістің ерекшелігін үйдің сыртқы бетін өңдегіш глазурьленген тақталарды өндіру процестерін қарастырудан байқауға болады. Бұл тақталар құю әдісімен автоматтандырылған конвейерде құрамы үш түрлі шликерлерден өндіріледі. Конвейермен бірге жылжып келе жатқан керамикалық тұғырыққа (табанға), құйғыш аппараттар арқылы алдымен бөлуші, содан соң тақта, одан әрі глазурь қабаттарының шликерлері құйылады. Бөлуші қабат – шликері одан оңай бөлінуін қамтамасыз етеді. Конвейерде келе жатып бұл үш қабатты керамикалық масса тез кебеді де, алдымен тазалағыш, онан соң кескіш құбырғылардан өтеді. Кескіш құрылғы айналмалы дискілермен массаны өлшемі стандартқа сәйкес тақталарға қиып тұрады. Тұғырықтар құйылған масса технологиялық тізбекте 22-30 мин ішінде өтеді, сонан кейін тақталармен бірге жылытқыш қондырғыларға ауысады. Толық өндіріс циклі (күйдіру процестерімен бірге) 2 сағ уақыт алады.



Ұсынылатын әдебиет: [2-6].
5 тақырып - Қабырғалық керамикалық материалдарды кептірудің негіздері

Жоспар

1 Керамикалық шикі-кірпішті кептіру теориясының негізгі ережелері. Қалыпталатын массалардың кебулік қасиеттерін бағалаудың белгілері және әдістері.

2 Керамикалық бұйымдарды кептіру технологиясының негіздері.

Керамикалық материалдарды кептіргенде жүретін процесстер туралы мағлұматтар.



3 Шикі-кірпішті кептіру процессіндегі ширау деформацияларының (майысу және сызаттар) пайда болу механизмі.
Қалыпталған бұйымдарды кептіру. Бұйымдарды күйдіргенде біркелкі шөгуі (отыруы) және шытынамауы үшін оларды күйдірер алдында ылғалдылығы 5 %-дан аспайтындай етіп кептіру (900С-ға) қажет. Бұл туннельді немесе камералы кептіргіштерде өтеді.

Туннельді кептіргіште (ұзындығы 50 м дейін) вагонеткаларға тиелген бұйымдар берілген жылдамдықпен үздіксіз жылжып отырады. Вагонетканың жылжу бағытына қарама-қарсы ыстық (120-1500С) ауа немесе пештен шығатын газ беріледі. Туннельді кептіргіште бұйымды кептіру ұзақтылығы – 16-36 сағат.



Ұсынылатын әдебиет: [1-4].
6 тақырып - Қабырғалық керамикалық материалдарды күйдірудің негіздері

Жоспар

1 Қабырғалық керамикалық материалдарды күйдірудің негіздері. Күйдіру кезінде саздарда жүретін фазалық және химиялық өзгерістермен байланысты процесстер.



2 Пештегі газ ортасының керамикалық бүйымдардың сапасына әсер етуі. Құрамында отындық қоспалар бар керамикалық бұйымдарды күйдіру. Термиялық өңдеудің қолайлы тәртібі.
Бұйымдарды күйдіру. Күйдіру – керамикалық бұйымдарды өндірудің соңғы процесі. Күйдіру әсерінен олардың құрылымы мен басқа да техникалық қасиеттері құралады. Кірпіш пен басқа да кеуекті бұйымдарды күйдіру процесі әдетте 950-10000С-та аяқталады. Температура одан әрі көтерілсе, балқыған силикаттардың – сұйық ерітіндінің пайда болуы мен оның көбеюін тез жылдамдатады. Бұл ерітінді балшықтың бөлшектерін байланыстырып қана қоймай, керамикалық материалдарды (бұйымдарды) тығыздайды (су сіңіргіштігі 5 %-дан төмен). Сұйық ерітінді көбейсе – ол артық күйдірілгеннің белгісі, бұйым қалпынан айырылады, оның бет жағы түгел балқиды. Ал күйдірілуі жетпесе, ол пісу процесінің толық бітпегенінің белгісі. Бұл жағдайда кірпіштің түрі қызыл емес ал қызыл болып, беріктігі, суға, аязға төзімділігі төмендейді.

Керамикалық бұйымдарды күйдіру үшін туннельді немесе сақиналы пештер қолданылады. Туннельді пештердің жұмысы автоматтандырылған: іші отқа төзімді футеровкалармен өңделген. Пештің ұзындығы – 100 м-ге дейін көлденең қимасы – 3м х 5м; ішінде бұйымдар тиелген вагонеткалар тұтас поезд құрап ақырын жылжып, жылыту (кептіру), күйдіру және суыту аймақтарынан өтеді. Жылыту аймағына бұйымдар тиелген жаңа вагонетка берілген кезде, басқа вагонетка күйдірілген бұйымдарымен суыту аймағынан шығады.

Қорыта айтқанда, пеште күйдіру – керамикалық бұйымдардың бірігуіне қажетті процесс. Бұйымдар эвтетикалық сұйық ерітіндінің бөлшектерді байланыстыру, қатты фазада жүретін реакциялар (қатты ерітінділер) және жаңадан пайда болған түрлердің кристалдану әсерінен бірігеді.

Ұсынылатын әдебиет: [1,2, 4-6].
7 тақырып - Кірпішті жартылай құрғақ престеу технологиясы

Жоспар

1 Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ пресстеу технологиясының дамуы.



2 Керамикалық пресс-ұнтақтың құрамын, оның құрамы мен ылғалдығына байланысты пресстеу қысымының компрессивтік қисығын пайдаланып үйлестіру.

Беттік қыш кірлішті жартылай қүрғақ тәсілімен қалыптарда шикізаттық материалдар алдын-ала жанышқыларда майдаланған соң кептіргіш барабанда ылғалдылығы 6-8%-ға жеткізілгенше кептіріледі, одан кейін үлтақтагашта (дезинтеграторда) қайталап майдаланады, еленеді, ылғалдылыгы 8-12%-ға дейін жеткізіледі және біркелкі масса алынганша араластырылады. Саз ұнтагын сумен немесе бумен ылғалдандырады, одан соң екі білікті сазараластырғышында немесе булы суландырғышта үдемелі түрде араластырады.

Нәтижесінде ылгалдылыгы біркелкі қалыптау массасы алынады. Дайын массаны енімділігі - сағатына 10000-15000 шартты дана кірпіш өндіретін гидравликалық немесе механикалық пресстерде қалыптайды. Арнайы вагоншаларға тиелген беттік қыш кірпіш күйдіру пешіне беріледі.

Күйдіру - қыш бүлымдарын өндіру технологиясының ең маңызды және соңгы кезеңі. Қыш бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-1100°С аралыгындагы температурада күйдірілуі нәтижесінде қалыптасады. Нақтылап айтқанда күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділік көрсеткіштерін жетерліктей жогарылатып, керекті қүрылыстық-қолданыстық қасиеттеріне ие болады.

Қыш бұйымдардың күйдірілмеген калпымен салыстырғанда қүрылыстық қасиетін күрт өзгеруі күйдіру кезіндегі саздық массада жүретін физикалық-химиялык процесстермен түсіндіріледі. Мысалы, органикалық қосындылардың жанып кетуі, саздық минералдардың дегидратациялануы, кремнезёмнің полиморфтық езгеруі, карбонаггардың ыдырауы, қатты фазалардың синтезі, балқыманың пайда болуы жэне nice келе тығыздалып қыш денеге айналуы толып жатқан тізбектес физикалық-химиялық процесстердің жүруімен байланысты екеніне күмән жоқ.

Күйдіру пешіне алдын-ала кептірілген бүйымдар 8-12%-дық ылғалдылыгамен келіп түсетіндіктен 110"С-қа дейін баяу (50-80°С/сағ) қыздырғанда байланыссыз бос су толық бөлініп ажырайды. Температура 2000С-тан жогары көтерілгенде, органикалық қоспалары жанып кетеді, 400-700°С дейін қыздырғанда массадагы саздық минералмен жэне басқа қосындылармен химиялық байланыстагы суы ажырай жоғалады да, минералдық масса созымталдығын мүлде жогалтады.

Осы процесспен қатар, саздық минералдардың толык ыдырауынан бастап олардың кристаллдық торларының толық ыдырауына дейінгі процесстер жүреді, АІ2О3 жэне S1O2 тотықтарының аморфты араласпасы пайда болады. Мүның алдында температура 475°С шамасында шихтада болатын р-кварц көлемін үлкейте өзінің а-модификациясына кешеді. Сондыктан бұйымдарда олардың беріктігін төмендететін ішкі кернеу туады. Бүл кезенде температураның көтерілу жылдамдыгы 300-450°С/сағ аралыганда болуы мүмкін. Температураны 800°С-тан 1000°С дейін көтергенде қатты фазалар арасында жүретін реакциялар нэтижесінде жаңа кристаллдық силикаттардың, мысалы, силлиманиттің A2O3SiO2 жэне т.е.с. синтездердің қүрылуы мүмкін. Бұдан былайгы жоғаргы температурада (1200-1300°С) силлиманит муллитке 3Al203-2Si02 айналады. Бұл кезең саздық минералдардың кристаллдық торларының бұзылуымен және қыш дененің (черепок) едәуір өзгеруімен байланысты екенін ескере отырып, қыздыру жылдамдыгьш 100-200°С/саг дейін төмендетеді. Осы кезенде қатты фазалық синтездермен қабат қыш массасының жеңіл балқығыш қосындылары және минералдары біраз сұйық фаза (балқыма) құрады. Жэне де температура жоғары болған сайын сұйык фаза келемі кебейе түсіп, керамиканың тас тэрізді дене болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Яғни пайда болган сұйық фаза массадагы түйіршіктердің эрқайсысын каптап бір-біріне тартады жэне кеуектерін толтырады да, материалдың тығыздығын асыруға ықпалын тигізеді.

Сұйық балқымада жаңа қосындылар күрылу процесі тоқтаусыз жүреді де, одан кейінгі олардың кристаллдануы күйдірілетін материалдың тұтастануын қамтамасыз етеді. Бул женінен осындай қосындылардың бірі муллит ең маңьгзды кристаллдық онім болып саналады. Олар суытылу нәтижесінде тас сияқты тығыз қыш денеге айналады. Осы процессті балқыта пісіру (жентектелу) деп атауга болады (орысша «спекание» дейді). Сонымен, балқыта пісірудің нэтижесінде күйдірілген материал тыгыздалып, оның ашық кеуектігі азаяды. Сондықтан қүрылыстық қыш бұйымдардың балқытыла пісіру дәрежесін олардың су сіңіргіштігімен тексереді.

Күйдірілген бүйымның су сіңіргіштігі 5% болғандағы температураны балқи пісудің басталуы ретінде қабылдайды. Отқа төзімділік температурасы мен балқи nice бастагандағы температура арасындағы айырмашылығын саздың балқыта пісірілу аралығы деп атайды.

Балқыта пісірілу аралығы кендеу болса, согұрлым бұйымның күйдірген кездегі деформациялық қауіптігі аз болады. Оңай балқытылатын саздардың балқыта пісірілу аралығы жақын (10-20 0 C) болып келеді. Олардан жасалған бұйымдарды эдетте 900-1000°С температурада күйдіреді, ал отқа төзімді жэне қиын балқитын саздардікі алшақ (100-250°С) болады да, олардан жасалғаи бұйымдар температурасы 1150-1400°С аралығында күйдіріледі. Неғүрлым саздың балқыта пісірілу аралығы алшақ болса, соғүрлым күйдіру процесін реттеу мүмкіншілігі жоғары.

Жартылай қүргақ қалыптау технологиясы арқылы толық денелі беттік қыш кірпішпен қатар қуысты, тесікті кірпіштер және тастар калыптауга болады. Қалыпталынған бұйымдар бірден күйдіру пішініне, одан эрі дайын өнім қоймасына жөнелтіледі.

Сапалы беттік қыш кірпішке қойылатын негізгі талаптар: тығыздығы 1600-1900 кг/м3, аязга төзімділігі жоғары - 50 циклдан кем емес, беріктігі - 25 МПа жэне одан жогары, су сіңіргіштігі томен - 6%-дан төмен, жылуөткізгіштігі 0,5-0,7 Вт/(м-°С).

Ұсынылатын әдебиет: [1-6].
8 тақырып - Керамикалық кірпіштің қор үнемдеу технологиясы

Жоспар

1 Керамикалық қабырғалық материалдар үшін шикізат ретінде жылу электр бекеттерінің (ЖЭБ) күлдерін пайдалану жағдайы және болашағы.

2 ЖЭБ күлдерінің керамикалық кұрамында отын бар шикізат ретінде топтастыру.ЖЭБ күлдерінін физика-механикалық және жылутехникалык касиеттері. ЖЭБ күлдерінің түйіршектік және минералдық кұрамы.

3 Күлкерамика қоспасының құрамы. «Күлкерам» қабырғалық материалдар технологиясының негіздері.


Болашақ бұйымды осындай ақаудан сақтау үшін балшықтың иленгіштігін азайтатын үстемелер пайдаланылады. Оларға шамот, құм, жылу электростанциясынын (ЖЭС) кұлі, тез суытылып, түйіршектелген шлактар жатады.

Шамот-түйірленген (0,14-2 мм) керамикалык материалдар; ол сазды кұйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылы алады немесе кірпіштің қалдықтары сынықтарынан) дайындалынады. Шамотты немесе осы жататын жоғарыда көрсетілген басқа да заттарды қосқанда балшықты кептіру, күйдіру процесстері жеңілдейді, сапасы жоғары беттік кірпіш және отқа төзімді бұйымдар алынады.

Жартылай құрғақ қалыптау әдісі бойынша ылғалдылығы 8-10 % балшық пресс-ұнтақ түрінде прессте үлкен (15-40 МПа) қысымымен тығыздалып қапталады. Пресс-ұнтақ шликерлік немесе кептіру-ұнтақтау әдістерімен дайындалады. Кептіру-ұнтақтау әдісі мына процестерді қамтиды: балшықты дезинтеграторлы біліктерде майдалау, майдаланған балшықты кептіргіш барабандарда кептіріп, кептірілген балшықты себетті дезинтеграторда ұнтақтау, бумен 8-10 % дейін дымқылдайды.

Жартылай құрғақ тәсілмен қалыптандырылатын бұйымдар үшін ұнтақтау алдында қажет етпейтін, аз дымқылданған табиғи балшықты пайдаланған жөн. Бұл әдістің илемділік әдіспен салыстырғанда тиімділігі – өндірісте энергияның аз шығындалуы.

Құю (шликер) арқылы қалыптау. Бұл әдістің ерекшелігін үйдің сыртқы бетін өңдегіш глазурьленген тақталарды өндіру процестерін қарастырудан байқауға болады. Бұл тақталар құю әдісімен автоматтандырылған конвейерде құрамы үш түрлі шликерлерден өндіріледі. Конвейермен бірге жылжып келе жатқан керамикалық тұғырыққа (табанға), құйғыш аппараттар арқылы алдымен бөлуші, содан соң тақта, одан әрі глазурь қабаттарының шликерлері құйылады. Бөлуші қабат – шликері одан оңай бөлінуін қамтамасыз етеді. Конвейерде келе жатып бұл үш қабатты керамикалық масса тез кебеді де, алдымен тазалағыш, онан соң кескіш құбырғылардан өтеді. Кескіш құрылғы айналмалы дискілермен массаны өлшемі стандартқа сәйкес тақталарға қиып тұрады. Тұғырықтар құйылған масса технологиялық тізбекте 22-30 мин ішінде өтеді, сонан кейін тақталармен бірге жылытқыш қондырғыларға ауысады. Толық өндіріс циклі (күйдіру процестерімен бірге) 2 сағ уақыт алады.

Қалыпталған бұйымдарды кептіру. Бұйымдарды күйдіргенде біркелкі шөгуі (отыруы) және шытынамауы үшін оларды күйдірер алдында ылғалдылығы 5 %-дан аспайтындай етіп кептіру (900С-та) қажет. Бұл туннельді немесе камералы кептіргіштерде өтеді.

Туннельді кептіргіште (ұзындығы 50 м дейін) вагонеткаларға тиелген бұйымдар берілген жылдамдықпен үздіксіз жылжып отырады. Вагонетканың жылжу бағытына қарама-қарсы ыстық (120-1500С) ауа немесе пештен шығатын газ беріледі. Туннельді кептіргіште бұйымды кептіру ұзақтылығы – 16-36 сағат.

Бұйымдарды күйдіру. Күйдіру – керамикалық бұйымдарды өндірудің соңғы процесі. Күйдіру әсерінен олардың құрылымы мен басқа да техникалық қасиеттері құралады. Кірпіш пен басқа да кеуекті бұйымдарды күйдіру процесі әдетте 950-10000С-та аяқталады. Температура одан әрі көтерілсе, балқыған силикаттардың – сұйық ерітіндінің пайда болуы мен оның көбеюін тез жылдамдатады. Бұл ерітінді балшықтың бөлшектерін байланыстырып қана қоймай, керамикалық материалдарды (бұйымдарды) тығыздайды (су сіңіргіштігі 5 %-дан төмен). Сұйық ерітінді көбейсе – ол артық күйдірілгеннің белгісі, бұйым қалпынан айырылады, оның бет жағы түгел балқиды. Ал күйдірілуі жетпесе, ол пісу процесінің толық бітпегенінің белгісі. Бұл жағдайда кірпіштің түрі қызыл емес ал қызыл болып, беріктігі, суға, аязға төзімділігі төмендейді.

Керамикалық бұйымдарды күйдіру үшін туннельді немесе сақиналы пештер қолданылады. Туннельді пештердің жұмысы автоматтандырылған: іші отқа төзімді футеровкалармен өңделген. Пештің ұзындығы – 100 м-ге дейін көлденең қимасы – 3м × 5м; ішінде бұйымдар тиелген вагонеткалар тұтас поезд құрап ақырын жылжып, жылыту (кептіру), күйдіру және суыту аймақтарынан өтеді. Жылыту аймағына бұйымдар тиелген жаңа вагонетка берілген кезде, басқа вагонетка күйдірілген бұйымдарымен суыту аймағынан шығады.

Қорыта айтқанда, пеште күйдіру – керамикалық бұйымдардың бірігуіне қажетті процесс. Бұйымдар эвтетикалық сұйық ерітіндінің бөлшектерді байланыстыру, қатты фазада жүретін реакциялар (қатты ерітінділер) және жаңадан пайда болған түрлердің кристалдану әсерінен бірігеді.



Ұсынылатын әдебиет: [1-5].
9 тақырып - Тағайындалулары әр түрлі керамикалық бұйымдарды өндіру технологияларының ерекшеліктері

Жоспар

1 Тағайындалулары әртүрлі керамикалық бұйымдарды өндіру технологияларының ерекшеліктері.

2 Қабырғалық материалдар. Арнайы кірпіштер мен тастар.

3 Жабынға арналған бұйымдар. Шатырлық материалдар.
Қабырғалық және тыстаулық (өңдеулік) керамикалық бұйымдар. Қабырғалық керамикалық бұйымдар. Бұлардың маңызы зор, өйткені олар құрылыста қолданылатын барлық қабырғалық бұйымдардың тең жартысы. Көп тараған түрлеріне мыналар жатады: кәдімгі күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар (қуысты кірпіш), қуысты керамикалық тастар, т.б.), кірпіштен немесе керамикалық тастардан құралған ірі панельдер.

Кірпіш (кәдімгі) тығыз (қуыссыз) формасы тікбұрышты параллелепипед, өлшемі 250 х 120 х 65 мм, оңай балқығыш балшықтардан (қосымша заттарсыз немесе солармен) істелінеді. Тығыздығы 1600-1900 кг/м3, жылуөткізгіштігі – 0,7-0,8 Вт/(м0С); беріктігіне сәйкес (Rсығ.) 7 маркамен сипатталынады: М75, М100, М125, М150, М200, М250, М300. Су сіңіргіштігімен сипатталынатын кеуектілік мөлшері маркасы М150-ден жоғары кірпіш үшін 6 %-дан кем емес, ал басқа маркалы кірпіш үшін 8 %-дан кем болмауы қажет. Кеуектілігі азайса, кірпіштің жылуөткізгіштігі артып, құрылыс ерітіндісімен байланысы әлсірейді. Кірпіштің аязға төзімділігі 15 циклден кем болмауы қажет. Әдетте, бұл қасиеттің маркалары – F25, F35, F50. Кірпіш көбінесе қабырға қалауда, панельдер жасауда, пеш пен мұржа қалауға қолданылады.

Тиімді қабырғалық керамикалық бұйымдар. Кәдімгі керамикалық кірпіштің жылуөткізгіштігі жоғары, осының салдарынан сыртқы қабырға қалың – 2 немесе 2,5 кірпіш, яғни 52 немесе 64 см болып қаланады. Бірақ, мұндай жуан қабырғаның жоғарыдан түскен күшке кедергісі (беріктігі) өте көп, пайдаланылмай қалады, салмағы да ауыр (1м2 қабырғаның салмағы – 800-1000 кг). Сондықтан оның орнына беріктігі жоғары емес, бірақ жылуөткізгішті төмен бұйымдарды пайдаланған жөн. Бұл жағдайда қабырға қалыңдығы жұқарады. Осындай бұйымдарға қуыс кірпіш, қуыс керамикалық тастар және диатомит пен трепелден өндірілген кірпіш пен тастар жатады.

Қуысты кірпіштер. Қуысты керамикалық тастар (3.5-сурет). Кәдімгі қуыссыз, тығыз керамикалық кірпіштің өлшемдері – 250×120×65 және 250×120×88 мм, яғни соңғы кірпіш – қалыңырақ, оны модульді кірпіш дейді. Қуысты кірпіштердің өлшемдері кәдімгі кірпіштердікіндей, бірақ олардың іші қуысталынған. Қуысты тастардың өлшемі, кірпіштердікінен үлкенірек. Кірпіш пен тас қуыстарының формасы дөңгелек немесе тік бұрышты, өлшемдері де, кірпіштегі сандары да әртүрлі.

Қуыс бұйымдардың төсеу бетіне тік немесе жазық бағытта орналастырылады. Олар бір шеті бітеу, немесе шеттері ашық болып жасалады. Кірпіштердің қуыстылығы – 42 %, ал тастардікі – 50 % дейін.

Диатомит пен трепелден жасалған кірпіш пен тастар – қабырғалы-керамикалық бұйымдардың тиімділігін арттырады. Өйткені олардың кеуектілігі кәдімгі (қуыссыз) жағдайдың өзінде жоғары, су сіңіргіштігі 8 %-дан кем емес, оған қоса олар да қуысталынуы мүмкін. Олар тығыздықтарына байланысты 3 класқа бөлінеді: А, Б және В: сәйкесінше 0,7…1 т/м3; 1…1,3 т/м3 және 1,3 т/м3-дан жоғары – аязға төзімділігі бойынша маркалары F15 кем емес.

Тиімді қабырғалы-керамикалық бұйымдардың қуыс түрлерін өндіру үшін қалыптағы престің мүштігіне қажетті нұсқалы өзек-болатты қапсырма шегемен бекітеді.

Кірпіштен немесе керамикалық тастардан құралған ірі панельдер.

Мұндай панельдер сыртқы қабырға ретінде пайдаланылады. Олардың биіктігі мен ені үй бөлмесінің биіктігі мен еніне тең (мысалы, 3,2×2,7×0,28 м). Олар бір, екі және үш қабатты болып өндіріледі.

Үш қабатты панельдің қалыңдығы 28 см (ішкі, сыртқы беттерінің өңдеулік материалдармен тысталғанын қосқанда,соның ішінде сыртқы екі қабатының әрқайсысы 6,5 см, яғни кірпіштің қалыңдығына тең. Ортасының қалыңдығы 6,5 см жылуөткізбейтін материал (мысалы минералдық мақтадан істіленген тақта. Екі қабатты панельдің бір қабаты – кірпіштен (бұл қабаттың қалыңдығы 12 см, яғни кірпіштің көлденеңіне тең), ал екіншісі (оның да қалыңдығы 12 см) – жылуөткізбейтін материалдан тұрады.

Бір қабатты панель, қуысты кірпіштен немесе қуысты тастан құралады. Оның қалыңдығы (өңдеулік, яғни тыстаулық материалдың шамасына (2,5 см + 2,5 см) тең, ал (қалдықтарын есептемегенде) бұйымдардың ұзындығын (25 сантиметрге) тең. Ірі панельдің сыртқы беті әдетте керамикалық кілем тәрізді алуан түсті өрнектелеген тақталармен тысталады.

Тыстаулық (өңдеулік) керамикалық бұйымдар. Бұлар сыртқы қасбет және ішкі тыстамалы бұйымдар деп бөлінеді.

Қасбеттік тыстамалы бұйымдар. Олар қабырға панельдерінің, цоколь блоктарының қасбеті жағын, лоджияларды өңдеу үшін және үйдің қабырғасын паннолау (әшекейлеп сурет салу) үшін пайдаланылады. Қасбетті өңдеу үшін көбінесе глазурьландырылған бұйымдар қолданылады.

Глазурьлеу бұйымның су өткізбейтін және ұзақ сақталуын жақсартады. Мұндай бұйымдар: Қазақстанда Қарағандыда және Ақмолада өндіріледі. Қасбеттік бұйымдар: беттік кірпіш және керамикалық тастар, ірі тақталар және кілемдік керамика болып үш топқа бөлінеді.

Кірпіштен ірі панель өндіру үшін алдымен оның және ондағы терезе ойығының периметрлеріне дәнекерлеу арқылы біріктірілген қаңқалы арматура қондырылады. Монтаждық ілгектер орнатылып, содан кейін кірпіштер маркасы 75-тен кем емес, қоюлық (құйылу дәрежесі) стандарттық конустың 9-11 сантиметрге батуымен сипатталынатын цемент негізінде дайындалған құрылыс ерітінділерімен қаланады. Онан соң панельдің сыртқы және ішкі беттері өңделеді. Ең соңында панель 10-14 сағат буландырылады да, құрылыс орындарына жеткізіледі.

Мұндай панельдерді монтаждау, қабырғаны кірпіштен қалағаннан гөрі, 40 % аз уақыт алады. Сондықтан қабырғаны ашық ауада, суықта кірпіштен қалағаннан гөрі, ірі панельдерді цехта өндіру тиімді.

Беттік тыстамалы кірпіш (250×120×65) және керамикалық тастар (250×120×138) қолданылатын балшықтардың түріне байланысты оңай балқитын (күйдіргенде түсі қызыл) және баяу балқитын (күйдіргенде ақ түсін өзгертпейтін) балшықтардың қоспадағы (керамикалық массадағы) қатынасына қарай: ақ сары және қоңыр түсті болып өндіріледі. Қасбеттік кірпіштердің өзіндік құнын арзандату үшін олар екі қабатты болып жасалады: бірінші (қалың) қабатқа жергілікті қызыл балшықтар, ал екінші (жұқа – қалыңдығы 3-5 мм ғана) қабатқа көбінесе басқа жақтан әкелінетін ақ балшық пайдаланылады.

Түрлі-түсті беттік кірпіш өндіру үшін оның бет жағы 80 % ақ балшық, 15-20 % шыны сынығы және 5-7 % минералдық бояулар қоспасымен ангобаландырылады. Ангобтау үшін шликер сұйық күйінде шикі кірпіштің бетіне жағылады да, күйдіру арқылы бекітіледі. Ал қасбеттің архитектуралық (сәулеттік) мәнерлігін арттыру үшін кірпіштер глазурленеді.

Ірі тақталар өлшемдері (250×140×10 мм) кірпіштен немесе бетоннан істелінген дайын қабырғаны өңдеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде ондай тақталар толық автоматтандырылған үздіксіз престеу (қалыптау), кептіру, глазурлеу және күйдіру процестерін орындау арқылы өндіріледі.

Кілемдік керамика деп аталатын уақ тақта өлшемдері 20×20×2мм және 48×48×4 мм етіліп жасалынады. Бұл тақталар өте берік қағазға бет жағымен суға ерігіш желіммен кілем тәрізді өрнектеп жапсырылады да, теріс жағымен құрылыс (цемент, құм және судан тұратын қоспа) ерітіндісі арқылы сыртқы қабырғаға бекітіледі. Ерітінді қатайып тақталарды қабырғамен байланыстырғаннан соң қағазды сумен жібітіп жуып тастайды. Уақ тақталар да зауыттарда глазурлендіріліп өндіріледі.

Ішкі өңдеулік бұйымдар. Бұлар қабырғалық және едендік болып екі түрге бөлінеді. Ішкі қабырғалық тыстаулық тақталар көбінесе ылғалдылығы жоғары жайларды (монша, ванна, дәретхана, жуынатын бөлме, кір жуатын орын, зертханалар, т.б.) өңдеу үшін қолданылады.

Ішкі қабырғалық тыстаулық тақталар көбінесе кәдімгі оңай балқитын балшықтарға 20 % бор қосып жасалынады. Бұлар бет жағына глазурь жабылғаннан соң тағы бір рет күйдіріледі. Бұлардың фаянс тақталары деп аталатын түрі отқа төзімді балшықтарға кварцті құм және дала шпаты қосылған қоспалардан өндіріледі. Бұл тақталар бірақ рет күйдіріледі, өйткені олардың бетіне глазурь күйдіру алдында жағылады. Ішкі қабырғалық тақталарды престеу және құю әдістерімен қалыптайды. Престеу әдісі бойынша массаны әбден араластырғаннан кейін болаттан жасалынған пресс-қалыпқа салып қысымды бір шаршы сантиметрге 140-160 кг дейін жеткізеді. Қалыпталған тақталардың бетіне глазурь массасын жағып, одан кейін пеште күйдіреді. Тақталардың глазурь жақпайтын астыңғы жағын бұдырлы етіп жасайды. Сондықтан олар цементті құрылыс ерітінділері арқылы қабырғамен берік байланысып тұрады. Құю әдісімен қалыптанған тақталардың өлшемдері кішірек, пішіндері шаршы түрінде (50×50 мм) және тік бұрышты (25×100 мм, т.б.), ал қалыңдығы 2-3 мм.

Едендік тақталар шаршы, тік және үш бұрышты, алты және сегіз қырлы, қалыңдығы 10-13 мм, ал қырларының өлшемдері 50-150 мм болып өндіріледі. Тақталардың астыңғы беті бұдырлы етіліп жасалынады. Ал монша, кір жуатын орын, т.б. ылғалды жерде қолданылатын тақталардың екі жағы да бұдырлы болады. Бұл тақталар баяу балқитын және отқа төзімді балшықтардан, оларды үш әдістің қайсысымен болсын қалыптау, онан соң кептіру және толық күйдіру арқылы өндіріледі. Әр кілем өлшемі 389×598 мм, ал жеке тақталар арасындағы жіктердің қалыңдығы 2 мм.

Керамикалық еден тақталары су өткізбейді, шаң шығармайды, оңай жуылады, сұйық заттарды бойына тартпайды (сіңірмейді), қышқылдарға және сілтілерге төзімді, үйкелістен тез тоза қоймайды.



Ұсынылатын әдебиет: [1-6].
10 тақырып - Керамикалық материалдар кәсіпорындарындағы техникалық бақылауларды ұйымдастыру

Жоспар

1 Керамикалық материалдар кәсіпорындарындағы техникалық бакылауды ұйымдастыру. Техникалық бақылаудың негізгі міндеттері мен әдістері.



2 Техникалық бақылау бөлімінің кұрылымы және фунциялары. Техникалық бақылаудың түрлері және объектілері.
Әртүрлі керамикалык материал мен бұйымдар техникалық бакылаудан өту керек. Мысалы, плиталар және кілемдерді дайындау стандарт талаптарына сәйкес болуы керек. Сонымен қатар технологиялық регламенттерге, кәсіпорындарының өнімді дайындау талаптарына сай болуы керек. Қазіргі заводтарда кез келген өнімді оның ішінде плитаны, барлық технологиялық талаптар мен ережелерді қатаң сақтаған жағдайда және өндірістік циклде барлық механизмдер мен құрылғылардың жұмысы белгіленген оптимальды жұмыс режимдері орындалғанда ғана алуға болады. Мұнда үлкен мәнге өндірісті бақылау үйі, оның процесі барысында:

- алған материалдың сапасы және олардың қасиеттерінің нормалар және техникалық талаптарға сай болуы анықталады;

- материалдардың жартылайфабрикаттардың барлық өндіріс кезеңіндегі қасиеттер шығарылады және олардың талап етілген сападағы өнімді алуды қамтамасыз ететін көрсеткіштермен сәйкестігі анықталынады;

- жақсы техника - экономикалық көрсеткіштер де материалдардың сапалы өңделуін қамтамасыз ететін құрылғылардың, механизмдердің қондырғылардың берілген оптимальды жұмысы бақыланады;

Плиталрдың жоғары қабаттарына жарықтар болмауы керек.

Стандарттар орыс тілінде жазылатын аттарының бас әріптерімен белгіленген: ГОСТ (государственный общесоюзный стандарт) – ол құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындармен, олардың ведомстволығына байланыссыз, міндетті түрде орындалатын бүкілодақтық мемлекеттік құжат, шарттар. ОСТ (отраслевой стандарт) – ол салалық (ведомствалық), РСТ – республикалық, ал СТП – (стандарт предприятия) – кәсіпорындық стандарттар. ҚНжЕ (құрылыс нормалары және ережелері) дегеніміз – құрылысты жобалау, оны құру және құру үшін қолданылатын материалдарды тиімді пайдалану туралы, барлық мекемелер міндетті түрде қолданылатын, бүкілодақтық нормативтік документтердің жиынтығы.

Құрылыс материалдары саласында ең көп тараған стандарттардың бірі – ТУ (технические условия) – техникалық шарттар. Бұларда құрылыс материалдарын таңбалау, бұып-түю, тасу, сақтау туралы шарттар қойылады және олардың үлгілерінің немесе өздерінің сапасын сынау әдістері келтіріледі.

Техникалық талап (шарт) қойылған ережелері бар бұл стандарттар құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін нормалайды (мөлшерлейді). Стандарттарда бірінші цифрлар олардың нөмірін, 2-ші цифрлар бекітілген жылын көрсетеді; олар 5-10 жылда ғылым мен техника жетістіктеріне байланысты, қайта қаралып, бекітіліп отырады. Стандарт шарттарын бұлжытпай тиянақты, жауапты орындау керек.

Әртүрлі керамикалык материал мен бүйымдар техникалық қасиеттері стандартқа сайкес болу керек.

Керамикалық бұйымдардың қасиеттері. Су сіңіргіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштіктері ылғал массасы бойынша 6-20%, ал көлемі бойынша 12-40%. Сондай-ақ тығыз керамикалық бұйымдардікі массасы бойынша 2-10% аралығында.

Жылу өткізгіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігі мен қуыстығына байланысты. Нағыз тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі – 1,6 Вт/(м2°С). Кеуектігі мен қуыстығы ұлғайған сайын, керамикалық бұйымдардың тығыздығы мен жылу өткізгіштігі төмендейді.

Мықтылығы (беріктігі) – керамикалық бұйымның фазалық құрамына, кеуектілігіне және жарықсыздығына байланысты. Қабырғалық бұйымдардың мықтылығы бойынша маркасы олардың қысқандағы мықтылық шектерін сипаттайды, бірақ конструкциялық бұйымдардың маркасын анықтарда қысқандағы мықтылық шегін де ескереді.

Аязға тұрақтылығы – керамикалық бұйымдардың сумен қаныққан күйінде көрінетін бұзылу белгісінсіз ауыспалы мұздау және еру циклдер әсерінің нақтылы рет қайталану санына шыдамдылығымен сипатталады. Ауыспалы мұздату және еру циклдерінің саны бойынша керамикалық бұйымдардың структураларына байланысты мынандай маркалары болады: 15, 25, 35, 50, 75, 100.

Термиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың, әсіресе қаптаушы плиткалардың немесе санитарлық бұйымдардың температураның күрт өзгеруіне бұзылу нашарынсыз шыдай беруінде. Қабырғаны іштей қаптауға арналған глазурланған керамикалық плиткалар 125°С температурасына дейін қыздырғанда және температурасы 18-20°С суға батырып, суытқанда ешбір жарықсыз, шетінеусіз, сынықсыз төзімдік білдіруі керек.

Химиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың агрессивті ортада тұрақтылығы. Бұл қасиеті бойынша қышқылға төзімді және сілтіге төзімді бұйымдар деп бөлінеді. Керамикалық бұйымдардың химиялық тұрақтылығы белгілі мөлшердегі майдаланған бұйымның 1 сағ. бойы күкірт қышқылында немесе 20% тұз қышқылы ерітіндісінде қайнатқаннан кейінгі массаның, оның қайнатқанға дейінгі массасына қатынасымен сипатталынады.

Үйкелістігі – үйкеліс кұші әсерімен материал өзінің көлемін және массасын азайту қабілетімен сипатталады.

Тау жыныстарының құрылыс қасиеттері жыныс құрайтын минералдардың химиялық құрамымен және олардың негізгі физика-механикалық қасиеттерімен анықталады. Оқу зертханасы жағдайында жыныс құрайтын минералдың түрін балға, болат ине, лупа, металл өлшеу сызғышын, тұз қышқылының 10% ерітіндісін және басқа да минерал-эталондар жиынтығын қолданып анықтауға болады.



Техникалық бақылаудың түрі. «Пульсар – 1.0» құрылғысы дыбыспен беттік және тура әсер ету кезіндегі қатты материалдардағы ультрадыбыс толқындар жылдамдығы мен уақытын өлшеу үшін арналған.

Бұл құрылғы берілген сипаттамалар мен ультрадыбыстық толқынадардың таралу жылдамдығы арасындағы алдын ала анықталған байланысы негізінде жұмыстайды. Мәселен, ол құрылғы көмгімен абразивті материалдардың беріктігін, тығыздығын және серпімділік модулін анықтауға болады.

Құрылғы базалық күйлерімен шығарылады және материалдардың шектелген диапазоны үшін қолданылады. Паспортты сипаттамларға ие болу үшін қолданушының өзінен градуирлеуді талап етеді.

Датчик құрылғысы (титандық ұштар) құрғақ жалғасумен жұмыстауды қамтамасыз етеді.

Пайдаланудың жұмыс шарттары: температуралар диапазоны – минус 10оС-тан плюс 40оС-қа дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% дейін, атмосферлік қысым 86-106 кПа.

«Пульсар – 1.0» құрылғысы МЕМСТ 13997-84 бойынша үшінші тәртіпті бұйымдарды әзірлеудің кәдімгі тәртібіне сәйкес.



Ұсынылатын әдебиет: [1-6].
7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 30 сағат

Практикалық сабақ 1-6

4 Тақырып – Шикізаттық материалдарды өндеу және қалыптық массаны дайындау.

Жоспар

1 Шикізатты өңдейтін және қалыптағыш жабдықтар жұмысының технологиялық талдау.

2 Қалыптауға дайындау процесінде саздардың бірқалыпты өнделмеуін бағалау.

3 Шикізатты өңдейтін және керамикалық коспаларды қалыптау цехтарындағы жабдықтар жұмысын технологиялық талдау мысалдары.



Тапсырмалар:

1 Шикізатты тандау, қасиеттерін анықтау.

2 Өнім номенклатурасы және өндірістік бағдарлама

3 Құрылыс алаңын таңдау дәйектемесі



Практикалық сабақ 7-14

2 Тақырып – Керамикалық шихтаны қолайлы қалыптау ылғалдығын және пресстік кысымды анықтау.

Жоспар

1 Шикізаттық материалдарды өңдеу және қалыптық массаны дайындау.

2 Керамикалық бұйымдарды престеу технологиясының дамуы.

Тапсырмалар:

1 Бастапқы шикізат материалдардың сипаттамасы

2 Отын түрі және жылутасымалдағыш параметрлері

Практикалық сабақ 15-22

3 Тақырып – Шикі-кірпішті кептірудің қолайлы тәртібін анықтау жолдары.

Жоспар

1 Керамикалық шикі-кірпішті кептіру теориясының негізгі ережелері.

2 Шикі-кірпішті кептіру процесіндегі ширау деформацияларының (майысу және сызаттар) пайда болу механизмі.

Тапсырмалар:

1 Технологиялық бөлім. Өндірістің технологиялық схемасын таңдау

2 Кәсіпорынның жұмыс тәртібі

Практикалық сабақ 23- 30

4 Тақырып – Күйдіру пештерінің есептік параметрлері. Күйдіру кезіңдегі технологиялық отын шығынын азайту.

Жоспар

1 Күйдіру пештерінің толық жылулық балансы.

2 Отын шығынын есептеу.

Тапсырмалар:

1 Технологиялық бөлім. Негізгі технологиялық кезеңдер бойынша өнімділікті есептеу

2 Материалдық баланс

3 Жабдықты таңдау


8 Өздік жұмысының тапсырмалары

Тақырып 1 – Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат

1) Келесі сұрақтарды дайындау:



- саздың химиялық, түйіршектік (гранулдық) және минералдық құрамы.

- олардың негізгі саздарға бөлінуі.

2) Реферат жазу

Тақырып 2 – Саз материалдарының қасиеттері

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- саз массасындағы ылғал түрлері және олардың қасиеттері.

- механикалық қасиеттері: иілімділік, қалыптанушылық, созылымдылық.

2) Қысқаша реферат жазу



Тақырып 3 – Шикізаттық материалдарды өндеу және қалыптық массаны дайындау

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- керамикалык қоспаларға арналған шихтаны дайындау теориясы және практикасы.

- қабырғалық материалдар үшін керамикалық қоспалардың қолайлы ылғалдылығы және қалыптанушылығы.

2) Реферат жазу

Тақырып 4 – Керамикалық бұйымдарды кептіру технологиясының негіздері

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- керамикалық материалдарды кептіргенде жүретін процестер туралы мағлұматтар.

- шикі-кірпішті кептіру процессіндегі ширау деформацияларының (майысу және сызаттар) пайда болу механизмі.

2) Реферат жазу



Тақырып 5 – Қабырғалық керамикалық материалдарды күйдірудің негіздері

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- құрамында отындық қоспалар бар керамикалық бұйымдарды күйдіру.

- термиялық өңдеудің қолайлы тәртібі.

2) Реферат жазу



Тақырып 6 – Кірпішті жартылай құрғақ престеу технологиясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:



- керамикалық пресс-ұнтақтың құрамын, оның құрамы мен ылғалдығына байланысты престеу қысымының компрессивтік қисығын пайдаланып үйлестіру.

2) Реферат жазу



Тақырып 7 – Керамикалық кірпіштің қор үнемдеу технологиясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- күлкерамика қоспасының құрамы.

- «Күлкерам» қабырғалық материалдар технологиясының негіздері.

2) Реферат жазу



Тақырып 8 – Тағайындалулары әр түрлі керамикалық бұйымдарды өндіру технологияларының ерекшеліктері

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- санитарлық құрылыс бұйымдары.

- химиялық төзімді керамикалык бұйымдар.

2) Реферат жазу



Тақырып 9 – Керамикалық материалдар кәсіпорындарындағы техникалық бақылауларды ұйымдастыру

1) Келесі сұрақтарды дайындау:



- техникалық бақылау бөлімінің кұрылымы және фунциялары.

- техникалық бақылаудың түрлері және объектілері.

2) Реферат жазу


9 Курстық жоба (жұмыс) және т.б. тақырыптары.

Курстық жұмысты орындаудың мақсаты - теориялық сабақтарда алған білімді тәжірибеде қолдану және игеру болады.

Курстық жұмыстың көлемі 15-20 бет машинкамен басылған мәтіндік және графикалық (1 парақ А1, А2 форматы) бөлімдерден тұрады. Мәтіндік және графикалық бөлімдердің мазмұнын МИ ПГУ 4.01.3-09 стандартының талаптарына сәйкес орындау қажет.

Курстық жобалау студенттердің дәрістік және практикалық сабақгарда алынған теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту үшін орындалады. Курстық жобалауда ғылыми-зерттеу мекемелерінің озық жана технологияларын пайдалана отырып, құрылыстық материаддар өндірісінде орындалатын техникалық прогресс шараларьн және материалдық, энергия сыйымдылығын төмендету, экология талаптарын ескеру негізінде керамикалық материалдар зауыттары немесе цехтары жобаланады.



Түсініктеме жазба: Кіріспе бөлім; бұйым түрлерінің номенклатурасы, технологиялық процестердің, сапаны бақылау бойынша шаралардың сипаттамалары; есептеуге қажет бастапқы және қосымша мәліметтерді таңдау; материалдық балансты құрастыру; қондырғылардың енімділігі мен қажетгі санын анықтау; техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

Графикалық бөлім: Технологиялық тізбек және тіліктер жобасы сызылған А1 форматы 1 бет.
10. СӨЖ бойынша кеңес беру графигі (СӨЖ 25% СОӨЖ-дан құрастырылады)

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Жаңа оқу семестр бойынша СОӨЖ кестесіне (оқу сабақтардың кестесы) сәйкес.




Сабақтын түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс бойынша

сұрақтарға

кеңес беру




















2

Тәжірибе сабақтар

бойынша сұрақтарға кеңес беру





















3

МӨЖ бойынша

сұрақтарға кеңес

беру






















11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі

Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі (оқу сабақтарының кестесі бойынша)

12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және

қорғау;

курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;



сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:

Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:



ЖР= (Р1+Р2)/2

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):



Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледіДәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Оқу жетістіктері, яғни білім, оқушылардың «Құрылыс материалдарының сапасын бақылау» пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:




Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

95-100

4,0

A

Өте жақсы

90-94

3,67

A-




85-89

3,33

B+




80-84

3,0

B

Жақсы

75-79

2,67

B-




70-74

2,33

C+




65-69

2,0

C

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

C-




55-59

1,33

D+




50-54

1,0

D




0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз



13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Құрылыстық керамика технологиясы» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:

1 Сабаққа кешікпеу.

2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.

3 Магистранттың міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.

4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.

5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.

6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.

7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.

8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.

9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Магистранттың материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.



Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз: Сенім, - 2007. І том. – 576 бет., ІІ том. – 472 бет.

  2. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

  3. Станевич В.Т. Строительная керамика: учебное пособие / В.Т.Станевич. – Павлодар: Кереку, 2008. – 96 с.

  4. Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.

  5. Роговой М. И. Технология искусственных пористых заполнителей и керамики: Учебник / М. И. Роговой / Репринтовое воспроизведение изделия 1974г. – М.: Эколит, 2011. – 320 с.

  6. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловеление и технология), -М., ИАСВ, 2004.

Қосымша

  1. Канаев В.К. Новая технология строительной керамики. – М.: Стройиздат, 1990. – 264 с.

  2. Сайбулатов С.Ж., Кулебаев А.А., Сайбулатов С.С., Лян А.Н., Тайжанов С.С. Использование золошлаковых отходов ТЭС в производстве керамических материалов: Учебное пособие. Алматы КазГАСА, 2000.-215 с.

  3. Кулибаев А.А., Нурбатуров К.А., Кудерин М.К., Де И.М. Керамогранит на основе Казахстанского сырья, НИЦ Павлодарского государст-го. унив-та им.С.Торайгырова, 2007 г.

  4. Кулибаев А.А. Құрылыстағы әрлеу материалдары: Оқу құралы. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 448 б.

  5. Нехорошев А.В., Цителаури Г.И. и др.. Ресурсосберегающие технологии керамики, силикатов и бетонов. - М.: Стройиздат, 1991 г.

  6. Дворкин Л.И., Пашков И.А. Строительные материалы из отходов промышленности. – Киев: Выща школа, 1989.

  7. Книгина Г.И., Вершина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. – М.: Высшая школа, 1977.

  8. Материаловедение в строительстве. Под. ред. Рыбьева И.А. – М.: Издательский центр «Академия», 2006.

  9. Наназшвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конституции. Справочник. – М.: Высшая школа, 2004.

  10. Михайлова И., Васильев., Миронов. Современные стройтельные материалы и товары. М.; Изд-во Эксмо, 2005 г.

  11. Сайбулатов С.Ж., Сулейменов С.Т., Ралко А.В. Золокерамические стеновые материалы. - Алма-Ата: Наука, 1982. 292 с.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет