Жинақталған зейнетақы қорынан еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету
Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерінің бұрын белгіленген мөлшерін сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.
Зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін штатың қысқартылуынан жұмыстан шығарылған немесе ұйымдағы жұмысшылар санында бар (ұйым қайта құрылса, таратылса) азаматтардың мезгілінен ерте зейнеткерлікке шығуы, сонымен бірге сайланған қызметтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін екі жыл ішінде аяқталса және зейнеткерлікке шығу мерзімі еркектер үшін 60 жас, әйелдер үшін 50 жас болғанда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін толық зейнетақының 60 пайызы төленуге тиісті, алғашқы зейнетақы тағайындау мерзімінде әрекеттегі зейнеткерлік жас шамасы сақталады (Заңның 5 бап, 1 тармағы, 4 тармағы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі туралы Ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1997 жылы 4 желтоқсанда №1701 бекітілген).
Мемлекетке еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын немесе оны төлеуді жүзеге асыратын органдарда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді (Заңның 5 бап, 4 тармағы).
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тіркеу тәртібі мен шарттары,тағайындау құқығы Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қоғау және еңбек Министрлігі бұйрығымен 1997 жылы 7 қазанда бекітілген №169 Ережесімен анықталады. Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен (бұдан әрі -Орталық) жүзеге асырылады. Заңның 1 бабына сәйкес Орталық осы Заңның шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлікпен және жеке тұлғалардың осы Орталыққа міндетті жарналарының есебінен, көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ресми трансфереттер есебінен зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Орталықтан зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына:
1998 жылғы 1қаңтарға дейін зейнетақы алатындарына;
Заңмен белгіленген зейнеткерлік жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек еткен стажы бар адамдарға (Заңың 8 бап, 1 тармағы).
Есте сақтайтын мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар нысанында мемлекеттік бюджеттен төленеді, алайда жәрдемақының мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған зейнетақы мөлшерінен кем болмауға тиіс (Заңның 67 бабы).
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау шарты ретінде азаматтың жас шамасы мен стажы белгіленген. Бірақ жаңа заңда, ескі заңдағыдай жеңілдетілген зейнетақы аталмайды. Азаматтардың екі санаты үшін зейнетақы жеңілдетілген, яғни жеңілдік жағдайларында тағайындалады.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздануға құқығы бар азаматтар санаты:
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жас толғанда, әйелдерге - 56 жас толғанда;
1998 жылғы шілдеден бастап - еркектерге 61,5 жас толғанда, әйелдерге 56,5 жас толғанда;
1999 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62 жас, әйелдерге 57 жас толғанда;
2000 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62,5 жас толғанда, әйелдерге 57,5 жас толғанда;
2001 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 63 жас толғанда, әйелдерге 58 жас толғанда;
Зейнетақы төлемдері толық көлемде мынадай санаттарға тағайындалады;
еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда;
әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
- толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіенген тәртіппен толық зейнетақыдан 1998 жылы 1 қаңтарда болған еңбек стажына пропорциялы үлес ретінде есептеледі (Заңның 9 бабы,1,4,6 түптармақтары).
1.Төтенше және барынша радияциялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес:
әйелдер –жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы (Заңның 9 бабы, 2 тармағы).
1.Төтенше және барынша радиациялық өңірлерге Абай ауданының Саржал ауылдық кеңесі, Бесқарағай ауданы Долн және Бөденелі ауылдық кеңесі, Семей аймағы Жаңасемей ауданы Иса және Сарапан халықтық пункті.
2. Барынша радиациялық өңірлерге Семей аймағының Абай, Әбралі, Бесқарағай, Жаңасемей аудандары, Павлодар аймағынан Май ауданының Ақжар және Малдар ауылдық кеңестері жатады 1992 ж. 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 5-6 бабы.
3. Ауылды жерлерде тұратын, бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын алты айға өсіп отырды, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс (Заңның 9 бап, 3 тармағы).
Еңбек стажы. Біздің мемлекетімізде соңғы жылдарда қоғам мен экономикада, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде реформалық өзгерістер қажет еді.
Отандық тарихтың советтік кезеңінде әлеуметтік қамсыздандыруды құқығы институты қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек стажына айтарлықтай көңіл бөлді. Бүгін, ынтымақтастық әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау барысында, бірте-бірте осы институттың жетекшілік рөлінің қажетсіздігі туды. Солай болса да, осы ұғым ешқашанда жоғалмақ емес және еңбек стажы көптеген, құқық түрлерінің маңызды рөлін атқарады. Құқықтық еңбекақы, демалыс, әлеуметтік сақтандыру және т.б. институтарымен бұл ұғым жиі кездесетін болады.
Қазіргі еңбек заңдары бойынша, еңбекақы белгілі мамандық немесе белгілі салада еңбек стажына байланысты тағайындалады. Еңбек демалысын алу құқысы еңбек стажының белгіленген ұзақтығының негізінен туады.Еңбек стажының әлеуметтік сақтандырудағы рөлі өзгеше. Кейде қамсыздандырудың осы немесе басқа игілігін алу құқысы белгілі еңбек стажының болуына тікелей байланысты. Кәрілік бойынша зейнетақыны тағайындау жұмысшының қажетті еңбек стажынсыз мүмкін емес.