Демалыс және жұмыс уақыты.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында кызметкерлердің жұмыс уақьтты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құкығы Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзактығын, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі делінген.
Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек кодекстің 77-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзактығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзактығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкер еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уакыты ішінде орындауга міндетті, дегенмен уақыт нақты жұмыс істелген уакытпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
Өндірістік күнтізбелікке сәйкес уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзактығы:
— 5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;
- 6 күндік жұмыс аптасында - 5 күн - 7 сағаттан, ал бір күн - 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылгы 18 желтоқсандағы № 05 - 2 (8008 хаты).
Қысқартылған жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтыгы санаттарының еңбегін қорғау, оқы мен өндірісті онтайлы ұштастыруға жағдай жасау, жеткіншектерді және еңбекке қәбілеттілктері төмендеген тұлгаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзактығы:
14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында күніне 4 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына - 4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін астасына – 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасына күніне – 6 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына - 4 күн 7 сағаттан 15 мин.
ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |