Оқу бағдарламасы- әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиіс білімдердің, біліктер мен дағдылардың көлемінің мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқу- тану,жаттығулар және меңгерілген тәжірибе негізінде тәртіп пен қызметтің жаңа формалары туындап, бұрын игерілгені өзгеріске ұшырайтын процесс.
Оқушылар ұжымы- жалпы әлеуметтік мақсатпен, әрекетпен, осы әрекетті ұйымдастырумен біріккен, жалпы сайлау органдары бар және бірлікпен, жалпы жауапкершілікпен, құқық пен міндеттер бойынша барлық мүшелерінің шартсыз теңдігінде өзара тәуелділікпен ерекшеленетін оқушылар тобы.
Қалыптасу- экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. факторлардың әсерімен адамның әлеуметтік тұлға ретінде дамуы.
Оқытуды ұйымдастыру формалары- ол белгілі бір тәртіп пен режимде жүзеге асатын оқытушы мен оқушылардың біріккен іс- әрекетінің сыртқы көрінісі.
Жеке-дара және пәндік әдістемелер оқу – тәрбие мекемелерінің барлық түрлеріндегі нақты оқу пәндерінің оқыту мен оқу заңдылықтарын зерттейді
Достарыңызбен бөлісу: |