Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет3/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,67 Mb.
#1039
1   2   3

15-тақырып. Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Ілияс Жансүгіров (1894-1938).

Сәкен Сейфуллиннің творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда», т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).

Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», т.б.). Ақын поэмаларындағы өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы.

Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», «Қызыл майдан»). Пьесаларының қазақ драматургиясының дамуына тигізген әсері.

Сәкен - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.

Ілияс Жансүгіров творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақын поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы., тілі. Ақынның образ жасау, мінез даярлау шеберлігі.

Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі.

Драмалық шығармалары «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» атты пьесалары. Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған «Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де шап» атты бір актілі пьесалары.

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ». Ұсқынсыз мінез-құлықтың сиқын тез көріп, өткір тілмен оңай ғана сатиралық образ жасау арқылы Ілияс сатирик жазушы екендігін де танытады.

«Исатай-Махамбет» - жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образдарының шынайы жасалуы.

І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Таврилиада», «Евгений Онегинді» тәржімалауы.

әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақындарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны., маңызы.
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1-тақырып. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі әдеби-көркемдік ізденістер.

Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар. Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. ХХ ғ.б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. Орыс-қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А.Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте оқу» жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері.

ХХғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартысы. ХХғ.б. қазақ әдебиетінің дамуына орыс, европа классиктерінің (Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Байрон, Гете т.б.) шығармаларының қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері. Қиссашыл ақындардың (Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шәді Жәңгіров, т.б.) әдебиетке қосқан үлесі. 1909 жылы Петербургта, Уфада басылып шыққан Абай, Ахмет, Міржақып жинақтарының қазақ әдебиетіне өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.

2-тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар. ХХғ.б. қазақ әдебиетіндегі жанрлық ізденістер.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындар. Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.



3-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев – діни-ағартушы ақын.

«Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.



Мақыш Қалтаев – діни-ағартушы ақын.

Дастандары. Өз шығармаларында халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына жазылған туындылары.


4-тақырып. Шәкәрім поэзиясындағы Абай дәстүрі мен жаңашылдық. Шәкәрім поэмаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім.

Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары. Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу». Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.



5-тақырып. Ахмет Байтұрсынов поэзиясындағы азаматтық сарын, азатшыл рух.

«Маса» жинағы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты.

«Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б. Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)
6-тақырып. М.Дулатов шығармаларындағы азатшылдық идея.

«Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры.Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылықидеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегіақындық қуатының танылуы.

Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.
7-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы.

- С.Торайғыров лирикасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

(«Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқудағы мақсат не», т.б.) мақсаткерліктің басым болуы. Қазақ зиялыларымен араласуының шығармашылығына тигізген әсері.

- С.Торайғыров поэмаларындағы әдеби-көркемдік ізденістер.

«Қамар сұлу» романының көркем прозадағы жаңашыл шығарма екені. өмір шындығын суреттеуде, нақты өмірден алынған кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды тиімді пайдалануы. Ескі мен жаңаның күресін бейнелі беруі. Жаңа заман күрескері ретіндегі Қамар бейнесінің нанымды жасалуы.


  • С.Торайғыров романдарының жанрлық ерекшеліктері.

«Кім жазықты» романы. Романға үш ұрпақ өмірінің арқау болуы, замана өзгерісіне қарай соңғы ұрпақ өкілдері арасындағы тартыстар мен көзқарас қайшылықтары. Әжібай мен әжібайшыларды тудырған замана шындығының ашылуы, қаладағы өмір арқылы жаңа адамдар образының жасалуы. Романдағы әлеуметтік теңсіздік шындығы және қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алға тартылып, суреткерлікпен көрсетілуі. Романның құрлысы, өлең өрнегі, тіл кестесі.
8-тақырып. М.Жұмабаев өлеңдеріндегі идеялық-көркемдік ізденістер. М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт-азатшыл идея.

М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттық мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудың басымдылығы. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлауға бейімділігі. («Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игеруі («Батыр Баян», «Оқжетпестің қасында»). Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желісі мен образдылығы. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі.



9-тақырып. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының көркемдік жетістіктері. Ж.Аймауытов - әңгіме жанрының шебері.

«Ақбілек» романы. Оның жанрлық сипаты. Тақырыбы мен идеясы. Жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі. Романда тарихи шындық пен көркемдік шешімінің бірлік табуы.

Әңгімелері. Тақырыбы мен идеясы, тартыс сипаты. Қаһарман мен оқиға арақатынасын көрсетудегі ұтымды тәсілдері. Кейіпкерлердің сөзі мен ісіндегі өзіндік шеберлік белгілері.
10-тақырып. С.Сейфуллин лирикаларындағы көркемдік. Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», т.б.). Ақын поэмаларындағы өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті.

С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы мемуарлық шығарманың бастау көзі.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері.



11-тақырып. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы. Поэманың тілі, көркемдік ерекшеліктері.

С.Сейфуллиннің әңгімелері. С.Сейфуллин драматургиясы.

Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», «Қызыл майдан»). Пьесаларының қазақ драматургиясының дамуына тигізген әсері.

Сәкен - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.

12-тақырып. І.Жансүгіров – лирик ақын. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы.

«Құлагер» поэмасы. Тілі, көркемдік ерекшеліктері. Сюжеті, тақырыбы. Кейіпкерлері. Ақынның образ жасаудағы шеберлігі.


13-тақырып. І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары.

Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Күй», «Дала», «Күйші» поэмалары). Ақын поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы., тілі. Ақынның образ жасау, мінез даярлау шеберлігі.


14-тақырып. Б.Майлин - әңгіме жанрының шебері. Б.Майлиннің драматургиясы. Б.Майлин поэмаларының ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңіндегі романы.

Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы. «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Аманкелді» драматургиялық шығармалары. Пьесаларындағы («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей») көрініс тапқан ескіліктің қалдықтары, оны сынаудың мәні, жанрлық ерекшеліктері.

Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануында бағалануы.
15-тақырып. Б.Күлеев – лирик ақын. Б.Күлеев поэмаларындағы азаттық сарын.

Ақынның өлең өрнектеріне, өлшемдеріне, поэтикасына айрықша көңіл бөлгендігі. Оның көркемдігін көтеру бағытындағы ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан негізгі ағымдармен үндестік байқататыны. Жазушы поэзиясында ішкі сезім маңызды қызмет атқарса, оны жайната бейнелеу көркемдік ізденіс мақсаттарымен байланысуы.

Қаламгер шығармашылығының басты тақырыбы - Өмір, Өлім. Оны автор метафораларға, күрделі символдарға орай философиялық тереңдікте бейнелейді. Ақын шығармашылығындағы жастық шақ, табиғат сұлулығы, жыл мезгілдері, махаббат тақырыбы айрықша орын алуы. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары арасынан бұл тақырыпты ерекше тоқтала, тереңдей тебірене жазған М.Жұмабаевтан басқаларды табу қиын екендігі.

О¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

30 (1х30)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы




2

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

28

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

11

5

Бақылау шараларына дайындық




МБ1, МБ2

4

6

Брлығы







90



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиеттің даму бағыттары: идеялық, жанрлық, көркемдік ізденістер.

¦сынылатын єдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. Діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет.

¦сынылатын єдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.

3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің стильдік ерекшеліктері.

¦сынылатын єдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.

4. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.

¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет.

5. Сұлтанмахмұт поэзиясы - өз дәуірінің шындығы.

¦сынылатын єдебиет: [7], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 45-75 беттер.

6. А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы.

¦сынылатын єдебиет: [10], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 85-96 беттер.

7. М.Дулатұлының шығармашылық мұрасы.

¦сынылатын єдебиет: [9], 5-36 бет, [4], 50-105 беттер, [6] 36-79 беттер,

8. Н.Орманбетов пен Ғ.Қараш шығармаларындағы азаттық идея.

¦сынылатын єдебиет: [4], 1-200 бет, [4], 25-39 беттер, [6] 49-100 беттер.

9. 1916 жылғы ұлт-азаттық күресіне байланысты туған жырлар.

¦сынылатын єдебиет: [5], 9-17 бет, [4], 1-53 беттер, [6] 15-58 беттер.


Курс жұмыстарының тақырыптары.


  1. Діни-ағартушылық бағыттағы ақындар шығармашылығының ерекшеліктері. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы.

  2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті. ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар. Ағартушы-демократ жазушылар шығармашылығындағы басты тақырыптар.

  3. Мұхамеджан Сералин поэмалары.

  4. М.Дулатов поэзиясындағы азаттық арна.

  5. М.Жұмабаев поэзиясындағы сыршылдық.

  6. С.Торайғыров поэмаларындағы әлеуметтік өмір шындығы.

  7. С.Торайғыров романдарының жанрлық ерекшелігі.

  8. А.Байтұрсынов – аудармашы.

  9. С.Көбеевтің «Қалың мал» романының тақырыбы.

  10. Ш.Құдайбердиев поэзиясындағы Абай дәстүрі мен жаңашылдық.

  11. Ш.Құдайбердиев поэмаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім.

  12. Мақыш Қалтаев шығармашылығындағы діни көзқарас пен адамгершілік тәрбиенің ұштасуы.

  13. Ағартушы-демократтық бағыт ерекшелігі.

  14. Ж.Аймауытовтың драматургиясы.

  15. Әсет Найманбаев дастандарындағы шығыс дәстүрі.

  16. С.Дөнентаев – мысалшы.

  17. Қиссашыл, кітаби ақындар шығармашылығының ерекшеліктері.

  18. Шәді Жәңгіров шығармашылығы.

  19. Әріп Тәңірбергенов ақындығы.

  20. Бекет Өтетілеуов – аудармашы.

  21. Бернияз Күлеев лиризмінің сыршылдығы.

  22. ХХғ.б. әдебиеттегі жанрлық ізденістер.

  23. ХХғ.б. баспасөздегі қазақ әдеби сыны.

  24. ХХғ.б. қазақ прозасы.

  25. ХХғ.б. қазақ әдебиетіндегі азатшыл-демократтық бағыт.

  26. А.Байтұрсынов ақындығы.

  27. С.Көбеев – аудармашы.

  28. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.

  29. С.Торайғыров ақындығы.

  30. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.

  31. Ғұмар Қарашев поэзиясындағы танымдық-философиялық ой толғау.

  32. М.Сералин – публицист.

  33. М.Жұмабаев өлеңдеріндегі көркемдік ізденістер.

  34. М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлттық болмысты ашар көркемдік шешімдер.

  35. С.Дөнентаев поэзиясындағы әлеуметтік теңсіздік мәселелері.

  36. Нұржан Наушабаев ақындығы.

  37. ХХғ.б. кезіндегі драмалық шығармалар.

  38. С.Сейфуллин лирикасы.

  39. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы тарихи шындық көрінісі.

  40. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ батыр бейнесі.

  41. І.Жансүгіров «Күй» поэмасындағы өнер құдіреті.

  42. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы өнерпаз тағдыры.

  43. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі.

  44. І.Жансүгіров лирикасындағы шеберлік.

  45. Б.Майлин «Шұғаның белгісі» повесіндегі әйел тағдыры.

  46. Б.Майлиннің әңгімелеріндегі қарапайым адам бейнесі.

  47. Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романындағы өмір шындығы.

  48. Б.Майлин лирикасындағы Мырқымбай бейнесі.

  49. Б.Майлин - әңгіме жанрының шебері.

  50. Б.Күлеев лирикасындағы сыр мен сезім.

  51. Б.Күлеев поэмаларындағы дәстүр мен жаңашылдық.

Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім

студенттеріне арналған «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940)»
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

14

11

14

11

14

11

14

111

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7

ҮТ8

48

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6

6

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

40

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

5

5

5

5

5

5

5

5

Ќосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі

ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3




ҚМ4




12

Бақылау формасы

К




К




К




К




Макс. балл

3




3




3




3




Межелік

бақылау


Тақ. №

























100

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл






















100



2 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

15

12

15

9

12

9

37

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


42

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ91

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


42

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6

Ќосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі

ҚМ5




ҚМ6




ҚМ7

ҚМ8

ҚМ9

16

Бақылау формасы

К




К




К

К

К

Макс. балл

3




3




3

3

4

Межелік

бақылау


СӨЖ
















МБ




100

Бақылау формасы






















Макс. балл



















100


Шартты белгілер: ҮТ – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, МБ – межелік бақылау

11 Курстың саясаты


  • Дәріске, тәжірибелік сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысу;

  • Сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау;

  • Тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарау.


12 Әдебиеттер тізімі

Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. «Айқап». –А: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

  2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002 жыл.

  3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – А, 1969.

  4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. –А, 1988.

  5. Әбдіғазиев Б.Асыл арна. –А: Қазақ университеті, 1992.

  6. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім Шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – А: Кенже-пресс, 2000.

  7. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. –А, 1993.

  8. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. –А, 1964.

  9. Бес арыс. – А: Жалын, 1992.

  10. Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –А: Өлке, 1997.

  11. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994.

  12. Ерденбеков Б. Әріп ақын. – А, 2001.

  13. Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –А: Санат, 1994.

  14. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1993.

  15. Кенжебаев Б. Журналист Мұхаметжан Сералин. –А, 1957.

  16. «Қазақ» газеті. – А: Қазақ энциклопедиясы, 1998.

  17. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық. –А, 1965.

  18. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. –А, 1991.

  19. Қазақ поэзиясының антологиясы.-А: Ғылым, 1993.

  20. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия.-А: Білім, 1994.


Ќосымша:

21. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А: Жазушы, 1989.

22. Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. –А: Жазушы, 1989.

23. Дулатов М. Шығармалары. –А: Жазушы, 1991.

24. Кердері Әбубәкір. Қазағым. – А: Жазушы, 1993.

25. Көпеев М-Ж. Шығармалары.–А.Ғылым, 1991-1992.

26. Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. – Павлодар, 2003-2007.

27. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – А: Жазушы, 1988.

28. Торайғыров.С. Шығармалары. –А, 1993.

29. Тұрмағанбет. «Рүстем-дастан». – А, 2004.



30. Ізтілеуов Т.Назым. –А, 1972.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет