Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#753
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультет

Қазақ филологиясы кафедрасы


5В020500-«Филология:Қазақ тілі» мамандығының студенттеріне арналған



«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940)

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГП¤ факультетініњ деканы


_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2010 жыл




Құрастырушы: ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов__________




Қазақ филологиясы кафедрасы

5В020500-«Филология:Қазақ тілі» мамандығының күндізгі

бөлім студенттеріне арналған
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940)
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2009__ж. «__» ______бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20 _ж. «___»________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010ж. «__» _

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы_________Жұманқұлова Е.Н._______2010_ж. «__»______

(қолы) (аты-жөні)



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Жүсіпов Нартай Қуандықұлы ф.ғ.д, профессор

Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255

2 Пән туралы мәліметтер

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ



























































Бар-лығы

2

30

15

15

-

-

-

60

15

емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

«ХХ ғасыр басындағы әдебиеті» пәнінде қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуы жолындағы аса күрделі кезең болған ХХ ғасырдың басындағы небәрі жиырма жылмен шектелетін тарихи қысқа дәуірдегі әдеби процесті қамтитын бұл пәннің аясындастуденттерге, болашақ филолог мамандарға аталмыш кезеңдегі ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эстетикалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беріледі.


Пәнді оқыту мақсаты:

Бағдарлама бойынша өтілетін теориялық курс ауқымында осынау тарихи кезеңдегі қазақ даласында қалыптасқан саяси және қоғадық ахуал жағдайындағы әлеуметтік, мәдени процестер, қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуына түрткі болған жағдайлар, ең бастысы аталмыш дәуірдегі көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы беру көзделеді.
Пәннің міндеттері:

  • ХХғасыр басындағы жалпы әдеби процесс туралы түсінік.

  • Сол кезеңдегі түрлі ағымдар мен әдеби бағыттар туралы түсінік. Халықтық сипаты, қоғамдық маңызы.

- ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешіп, қалам тербеген, осынау күрделі де жауапты тұста ұлт әдебиетінің ауыр жүгін арқалаған талантты ақын-жазушылар мен олардың көрнекті-көрнекті шығармалары, жалпы әдеби мұралары жөнінде кең көлемді мағлұматтар беріледі.

5 Студенттер білуі тиіс:

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мәселелерінің теориялық аспектілерін, мәтінді кешенді түрде зерттеу машықтарын білуі керек.


Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.


6 Пререквизиттер

- Қазақстан тарихы

- әдебиеттануға кіріспе
7 Постреквизиттер

- Қазіргі қазақ әдебиеті



- Әдебиет теориясы

- Қазақ әдебиетінің тарихы



8 Тақырыптық жоспар
1- тақырып. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар

2- тақырып. М-Ж. Көпейұлы шығармашылығы

3- тақырып. Ш.Жәңгірұлы шығармашылығы

4- тақырып. Н.Наушабайұлы шығармашылығы

5- тақырып. М.Қалтайұлы шығармашылығы

6- тақырып. Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы

7- тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы

8- тақырып. М.Сералыұлы шығармашылығы

9- тақырып. А.Байтұрсынұлы шығармашылығы

10- тақырып. С.Көбейұлы шығармашылығы

11- тақырып. М.Дулатұлы шығармашылығы

12-тақырып С.Дөнентаев шығармашылығы

13-тақырып Н. Орманбекұлы шығармашылығы

14-тақырып Ә.Тәңірбергенов шығармашылығы

15-тақырып Ғ.Қарашұлы шығармашылығы


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)

«ХХ ғасыр басындағы әдебиеті» пәнінде қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуы жолындағы аса күрделі кезең болған. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің аясында студенттерге, болашақ филолог мамандарға аталмыш кезеңдегі ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эстетикалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беріледі. Курс ауқымында осынау тарихи кезеңдегі қазақ даласында қалыптасқан саяси және қоғадық ахуал жағдайындағы әлеуметтік, мәдени процестер, қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуына түрткі болған жағдайлар, ең бастысы аталмыш дәуірдегі көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы беру көзделеді.



10 Курстың компоненттері

Дәріс тақырыптары

1-таќырып. 1-тақырып. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.

Ағартушылық-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарасының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әр түрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі.

Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесін, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсаса тақырыптарға қалам тербеуі.

Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.

2-тақырып. М-Ж. Көпейұлы шығармашылығы

Шығармашылық өмірбаяны. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.

Дастандары туралы мәлімет. Олардың тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік деңгейі.

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан салалығы. Қолжазба түрінде сақталған «Қара мес» атты мұрасы және оның мәні.



3-тақырып. Ш.Жәңгірұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс әдебиетінен жан-жақты хабардарлығы. Ұзын саны 18 дастан жазғаны. Өз шығармаларында халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына жазылған туындылары.



4-тақырып. Н.Наушабайұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Өмір, тіршілік, оқу, білім мәселелеріне көзқарасы. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны.



5-тақырып. М.Қалтайұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімнің тереңдігі. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.



6-тақырып. Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы. Тәрбие алған рухани бастаулары. өз бетімен білім жинап, Шығыс, Батыс тілдерін мкңгергендігі. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен шығармашылық байланыста болуы.

Ойшылдығы. Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары. Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу». Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.

7-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әр алуандығы.

Лирикасы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет қылуға ұмтылуы. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі.

Поэмалары. «Адасқан өмір» поэмасы. Поэмадағы ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленуі. «Кедей» поэмасындағы қарапайым еңбек адам тағдырының бейнесі.



8-тақырып. М.Сералыұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі. «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі. Журнал арқылы өзінің мақсат-мұраттарын насихаттап жүзеге асыруы. «Айқап» арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Тақырыбының әр алуандығы. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, білім алу, қала салу идеяларын насихаттау ерекшеліктері. («Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз», «Жер әңгімесі» т.б). Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.

Аударма жанрындағы еңбегі. «Шаһнамаға» назар аударуы. «Рүстем-Зорап» аудармасы.

Сюжетті поэмалары. «Гүлкәшима» дастаны. «Топжарған» поэмасы.



9-тақырып. А.Байтұрсынұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жасөспірім кезінен-ақ әлеуметтік теңсіздіктің сырын сезінуі, ой пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. Ахмет өміріндегі «Қазақ» газетінің орны.

Поэзиясы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының, адамдарға өзінің бақыты жолында алға ұмтылуға шақыру ниетінің айқындығы.

Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты.

Көсемсөз саласындағы еңбегі. «Қазақ» газетінде жарияланған сан алуан тақырыптағы мақалалары («Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б.). Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)

10-тақырып. С.Көбейұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, оқытушылық қызметі. Өз кезіндегі қоғам өміріне белсене араласқандығы.

Аударма саласындағы еңбегі. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын қазақша сөйлетуі. Сыншылдық бағыт ұстанғандығы. Оқу құралы ретінде аударма мысалдарды пайдалана отырып, «Үлгілі тәржіма» атты кітап шығаруы. Аударма саласындағы өзіндік қолтаңбасы. Стильдік, поэтикалық ерекшеліктері. Спандияр аудармаларының еркіндік сипаты. Ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орны.

«Үлгілі бала» жинағын шығаруы. Хрестоматиялық оқу құралы ретінде маңызы.

Прозасы. Қазақ топырағындағы үрделі прозаның алғашқы үлгілерінің бірі «Қалың мал» романы. Романның тақырыбы. Ғайша мен Қожаш бейнелері. Олардың өз тағдырлары жолындағы күресі. Өмір шындығына үндес шешім жасауы. Итбай образының сатиралық қалыпта бейнеленуі. Романның құрылымы. Образ жасаудағы әрқилылық. Стилі мен тіл шеберлігі.

«Орындалған арман» романы. Романның композициялық құрылымының өмірбаяндық мақсатқа бағындырылғандығы. Романдағы дәуір шындығының бейнеленуі. Жазушы өмірінің өз айналасында болған тарихи оқиғалармен, әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланыста қаралатыны.Романның қазақ әдебиетіндегі мемуар жанрының қалыптасып дамуына елеулі үлес қосқандығы.



11-тақырып. М.Дулатов шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы. Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. Әр тұста жазғандарының патша тыңшыларының назарына ілінуі. «Жұмбақ», «Біздің мақсатымыз» шығармалары. Баспасөз өміріне араласуы. «Серке» газетінің ұйымдастырылуына көмегі. «Қазақ» газеті және Міржақып Дулатұлы. Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры.Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылықидеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегіақындық қуатының танылуы.

Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетіндегі таза проза үлгісіндегі роман жанрының туып, қалыптасуынан алатын аса маңызды орны. Роман тақырыбының өз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы. Кейіпкерлері. Көркемдік ерекшелігі.

Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.

Драматургия жанрындағы шығармалары. «Балқия» пьесасы.

Көсемсөз, аударма салаларында атқарған қызметі.



12-тақырып. С.Дөнентаев шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі.

Поэзиясы. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, үлгілі мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық көріністеріндегі келеңсіздіктерді сынға алуы. «Заман кімдікі», «Менің жайым», т.б. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы.

Мысал өлеңдері – «Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан», т.б. Өлеңдеріндегі ой тереңдігі. «Қыл», «Ой» шығармалары.

Сәбит поэзиясының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері.

13-тақырып. Н. Орманбекұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы, сөзге ұсталығы, шешен адам болғандығы. Абай үлгісінде өлеңдер жазуы.

Өлеңдері. Өз заманының ащы шындығын жырлаудағы Нарманбет ақынның реалистік үні. Орыс патшалығының отаршылдық саясатына өзіндік көзқарасын білдірудегі батыл үні. «Заман», «Аждаһаның аузында», «Сарыарқа» тәрізді қуатты жырлары.

Оқуды, білім мен ғылымды насихаттауы. Өлеңдерінің поэтикалық бояуы, тілінің шұрайы. Бейнелі тіркестердің, жанды образдардың қолданысы. Нақыл сөздерінің көркемдік құрал ретінде көріну деңгейі.

Ақын өлеңдеріндегі заман шындығының соншалықты ашық әрі батыл айшықталуы. Нарманбеттің 1916-1917 жылғы оқиғаларға байланысты шыншыл да батыл шығармаларында көтерілетін тақырыптар мен және сол сипаттағы шығармалардағы айтылар ой-тұжырым.

Нарманбет ақынның әдеби мұрасының тағдыры. Оның ұзақ жылдар бойы беймәлім жатуының сыры.



14-тақырып. Ә.Тәңірбергенов шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Өлеңдері. Шығармаларының сипаты. Өлеңдерінің көркемдік дәрежесінің әрқилылығы. Негізінен ағартушылық сарындағы, атап айтқанда, қазақ өміріндегі ғылым мен білімнің пайдасы, еңбек, достық пен махаббат, өмір сырлары сияқты тақырыптарға қалам тербегені. Ақындық ойы мен идеясын жеткізу барысында сатираны пайдалануы.

«Тәуірбек болысқа», «Найман Серікбай қажыға», т.б. Олардағы әжуа-сықақтың молдығы. «Еңбек туралы», «Ғылым туралы», «Шұғбанға» өлеңдеріндегі еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттауы.

«Дүние туралы», «Өлім туралы» дүние, өмір жайындағы өлеңдері.

Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі.

Аудармасы. «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын еркін аударғандығы жөніндегі мәліметтер.



15-тақырып. Ғ.Қарашұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихынан алатын орны.

Өлеңдері. Поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын. Әділетсіздікті әшкерелеуі, елді мәдениет жолына жетелеуі. «Қазақтың байлары мен нашар кедейлері», «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін» шығармалары.

Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы («Дүние ісі ақіретке кетпес»).

Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Орыс классиктері А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын, М.Лермонтовтың «Үш бәйтерек», М.Жуковскийдің «Туған жер» шығармаларын, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, Хемницер, Плещеев шығармаларын аударудағы қолтаңбасы.
11 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындар. Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.



2-тақырып. М-Ж. Көпейұлы шығармашылығы

«Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.



3-тақырып. Ш.Жәңгірұлы шығармашылығы.

Дастандары. Өз шығармаларында халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына жазылған туындылары.



4-тақырып. Н.Наушабайұлы шығармашылығы.

Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны.



5-тақырып. М.Қалтайұлы шығармашылығы.

Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.



6-тақырып. Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы.

Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары. Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу». Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.



7-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы.

Поэмалары. «Адасқан өмір» поэмасы. Поэмадағы ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленуі. «Кедей» поэмасындағы қарапайым еңбек адам тағдырының бейнесі.



8-тақырып. М.Сералыұлы шығармашылығы.

«Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз», «Жер әңгімесі» т.б. шығармалары. Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.

Аударма жанрындағы еңбегі. «Шаһнамаға» назар аударуы. «Рүстем-Зорап» аудармасы.

Сюжетті поэмалары. «Гүлкәшима» дастаны. «Топжарған» поэмасы.



9-тақырып. А.Байтұрсынұлы шығармашылығы.

«Маса» жинағы.

Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты.

«Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б. Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)



10-тақырып. С.Көбейұлы шығармашылығы.

«Үлгілі бала» жинағы. Хрестоматиялық оқу құралы ретінде маңызы.

Прозасы. «Қалың мал» романы. Романның тақырыбы. Стилі мен тіл шеберлігі.

«Орындалған арман» романы. Романның композициялық құрылымының өмірбаяндық мақсатқа бағындырылғандығы.



11-тақырып. М.Дулатов шығармашылығы.

Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры. «Азамат» жинағы.

Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драматургия жанрындағы шығармалары. «Балқия» пьесасы.

12-тақырып. С.Дөнентаев шығармашылығы.

«Заман кімдікі», «Менің жайым», т.б. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы.

Мысал өлеңдері – «Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан», т.б. Өлеңдеріндегі ой тереңдігі. «Қыл», «Ой» шығармалары.

Сәбит поэзиясының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері.



13-тақырып. Н. Орманбекұлы шығармашылығы.

«Заман», «Аждаһаның аузында», «Сарыарқа» тәрізді қуатты жырлары.

Оқуды, білім мен ғылымды насихаттауы. Өлеңдерінің поэтикалық бояуы, тілінің шұрайы. Бейнелі тіркестердің, жанды образдардың қолданысы. Нақыл сөздерінің көркемдік құрал ретінде көріну деңгейі.

14-тақырып. Ә.Тәңірбергенов шығармашылығы.

«Тәуірбек болысқа», «Найман Серікбай қажыға», т.б. Олардағы әжуа-сықақтың молдығы. «Еңбек туралы», «Ғылым туралы», «Шұғбанға» өлеңдеріндегі еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттауы.

«Дүние туралы», «Өлім туралы» дүние, өмір жайындағы өлеңдері.

Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі.

Аудармасы. «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын еркін аударғандығы жөніндегі мәліметтер.

15-тақырып. Ғ.Қарашұлы шығармашылығы.

«Қазақтың байлары мен нашар кедейлері», «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін» шығармалары.

Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы («Дүние ісі ақіретке кетпес»).

Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Орыс классиктері А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын, М.Лермонтовтың «Үш бәйтерек», М.Жуковскийдің «Туған жер» шығармаларын, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, Хемницер, Плещеев шығармаларын аударудағы қолтаңбасы.



12 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы







3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

16

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

5

Бақылау шараларына дайындық




МБ1, МБ2

4



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиеттің даму бағыттары: идеялық, жанрлық, көркемдік ізденістер.

¦сынылатын єдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. Діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет.

¦сынылатын єдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.

3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің стильдік ерекшеліктері.

¦сынылатын єдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.

4. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.

¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет.

5. Сұлтанмахмұт поэзиясы - өз дәуірінің шындығы.

¦сынылатын єдебиет: [7], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 45-75 беттер.

6. А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы.

¦сынылатын єдебиет: [10], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 85-96 беттер.

7. М.Дулатұлының шығармашылық мұрасы.

¦сынылатын єдебиет: [9], 5-36 бет, [4], 50-105 беттер, [6] 36-79 беттер,

8. Н.Орманбетов пен Ғ.Қараш шығармаларындағы азаттық идея.

¦сынылатын єдебиет: [4], 1-200 бет, [4], 25-39 беттер, [6] 49-100 беттер.

9. 1916 жылғы ұлт-азаттық күресіне байланысты туған жырлар.

¦сынылатын єдебиет: [5], 9-17 бет, [4], 1-53 беттер, [6] 15-58 беттер.


Бақылау жұмыстарының тақырыптары.

  1. «Айқап» журналы, оның қазақ әдебиетінің өркендеуіне жасаған ықпалы.

  2. «Қазақ» газеті және оның ұлт зиялыларын қалыптастырудағы қызметі.

  3. ХХ ғасыр басындағы қазақ мысалы.

  4. Жүсіпбек Шайхысламовтың шығармашылығы.

  5. Ақылбек Сабал шығармашылығы.

  6. Шәді төре Жәңгірұлының шығармашылығы.

  7. Тұрмағанбет Ізтілеуовтың шығармашылығы.

  8. Мұсабек Байзақұлының шығармашылығы.

  9. Әбубәкір Кердері Шоқанұлының шығармашылығы.

  10. Ығылман Шөрековтың шығармашылығы. «Исатай-Махамбет» дастаны.

  11. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр» дастаны.

  12. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы.

  13. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі.

  14. Міржақып Дулатовтың «Бүркіт кегі» балладасы.

  15. М.Сералиннің «Топжарған» поэмасы.


Реферат тақырыптары.

  1. Ш.Құдайбердиевтің «Еңлік-Кебек» поэмасы.

  2. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы.

  3. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.

  4. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы.

  5. М.Сералиннің «Гүлхашима» поэмасы.

  6. Ғ.Қараш поэзиясының көркемдік ерекшеліктері.

  7. С.Дөнентаев және қазақ сатирасы.

  8. С. Көбеевтің «Орындалған арман» романы және оның жанрлық ерекшелігі.

  9. Б.Күлеев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.

  10. Б.Өтетілеуов шығармашылығы және көркем аударма мәселелері.

Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

11

13

11

13

11

13

14

114

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7

ҮТ8

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Тәжірибешілік сабақтарына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

56

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

7

7

7

7

7

7

7

7

Ќосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі




ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3

ҚМ4

ҚМ5

12

Бақылау формасы




К




К




К

К

К

Макс. балл




2




2




2

3

3

Межелік

бақылау


Тақ. №

























100

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл






















100




2 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

11

15

15

15

11

16

116

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

Тәжірибешілік сабақтарына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ91

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


49

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

7

7

7

7

7

7

7

Ќосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі




ҚМ6

ҚМ7

ҚМ8




ҚМ9

ҚМ10

23

Бақылау формасы




К

К

К




К

К

Макс. балл




4

4

5




5

5

Межелік

бақылау


СӨЖ
















МБ




100

Бақылау формасы






















Макс. балл



















100


Шартты белгілер: ҮТ – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, МБ – межелік бақылау .

Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»________№_____ Хаттама.


Кафедра меңгерушісі __________ Н.Қ.Жүсіпов 20__ж. «___» ____________

(қолы)



13 Курстың саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.



  • Дәріске, тәжірибелік сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысу;

  • Сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау;

  • Тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарау.

  • Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.


14 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. «Айқап». –А: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

  2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002 жыл.

  3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – А, 1969.

  4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. –А, 1988.

  5. Әбдіғазиев Б.Асыл арна. –А: Қазақ университеті, 1992.

  6. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім Шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – А: Кенже-пресс, 2000.

  7. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. –А, 1993.

  8. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. –А, 1964.

  9. Бес арыс. – А: Жалын, 1992.

  10. Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –А: Өлке, 1997.

  11. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994.

  12. Ерденбеков Б. Әріп ақын. – А, 2001.

  13. Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –А: Санат, 1994.

  14. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1993.

  15. Кенжебаев Б. Журналист Мұхаметжан Сералин. –А, 1957.

  16. «Қазақ» газеті. – А: Қазақ энциклопедиясы, 1998.

  17. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық. –А, 1965.

  18. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. –А, 1991.

  19. Қазақ поэзиясының антологиясы.-А: Ғылым, 1993.

  20. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия.-А: Білім, 1994.


Ќосымша:

21. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А: Жазушы, 1989.

22. Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. –А: Жазушы, 1989.

23. Дулатов М. Шығармалары. –А: Жазушы, 1991.

24. Кердері Әбубәкір. Қазағым. – А: Жазушы, 1993.

25. Көпеев М-Ж. Шығармалары.–А.Ғылым, 1991-1992.

26. Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. – Павлодар, 2003-2007.

27. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – А: Жазушы, 1988.

28. Торайғыров.С. Шығармалары. –А, 1993.

29. Тұрмағанбет. «Рүстем-дастан». – А, 2004.



30. Ізтілеуов Т.Назым. –А, 1972.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет