Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/6
Дата05.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«XV-XVIII ғ. әдебиет» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған


Әдістемелік нұсқау


Павлодар 2007




Лист утверждения к Форма

методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2007ж

Құрастырушы: доцент Қ.Д.Түсіпова

Қазақ филологиясы кафедрасы



Әдістемелік нұсқау

Тәжірибешілік сабақтарға арналған

«XV-XVIII ғ. әдебиет» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2007ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__


Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2007 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___



ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Хандық дәуір әдебиеті» пәні- қазақ әдебиеті тарихындағы

елеулі бір сала. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет-Қазақ хандығының негізі қаланумен байланысты өз алдына жеке әдебиет те қалыптасты.

«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты бұл пән ұлттық әдебиетіміздің

алғашқы өкілдері- Асан қайғы,Қазтуғаннан бастап Доспамбет,Шалкиіз,ХҮІІғ

өмір сүрген Жиембет, Марғасқа,ХҮІІІғ. Ақтамберді,Үмбетай,Бұхар жырау

және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері-Көтеш,Шал,т.б ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның

сабақтастығы мен идеялық-көркемдік жалғастығын,жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіреді .Әдебиет тарихы- әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі . Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты болғандығын танытады.



Пәнді оқыту мақсаты:

Хандық дәуірдегі әдебиет үлгілерімен танысу арқылы студенттер қазақ сөз өнерінің небір інжу- маржандарынан сусындап, жыраулар поэзиясын игереді.Курсты оқытудың басты мақсаты келешек маман иелеріне төл әдебиетіміздің алғашқы өкілдерінің творчествосынан толық мәлімет беру болып табылады.

Пәннің міндеттері:

  • Қазақ мемлекетінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы;

  • Жыраулар шығармаларын таныту, жыраулардың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасын айқындау.

Студенттер білуі тиіс:

Жыраулар жасаған көркем сөз өнерінің үлгілерін білулері қажет.



Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.



2 Пререквезиттер:

- Тіл біліміне кіріспе.

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Мәдениеттану.

-Философия.

-Халы ауыз әдебиеті.

- Ежелгі дәуір әдебиеті.



Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай. Асан қайғы.

Хандықтың негізін салушылар –Ұрыс ханның ұрпақтары (Керей, Жәнібек).ХҮІғ Қасым ханның тұсында ішкі қайшылықтардың жойылып,саяси, эканомика жағынан нығаюы.

Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.Асан қайғы-Ұлығмұхамед,Жәнібек хандардың қасында болып, мемлекет ісіне араласқан, ықпалды бектерінің бірі.

Асан қайғының утопиялық таным түсінігі мен ортағасырлық Еуропадағы утопияның ерекшелігі.

Арнау толғауларының әлеуметтік мәні.



2.

Қазтуған жырау.

Қ.Сүйінішұлы –ұлттық әдебиетіміздің төл басының бірі.Қазтуған –жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры-«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі.

3.

Доспамбет жырау.

Доспамбет- ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау. Доспамбет шығармаларының тақырыптары,құрылысы, көркемдік ерекшелігі.

4.

Шалкиіз жырау.

Жыраудың өмірбаяны. Жыраудың толғауларында «бұқарашылдық тенденциясының» көрініс табуы.

Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдері. Шалкиіз тудырған нақыл- афоризмдерді Бұхардың үлгі етуі.Шалкиіз толғауларындағы жауынгерлік, ерлік рухы Махамбет поэзиясында қайталануы.



5.

ХҮІІғ. қазақ әдебиеті.

Жиембет пен Марғасқа жыраулардың шығармаларының Есім ханмен байланыстылығы.

Есім хан тұсындағы тарихи жағдай.



6.

Жиембет жырау

Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер. Арнау толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі. Толғаудың сыншылдық сипаты.

7.

Марғасқа жырау.

Марғасқа жырайһу (ХҮІІғ) –Есім ханның батырларының бірі,жырау.

8.

ХҮІІІғ. қазақ әдебиеті.

ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси –экономикалық даму жағдайы.Жыраулар шығармашылығындағында ерлік мәселелеріне елдік мәселелерінің қоса жырлануы.Жыраулар поэзиясының тақырыптық, көркемдік жанрлық жағынан толығуы.

9.

Ақтамберді жырау.

Ақтамберді толғауларындағы басты сарын- ерлікке, батырлыққа шақыру.Қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүддесі, көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі, мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы.

10.

Тәтіқара ақын.

Ақын өмірінен деректер. Тәтіқара ақын – қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын.

11.

Үмбетей жырау.

Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер , батырлардың ерлігі мадақталып, жырлануы.

12.

Бұқар жырау.

Бұқар жырау өмірі туралы мәлімет.Шығармаларының жиналуы, зерттелуі

Арнау толғауларының орны. Бұқардың өзіндік шеберлігі.



13.

Қожаберген жырау

Жырау өмірінен мәлімет. Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері

14.

Көтеш ақын

Жырау өмірінен деректер.Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары.

15.

Шал ақын

Шал ақынның өмірінен мәлімет. Ақын шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері,сатиралық сипаты.,лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.

  2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989

  3. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.

  5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.

  6. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  7. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  8. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991

  9. Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.


Ќосымша:

10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.



13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет