Пән бойынша оқыту бағдарламасының титулды парағы (Syllabus)



Дата28.01.2018
өлшемі181,85 Kb.
#34327

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титулды парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті
Тарих және құқық факультеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

пән бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)
«Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар» пәні бойынша
5В050200 Саясаттану мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар


1 Оқытушы туралы мәлімет:
Артықбаева Гүлжан Тұрыспекқызы – «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибе)

Кафедрадағы қабылдау уақыты: дүйсенбі 11.00 – 11.30, кабинет № 517



Кіріспе

«Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар» пәні 5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналған міндетті компонент пәні болып табылады. Осы пәнді игеру «Саясаттану» мамандығы студенттерін қазіргі әлемдік дамудың негізгі тенденцияларымен таныстыруға, оның қозғаушы күштерін көрсетуге, жаңа халықаралық жағдайдың отандық және батыстық еңбектерде бейнеленуін ескере отырып қалыптасу үрдісімен таныстыруға арналған.

Студенттердің оқитын саясат теориясына қосымша саясаттың әлеуметтік ролін жетік меңгеруде қосар үлесі зор. Студенттердің пәнді меңгеру барысы аудиториялық және өз бетінше оқып үйрену бөлімдерінен тұрады. Осы пәнді толық меңгеру үшін ұсынылатын 15 тақырып шеңберінде келесі сұрақтардың мазмұнын ашып, игеру қажет. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі мен олардың қарастырылатын беттері қоса берілген.
1 Тақырыптар тізімі
Тақырып 1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар зерттеу объектісі ретінде

«Әлемдік саясат», «халықаралық қатынастар», «сыртқы саясат», «геосаясат», «қауіпсіздік», «қақтығыс», «тоқырау» категорияларының арақатынасы. Халықаралық қатынастардың табиғаты. Мемлекет халықаралық қатынастардың басты акторы ретінде. Халықаралық қатынастардың негізгі мәселелері.

Халықаралық қатынастардың заңдылықтары. Күш және билік халықаралық қатынастарды негізгі реттеуші құралы ретінде. Халықаралық қатынастар теориясы әлеуметтік-саяси ғылымдар құрылымында.

Халықаралық қатынастарды зерттеу әдістері. Халықаралық қатынастарды зерттеудің ресми және бейресми әдістері. Статистикалық әдістер. Халықаралық қатынастардағы жағдайлар мен үрдістерді үлгілеу ерекшеліктері. Тарихи суреттеу және саяси суреттеу әдістері. Қолданбалы әдістер.



Ұсынылған әдебиеттер: [9, 6-14 бб.]
Тақырып 2 Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат мәселелері әлеуметтік-саяси ойдың тарихында

Ежелгі дүниедегі саяси ойдың сыртқы саяси концепциялары. Қайта өрлеу және Жаңа заман саяси ойындағы халықаралық қатынастар туралы реалистік көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Халықаралық саясаттың либералды концепциясының генезисі. Марксизм және халықаралық қатынастар.

Халықаралық қатнастарды теориялық жағынан ұғынудың концептуалдық негіздері. Классикалық бағыттар: (Н.Макиавилли, Т.Гоббс, Э.Деваттель, К.Клаузевиц). Идеалистік бағыт: (Ф.де Виториа, Г.Гроций, И.Кант). Саяси идеализм. Либералдық интернационализм.

Г.Дж.Моргентаудың саяси реализмі.



Ұсынылған әдебиеттер: [3, 25-38 бб.]
Тақырып 3 ХХІ ғасырдағы мемлекеттер жүйесі және оның жаңа сипаттамалары

Халықаралық жүйелердің тарихи түрлері және оның қазіргі түрінің қалыптасуы. Қазіргі халықаралық қатынастардың ұғымы мен мәні. Мемлекеттер және ұлттық мемлекеттер. Ұлттық мемлекеттер және империялар. Жүйе ішілік қарама-қайшылықтардың өсуі. Өалықаралық қатынастардың мемлекеттік емес субъектілері. Шағын мемлекеттер мәселелері. Мойындалмаған мемлекеттер. Мемлекетаралық бірлестіктердің ролі. Халықаралық ұйымдардың мәні. Көпұлтты корпорациялар және әлемдік саясаттағы трансұлттық мүдделер.



Ұсынылған әдебиеттер: [11, 14-20 бб.]
Тақырып 4 Биполярлықтың құлдырауынан кейінгі халықаралық құрылым. Халықаралық құрылымның қазіргі концепциялары

Биполярлықтың құлдырауының негіздері және оның нәтижелері. Халықаралық қатынастар табиғатының қазіргі құрылымын талдау критерийлері. Көпполярлы және биполярлы құрылымдардың мықты және әлсіз тұстары. К. Дойч пен Д. Сингердің, Дж. Гэддис пен К. Уолцтың көзқарастары. «Аралас құрылым»теориясы (А.Тонак). полярлықтың қазіргі концепциялары. Қазақстанның сыртқы саяси артықшылықтарын қалыптастырудағы халықаралық қатынастардың қазіргі құрылымын талдаудың ролі.



Ұсынылған әдебиеттер: [1, 45-54 бб.]
Тақырып 5 Демократизация 90 жж. әлем-жүйелік өзгерістердің факторы ретінде

90 жж. халықаралық жүйе мемлекеттерінің ішкі эволюциясы факторлары. Құндылықтар конвергенциясы және оның шектері. «Шығыс – Батыс» өзара идеялық-стратегиялық қарсыласуының құлдырауының себептері мен ерекшеліктері. «Шынайы демократизациялану» мен жалпыға ортақ либералды-демократиялық нормалар арасындағы қарама-қайшылықтар. Демократизацияның жалпы әлемдік салдары. Демократизацияның аймақтық ерекшеліктері (Шығыс Еуропа, бұрынғы КСРО, Оңтүстік Африка, Латын Америкасы, Азия).

Демократизация мен ішкі саясат және халықаралық тұрақтылық мәселелері. Халықаралық қоғамның әлемдік қоғамға айналуы концепциясының қазіргі анықтамалары.

Ұсынылған әдебиеттер: [1, 58-66 бб.]
Тақырып 6 Әлемдік саясаттағы сепаратизм мен интеграция

Ұлттардың өзін-өзң анықтауы және оның 90 жж. Түсіндірілуі. Ұлттар мен мемлекеттер: идентификация қақтығыстары. Өзін-өзі анықтау үрдістерінің халықаралық тұрақтылық мәселелерімен өзара байланысы. Халықаралық қауымдастықтың жеке мемлекеттердегі өзін-өзі анықтау үрдістерін реттеудегі ролі. Жаңа мемлекеттерді мойындаудың критерийлері және шарттары. Интеграция халықаралық қатынастардың ғаламдық тенденциясы ретінде, оның қақтығыстықты тежеудің құралы ретіндегі ролі және шектеулілігі. Қазіргі замандағы интеграциялық тенденциялардың перспективалары.



Ұсынылған әдебиеттер: [11, 47-55 бб.]
Тақырып 7 Қазіргі халықаралық қатынастардағы «Үшінші әлем»

Экономикалық ғаламдану тұрғысынан Солтүстік пен Оңтүстіктің бөлінуі мәселесі. «Модернизация» және «тәуелділік» концепциялары. Либералды экономикалық тәртіпті құру талпыныстары және «Үшінші әлем». Көпжақты бірлестіктер негізіндегі Солтүстік пен Оңтүстік диалогы. Даму мәселесінің қазіргі кездегі жағдайы. Дамудың демографиялық аспектілері. Халықаралық миграцияның саяси аспектілері. Дамудың технократиялық үлгісі және «Үшінші әлем» ресурстары мәселелері. Халықаралық қауіпсіздіктің табиғатты қорғау аспектілері. «Тұрақты даму» ұғымы және концепциялары.



Ұсынылған әдебиеттер: [12, 89-97 бб.]
Тақырып 8 Әлем-жүйелік реттеудің жаңа құралдары. Халықаралық қатынастардағы күш қолданудың моральдық шектеушілері. Қазіргі халықаралық қатынастардағы интеллект және құқық

Дипломатия мен дипломатиялық механизмдердің қазіргі ролі. Әлем-жүйелік реттеудің негізгі органдары. БҰҰ және «Жетілік тобы». Қазіргі замандағы реттеудің параллельдік құрылымдарының қалыптасуы. НАТО-ның әлемдік тәртіпті реттеудегі ролі. Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды аналитикалық қамтамасыз ету. Аналитикалық ұсыныстарды жасау бойынша халықаралық орталықтар. «Үшжақты комиссияның» қызметі. Рим клубы. Давостағы бүкіләлемдік экономикалық форум. Қазіргі халықаралық қатынастардың гуманитарлы аспектілері. Адамның әмбебап құқықтары және оларды қорғау. Әйелдер құқықтары және қазіргі гендерлі мәселелер. Аз топтардың құқықтары. Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың құқықтары мәселелері. Мәдени құқықтар. «Мәдени плюрализм» және «мәдени-ұлттық автономия» концепциялары.



Ұсынылған әдебиеттер: [12, 48-58 бб.]
Тақырып 9 Әлемдік саясаттағы қазіргі Батыс

Алып мемлекеттердің әлемдік саясаттағы ролі. АҚШ - экономика, саясат және әскери салаларда әлемдік көшбасшы. Германия - Еуропадағы экономикалық және саяси көшбасшы. Францияның, Ұлыбританияның, Италияның халықаралық қатынастардағы ролі. Трансатланттық қатынастардың трансформациясы. Еуропалық Қауымдастық интеграцияның жаңа кезеңінде. Шенген аймағы. ЕО-дағы бейтарап мемлекеттердің позициялары.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері қазіргі халықаралық саясат үрдісінде.

Халықаралық қатынастарының Батыстық және Батыстық емес секторлары. Көшбасшылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері. Американдық көшбасшылықтың перспективалары. Халықаралық қатынастардағы жаңа әлеуметтік және саяси даму модельдері. Полицентризм моделі. “Мондиализм”, “еуропацентризм”, “еуразиялық”, “исламдық фундаментализм” доктриналарының идеологиялық теке-тіресі.



Ұсынылған әдебиеттер: [9, 28-39]
Тақырып 10 Қауіпсіздіктің жаңа түрлері және халықаралық қақтығыстықтың бастаулары

Қауіпсіздік түсінігі. Қауіпсіздік түсінігінің тарихи эволюциясы. Қауіпсіздік принциптері. Халықаралық, аймақтық, ұлттық және ғаламдық қауіпсіздік түсініктері. Ұжымдық қауіпсіздік мәселелері.

Ғаламдану және халықаралық қауіпсіздік. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі ұстанымдары мен компоненттері. Халықаралық қауіпсіздіктің деңгейлері: жеке, топық, ұлттық, халықаралық.

Еуроатланттық аймақтың қауіпсіздігіне төнетін ядролық қатерлер. Қауіпсіздіктің аймақтық деңгейдегі жаңа дәстүрлі емес аспектілері. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі МАГАТЭ-нің ролі. Үрейлендіру ядролық қаруды қолданудың алдын алудың маңызды элементтерінің бірі ретінде. Күшті және әлсіз елдердегі қауіпсіздіктің ерекшеліктері.



Ұсынылған әдебиеттер: [13, 78-85 бб.]
Тақырып 11 Қазіргі халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік тәртіптері

Қауіпсіздік түсінігінің 90- жылдардағы эволюциясы. Американдық дәстүр. Еуропалық дәстүр. Экологиялық, әлеуметтік, энергетикалық қауіпсіздік. Мәдени қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздік. Ұйымдастырылған қылмыс. Халықаралық терроризм мәселесі.

Ұлттық қауіпсіздік концепциясының анықтамасы. Ұлттық мүдде. Ұлттық қауіпсіздік қатері. Қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның ұсыныстары. СВМДА - даму кезеңдері, мүше және бақылаушы елдер. ШОС. ОДКБ.

Ұсынылған әдебиеттер: [13, 89-94 бб.]
Тақырып 12 Халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар

Үкіметаралық ұйымдар, қызметі, әлемдік саясаттағы орны мен ролі. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО және т.б. Экономикалық ұйымдар мен топтар. Әлемдік экономикалық нарық және халықаралық экономикалық ұйымдар, олардың ерекшеліктері. Аймақтандырылу мәселесі. Мемлекетаралық аймақтық бірлестік түрлері: ЕО, НАФТА, АТЭК, ОАЕ, ОЭС және т.б. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі. БҰҰ-ның жаңаруы. БҰҰ қазіргі әлемде: пәрменділік мәселесі. БҰҰ-ның комитеті, Халықаралық сот жаңа жағдайларда. ЕҚЫҰ-ның жаңа функциялары. Қауіпсіздіктің еуроатлантикалық сипаты. Еуропа Кеңесінің кемсітпеушілк мониторингы, демократиялық институттардың қақтығыстардан кейінгі аралықта әрекетін дамыту, “жас демократияларға” қолдау көрсету салсындағы қызметі.

НАТО өзгеріп жатқан әлемдік саясат жағдайында. НАТО әлемдік саясаттың шынайы факторы және еуропалық және әлемдік қауіпсіздіктің кепілі ретінде. НАТО құрамы мен ықпал ету аймағының ұлғаюы: геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуы. НАТО және Ресей: қатынастар мәселесі. Интерпол және Еуропол. Интерполдың халықаралық қылмыспен күресі. Еуропол аймақтық ұйым ретінде.

Ұсынылған әдебиеттер: [9, 88-105 бб.]
Тақырып 13 Халықаралық саясаттағы қару-жараққа бақылау орнату және қарусыздану мәселесі

Қару-жараққа бақылау орнатудың жолдары, құралдары және әдістері. Халықаралық құқықтың нормалары. Тыйым салынған қару-жарақтың түрлерін өндіру мен сақтау жөнінде ақпараттармен өзара және жедел алмасу. Жаңа өзгерістер мен қорғаныс технологиясын жетілдіру. Технология және қазіргі кезеңдегі ӘӨК (ВПК) дағдарысы: Батыстағы, Ресейдегі және Қазақстандағы жағдайларды салыстырмалы талдау. Әскери технологиялар және қос мақсатты технологиялар - қақтығыстық потенциал.

Ресей, Қазақстан және ТМД-ның басқа да елдерінің НАТО елдерімен әскери-саяси байланыстарының тереңдей түсуі. ПРО, ДНЯО, ДВЗЯИ, ОВСЕ.

Ұсынылған әдебиеттер: [9, 106-115 бб.]
Тақырып 14 Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің қалыптасуы

БАҚ және әлемдік саясат. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас кеңістіктік-уақытша инфрақұрылымның сипаттамасы. Мәдени және ақпараттық ғаламдану. Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістік. Коммуникацияның ғаламдық жүйелері. Интернет және әлемдік торап www (World wіde web) - адамзатқа ықпал жасаудың құдіретті құралы. Ақпараттық төңкеріс. “Ақпараттық соғыстар”. Постиндустриалды қоғамның ақпараттық қоғамға трансформациялануы.

Бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдік саясатқа ықпалы. БАҚ-тың халықаралық саяси қатынастар саласындағы экспансиясы. Әлемдік экономиканың өзгеру процесіндегі қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы ақпараттық-насихат қызметтердің, телевидения мен телевизиялық компаниялардың ролі.

Ұсынылған әдебиеттер: [10, 58-67 бб.]
Тақырып 15 Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы

Ресей әлемдік саясатта. Ресейдің геосаяси жағдайы. Ресей және Батыстың-“дәстүрлі емес қатерлердің” маңызын бағалаудағы әртүрлі тәсілдері. Ресейдің билік етуші элитасының ролі. Террорлық актілер. Ресей Еуропа кеңесінде. Ресейдің ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтасуының модельдері.

Еуразиялық интеграция және ТМД. Еуразиялық геосаяси және экономикалық кеңістік. Еуразиялық кеңістіктің дезинтеграциясы және реинтеграциясы.

Қазақстан еуразиялық өркениеттің ядросы ретінде, геосаяси ұқсастығы, геоэкономикалық ортақтығы, посткеңестік кеңістіктегі тепе-теңдік пен қауіпсіздіктің кепілі. Еуроатлатикалық және еуразиялық аймақтардағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту шаралары.



ЕАО және ТМД-дағы интеграциялық процестер.

Ұсынылған әдебиеттер: [1, 11-18 бб.]

2 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:


  1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. Алматы: Қарасай, 2006

  2. Жамбылов Д. Саясаттану : оқулық – Өзгерiссiз 4-басылымы – Алматы : Жетi жарғы, 2008

  3. Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия. 1-бөлім. 1918-1939жж. Алматы, 1997

  4. Нұрмағамбетов Ғ. Саясаттану негіздері : оқу құралы – Қарағанды :ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, 2011

  5. Нұрымбетова Г. Саяси iлiмдер тарихы : оқу құралы – Алматы : Бiлiм, 2008

  6. Нұрымбетова Г.Р Салыстырмалы саясаттану : оқу құралы – Алматы : ҚазҰПУ, 2007


Қосымша:


  1. Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану – Павлодар : ЭКО, 2006

  2. Нұрымбетова Г.Р. Саясаттану пәнiн оқытуда интерактивтi әдiстi қолдану : оқу құралы – Алматы : Өнер, 2008

  3. Ланцов С. А. Мировая политика и международные отношения. СПб., 2006.

  4. Моргентау Г. Международная политика. // Антология мировой политической мысли: В 5 т. М., 1997.

  5. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М., 1998.

  6. Валлерстайн И. Анализ мировых систем и ситуаций в современном мире. СПб., 2001.

  7. Коновалов А. А. Новые вызовы национальной и международной безопасности // Современные международные отношения и мировая политика. М., 2004. С. 334-406.



Құрастырушы: Артықбаева Г.Т.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет