Пән: Физика Курс, топ



Дата06.02.2020
өлшемі24,13 Kb.
#57240
Байланысты:
37 сабақ
1 курс 2 топ АС 27.01.2020, физика 34 сабақ, физика 34 сабақ, 01 МҚБағдарламалау ОТС, 37 сабақ, 37 сабақ, 38 сабақ, 38 сабақ, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 40 физика ВЕТ
Сабақты өткізу жоспары №37
Күні: 04.02.2020 ж.

Пән: Физика

Курс, топ: 1 курс 2 топ «Ветеринария»._

Тақырыбы: Лабораториялық жұмыс №15 Өткізгіштің меншікті кедергісін өлшеу.

Сабақтың түрі: тәжірбиелік сабақ

Өткізу әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы ой қозғау.

Мақсаттары, білімділік: Өткізгіштің меншікті кедергісін өлшеу туралы түсінікті студенттердің өздігінше қалыптастыруына бағыттау.

Дамытушылық: Студенттердің жеке ой қабілеттерін дамыту, белсенділік пен қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Геометрия. Информатика

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, оқулық.

Сабақты өткізу барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен сәлемдесу, түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.



II. Техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж: Дәрісханада құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпау.

Зертханалық  жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы НҰСҚАУЛЫҚ. 

Жұмыс барысындағы қауіптер: 

1.   Жұмысты істер алдында. 

1) Сақ және тәртіпті болыңдар, оқытушының  айтқанын бұлжытпай орындаңдар. 2) Жұмысты істер алдында, жұмыстың барысымен танысыңдар.

3) Оқытушының рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.

2.   Жұмыс барысында: 

1) Жұмыс үстеліндегі құрал-жабдықтарды оқытушының нұсқауына сай орналастырыңдар. 

2) Жұмыс үстелінің үстінен зертханалық жұмысқа керексіз заттарды алып тастаңдар. 3) Құрал-жабдықтардың құлап немесе ауытқып кету қауіпінен сақ болыңдар. 4) Сымдарды жалғау барысында олардың ашық түйіскен жерлерінен сақ болыңдар,сымдарды берік жалғаңдар.

5) Сыртқы беті бүлінген сымдармен жұмыс жасамаңдар.

6) Электр сымдарын жалғау барысында олардың тоқ көздеріне қосылмағандығына көз жеткізіңдер Жұмыс аяқталған соң құралдарды бастапқы орындарына апарып қойыңдар. 

7) Тізбектің дұрыс жалғанғандығына оқытушыны көз жеткізбейінше, оны тоқ көзіне қоспаңдар.

8) Электр қондырғыларының бұзылғанын көрсеңдер оны тоқ көзінен ажыратып, бұл жайлы дереу оқытушыға айтыңдар.

3.  Жұмыс аяқталған кезде 

1) Жұмыс аяқталған соң электр құралдарын тоқ көзінен ажыратып, сымдарды ажаратыңда 2) Құрал-жабдықтарды белгіленген орындарына ақырын қойыңдар.

3) Жұмыс орынын оқытушының рұқсатынсыз тастап кетпеңдер. 
III. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:

1.Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясын құрудағы ғалымдардың тәжірибелері туралы баяндау.

2.Классикалық теориясының негізгі қағидаларын тұжырымдау.

3. Электролиттердегі электр тогы?

4. Фарадейдің электролиз заңы?


5. Фарадейдің бірінші заңы?

6. Фарадейдің екінші заңы?

7. Металдарда еркін электрондар қалай пайда болады?
IV. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау:

Лабораториялық жұмыс №12 Өткізгіштің меншікті кедергісін өлшеу.



V. Атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстыру:

1. Жеке жұмыс

2. Нұсқау қағазы бойынша тапсырмаларды орындау.

3. Сұрақтарға жауап береді.



VI. Студенттерді тәжірбиелік жұмысқа дайындау (сабаққа қатысты теориялық білімдерін тексеру, бұрын алған білімдерін жандандыру т.с.с):

1.Амперметр тізбекке қалай қосылады?
2. Амперметрдің шартты белгісі қандай?
3. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?
4. Янтарь сөзі қандай мағына береді?
5.«Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым?
6.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым?

Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның   ұзындығына тура пропорционал,  көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатынын тағайындады.  Георг Ом өткізгіштің кедергілері қандай факторларға тәуелді екенін тәжірибе жүзінде көрсетті  Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал, яғни  Сондықтан, өткізгіштегі материалдың өлшемдері(ұзындығы) үлкен болса, ондағы тоқ аз болып, кедергінің   көрсеткіші үлкен болады. Бұл анықтамадан Ом заңын ескеру  міндет.   Өткізгіштің көлденең қимасының ауданы, яғни оның жуандығы аратқан сайын, тоқ күші де артатынын байқауға болады. Бұл – өткізгіштің көлденең қимасының ауданы үлкен болғанда оның кедергісінің азаятынын, ал тоқ күшінің артатыны білдіреді.   Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал, яғни  Өлшемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан дайындалған өткізгіштердің кедергісі бірдей емес. Өткізгіштің кедергісі оның материалына байланысты, яғни  «Меншікті кедергінің» физикалық шамасы ρ  әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі -  «Ом *метр». Өлшеуіш құрал – «Омметр»      
VII. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі:

Жұмысты орындауға арналған нұсқаулық. 

1.Сымның ұзындығын l өлшеп кестені толтырады.

2. Сымның диаметрін d штангенциркуль көмегімен өлшеп, ауданының қимасын формула арқылы табады:  

3.Сызба бойынша электр тізбегін құрастыру.  

4.Реостатты жылжыта отырып, тізбектегі ток күші және кернеудің көрсеткіштерін кестеге жазу.

5.Ом заңының формуласы арқылы кедергіні табу:  ,  

6.Өткізгіштің меншікті кедергісін арқылы тауып, шешімін кестеге жазу.  

7.Өткізгіштің меншікті кедергісінің орташа мәніні есептеп шығару: ρорт= ( ρ1  +  ρ2  +  ρ3)/3.
VIII. Студенттердің іс - әрекетін бақылау, қажетті нұсқаулар беру:

Тапсырмалардың орындау сапасын қадағалау, жеке тапсырма жұмыстардың атқарылу деңгейін анықтау, білімгерлердің сұрақтарына жауап беру.



IX.Студенттердің жеке жұмысын бақылау:

Біткен студенттердің тапсырмаларын тексеріп, анықтама бере отырып, бағалар қою.

Орындалған жұмыстарды пысықтау, Студенттердің меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

X. Қорытындылау, бағалау:

Тақырыпқа анықтама бере отырып, сабақ барысындағы жұмыстарға шолу, мақсаттарын орындау дәрежесін көрсету тәсіліне қарай бағалау.



XI. Үй тапсырмасы: Өткізгіштердің аралас жалғануын ауызша мазмұндау.

Пайдаланылған әдебиеттер: Б.Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев, Алматы: Мектеп 2014ж. Физика 10-сынып.

Жоспарды құрған оқытушы:_________Бекназарова А.О.


Тексерген: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алибаев Е.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет