Конструктор режимін пайдаланып жасаған формаларды редакциялау. Редакциялау кезінде саймандар тақтасының мүмкіндігін толығымен (максималды) қолдану;
байланысқан кестелер үшін көпкестелі форманың бірнеше вариантын жасау;
бұл формаларды Шебер (Мастер) және Конструктор режимдерінде жасау;
барлық жасалған формаларға мәндер енгізіп, енгізілген мәндерді түзетіп жұмыс жасау.
Лабораториялық жұмыс 6-8 сабаққа есептелген. Access мүмкіндіктерін игеру барысында жоғарыда айтылған форма жасаудың барлық тәсілдерін жасап шығу керек.
1 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріңіз.
Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Формаға аспаптар тақтасындағы Жазба (Надпись) батырмасының көмегімен мәтін орналастырыңыз (мысалы, «Бағдарлама кешенін жасаған 10-шы сынып оқушысы Ахметов К.»).
Жанама меню көмегімен форманың фон түсін өзгертіңіз.
Формаға орналастырған мәтін үшін оның қарпін, қаріп мөлшерін, қоюлығын, мәтін түсін, фон түсін қалауыңызша тағайындаңыз.