Пән: Менеджмент негіздері Күні



бет1/2
Дата10.12.2021
өлшемі152,97 Kb.
#78751
  1   2
Байланысты:
07.09.2020 Менеджмент негіздері


Пән: Менеджмент негіздері

Күні: 07.09.2020 ж.

Тақырыбы: Қазіргі менеджмент

Мақсаты: Баскару, баскарудың жаңа түрлерін, құрылғыларға, қыземтіне және басқарудың даму жүйесіне, әдістеріне және басқарылатын әртүрлі мәселелердің шешудегі қарым-қатынасының бары туралы ғылыми мағлұмат беру.

Оқытушы: Асылғазина Ақерке Мұратқызы

e-mail: erke_m93@mail.ru

Жоспар:
  • Кіріспе
  • Менеджмент ұғымы
  • Ғалымдардың көзқарастары
  • Басқарудың мектептері,түрлері
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды бөлім
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Менеджмент — дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұлталассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т. б.) басталған мезетте пайда   болды.

Басқару практиқасы, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісіне жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уағында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасыныд болғандығын дәлелдейді.

Үлкен Клод пен кіші Джордтың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5000 мың жыл бұрын, шумерлер сына жазуды (клинописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады.

Көне египеттіктер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерт-кіштер қалдырадьь Онда әңгіме басқару туралы болады- Осы-дан 4 мың жылдай бұрын жазылған «Птаххотепа үйретуі» кі-табында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпа-ған мынадай ойлар айтылады: «Егер сец басшыболсанбайсал-ды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сезін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мә-селесін дүрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштсті шерін тарқатқанды жөн санайды».

Басқарудың теориясы мен практикасының дамуын қарастыра отырып, бірнеше тарихи кезеңдерді атап өтуге болады.

1.Етре кезең б.з. д. 9-7 мың жылдан ХVIII ғ.

2.Индустриялық кезең (1776-1890 ж.).

3. Жүйелеу кезеңі (1856-1960 ж.).

4. Ақпараттық кезең (1960ж.-қазіргі кезге дейін).

Басқару- өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттігі пайда болды. Дегенменен , басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. 20 ғасырға дейінгі кезеңдерде жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20 ғ-дың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірбиесін ешбір басшы өз тәжірбиесінде қолданған емес.

Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебініңөкілдері Ф. Тейлор және Х. Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.

Ф.Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты. Тейлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:

-қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;

еңбекке мамандандыру;

— еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану;

-жауапкершіліктің әділетті арттырылуы. Л.Гилбреттер микрохрономерт ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді.

Г. Эмерсон өз еңбегінде «Өнімділіктің 12 қағидасы» деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:

-әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған мақсат;

-болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;

-білікті кеңе беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;

-нақты белгіленген ереже мен тәртіпке бағыну;

қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;

— дер кезінде әрі сенімді есеп беру;

-ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;

— көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;

-уақыт, күш-қуат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу;

-операциялар көрсеткішін жасау;

-ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;

-еңбек өнімділігіне арттыру үшін сыйақы төлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет