Пән мұғалімі: Абдразақова Ардақ Өтегенқызы Күні: 28. 11. 2013 Сыныбы: 7



Дата29.03.2017
өлшемі56,92 Kb.
#12613
Пән мұғалімі: Абдразақова Ардақ Өтегенқызы

Күні: 28.11.2013

Сыныбы: 7 «Е»

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: өздік еімдігінің түрленуі

Мақсаты: білімділік – оқушыларға өздік есімдігі жөнінде мәлімет беру, алған теориялық білімдерін практикада қолдану;

дамытушылық – оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту,ой қорыту, талдау жұмастарын жүргізе отырып білімдерін бекіту;

тәрбиелік – сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау элементтерін пайдалана отырып, проблемалық әдіс, сұрақ - жауап, жаттығу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақтада әзірленген көрнекілік, кестелер,слайдтар.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Оқушыларды ретте келтіріп тізімдеу. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.



Үйге берілген тапсырманы сұрау. ( есіңе түсір қайталау сұрақтары)

1.Сөз табы дегеніміз не?

2. Қанша сөз табы бар?

3. Есімдік дегеніміз не?

4. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Сұрау есімдігі дегеніміз не?

6. Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
Үй жұмысын қорытындылау. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты.( сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған).

Кімді айтса, сол келер. ( сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалғанда, кім дегеннің өзі адам ұғымы атауының орнына қолданылған).



Жаңа сабақ. Өз есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі көбінесе тәулдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады.
Өздік есімдігінің септелу үлгісі


септік

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

А.

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

І.

өзімнің

өзіңнің

өзіңіздің

өзінің

Б.

өзіме

өзіңе

өзіңізге

өзіне

Т.

өзімді

өзіңді

өзіңізді

өзін

Ж.

өзімде

өзіңде

өзіңізде

өзінде

Ш.

өзімнен

өзіңнен

өзіңізден

өзінен

К.

өзіммен

өзіңмен

өзіңізбен

өзімен

Өздік есімдігінің жіктелуі


Жақ


өзім

өзің

өзіңіз

өзі


І. Мен

біз


өзіммін

өзімізбіз



өзіңмін

өзіңбіз


өзіңізбін

өзіңізбіз



өзімін

өзіміз


ІІ. сен

сендер


сіз

сіздер


өзімсің

өзімсіңдер

өзімсіз

өзімсіздер



өзіңсің

өздеріңсіңдер

өзіңсіз

өздеріңсіздер




-

-

өзіңізсіз



өздеріңізсіздер

өзісің

өзісіңдер

өзісіз

өзісіздер




ІІІ. ол

олар


өзім

өзің

өзіңіз

өзі

Ал, енді балалар тақырып бойынша жаттығу жұмысын жүргіземіз.

Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Жас ұлан өзі үшін бүкіл дүниені аядай сезінер.

Ақылды, адамгершілігі мол адам өзіне- өзі сені, жұртқа байыппен және ешбір күдіксіз қарайды.
«Кім жылдам» көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қою.

1топ

1.Кісі елінде сұлтан болғанша,

... еліңде ұлтан бол!

2.Отанға опасыздық еткенің,

... түбіңе жеткенің

2 топ

3. ... өзі білген ер бақытты,

өзін ... билеген ер бақытты.

4. ... өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алға қала бердің

3 топ

5. Ел – елдің бәрі жақсы,

... елін бәрінен жақсы.

6. ...- тәңірі, табынамын өзіме.

Сөзім құран, бағынамын сөзіме
«Іске асыр» кітаппен жұмыс, 88- жаттығу

Төмендегі есімдіктерді мағыналарына қарай топ- топқа ажыратып жазу.

Ешкім, бәрі, әлде қашан, мен, сен, ол, сіз, сіздер,біз,бұл, сол, анау, сонау, мынау біреу, кейбіреу, бірдеме, ешкім, ешқашан, өз, өзің, қайда,әркім, кім,қандай, барша, бүкіл.

«Құрастыр» есімдіктерді пайдаланып, шағын әңгіме немесе өлең жолдарынан мысалдар келтіру.

Нәтиже сабақ.

1.сілтеу есімдігін тап 2. сұрау есімдігін тап

а) барлық, күллі а) ешқандай, дәнеме

б) біраз, кімде – кім б) бару

в) біздер, олар в) кім,не

г) бұл, сол г) айтар


3. жіктеу есімдігін тап 4. өздік есімдігі бар тіркесті тап

а) жер, ауа а) шөптің басы

б) біреу,үшеу б) ел ырысы

в) ол,біз в) өз заты

г) ара, сол г) жарық күн
5.табыс септігіндегі сөзді тап 6.барыс жалғауында тұрған өздік есімдігін

а) келді тап

б) балалы а) өзіңе

в) кетті б) өзі

г) отынды в)өзіміз

г) өзіңмен



Үйге тапсырма: есімдік түрлері бар ақын – жазушылардың өлеңдерінен үзінділер жазып, жаттап келу.

Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет